ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ | Скачать Материал
Кейс әдісі
1. Әдістің тарихы
2. Кейс әдісін ұйымдастыру және қолдану
3. Кейс әдісін қолданудың нәтижелері
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Болашақтың іргесін бірге қалаймыз атты Жолдауында Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс. Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз, деп атап көрсеткені баршаға мәлім.
Қазіргі кезде білім саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар білім алушыларға сапалы білім беру мақсатында түрлі белсенді әдістерді қолдануда. Өйткені ұстаздың мақсаты ‒ әрбір болашақ маман иесіне сапалы білім беру, оның әр жақты дамуына мүмкіншілік жасау, білім алуға деген қызығушылығын арттыру.
Кейс әдісін қолданудағы оқытудың табысты болуы модератор жұмысына байланысты. Оның негізгі мақсаты ‒ тыңдаушылар бір командада жұмыс істеуге үйреніп, дерек көздерінің тапшылығына қарамастан, тез арада шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру. Ашық пікірлер алмасу арқылы, әрбір қатысушының өз қабілетін, ортақ мәселелер шешуге қолдануына жағдай жасау. Оқытушы өзінің іс жобасын жүзеге асыру барысында сабаққа қатысушының атқаратын әрекеттерін: сарапшылық, аналитиктік және экспериментаторлық істер атқаруына мүмкіндік жасау. Кейсті жүзеге асыру әдістемесі: модератор талдауға алынатын жағдаятты түсіндіреді, соны шешуге қатысты барлық пікірлерді жинақтайды, соларды белгілі бір реттілікке сәйкес сараптап, топтап, сыныптап, бағалап отырады.
Әдістің тарихы
1. Кейс-стади (ағыл. Case-study ‒ уақиға, жағдаят және зерттеу) ұғымы нақтылы жағдаятты талдау әдісі деп атауға болады. Ол оқыту кезінде де, нақтылы практикалық істерді талдауда да, зерттеу ісін жүргізуде де қолданылады. Кейс — әдісі білім алушылардың оқуға қызығушылқтарын арттырады және тұлғаның келешек маман ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Бұл әдіс оқушы тарапынан нақтылы мәселені шешуге қажетті шығармашылық қабілетін дамытуды қажет етеді және оның ой-өрісінің бейнелі көрінісі болып табады. Оқытушы да сол әдіске байланысты өзінің өмірдегі жағдаяттарды талдау мен бағалауға байланысты қабілетін де көрсетеді және жетілдіреді. Яғни екі тараптан да ойлау мен шығармашылық қабілеттері еркін ашылады.
Кейс әдісі алғаш рет Гарвард университетінде 1870 ж. дәріс беру барысында студенттер арасында мәселені кеңінен талқылау мақсатында қолданыла бастады. Оқытушы студенттер назарына әртүрлі нақтылы қайшылықты жағдаятты ұсынады. Және де соның бірнеше шешімін табу міндетін қояды. Бұл әдіске байланысты алғашқы оқулықты 1921 жылы Гарвардтық бизнес-мектебінің деканы Волос Донамның белсенді араласуымен Коупленд жарыққа шығарды.
Кейс әдісі — нарықтық экономикада және әлеуметтік жағдайларды суреттеу арқылы, оқу барысында қолданылатын оқыту техникасы деп түсінуге де негіз бар. Жағдай (кейс) деп — ұжымдағы, қоғамдағы қандай да бір нақты шынайы жағдайдың жазбаша түрде берілуін айтуға болады. Мысалы, кәсіпорынның құрылуы, оның дамуы, бизнестегі табыстары мен қиыншылықтары және т.б. Білім алушылар ұсынылған жағдайды талдап, мәселенің маңызын түсіндіріп, шешу жолдарын көрсетеді және олардың ішінен ең тиімдісін таңдап алулары тиіс. Осы талдау барысында білім алушылар, өздерінің алған білімдерін ұтымды пайдалана алады. Ал ұстаздың міндеті, осы кейс әдісін қолдану барысында, оқушылардың белсенділігін бақылап, барлығының қатысуын қадағалауы керек. Сонымен қатар, білім алушылардың талдауына берілетін кейстің түсінікті және пән тақырыптарына сай болуы өте маңызды. Кейс әдісі, оқытудың басқа технологияларына қарағанда күрделі жүйе. Кейс әдісін қолдану барысында оқытушының іс-әрекеті екі кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезеңде оқытушы кейсті (жағдайды) таңдайды. Соған қажетті сұрақтар әзірлейді. Бұл іс шығармашылық жұмыс болып табылады. Таңдалған жағдаят дәріс тақырыбы мен мазмұнына сәйкес келуі керек. Осы тұрғыдан кейс мазмұнының мақсаты мен оған қол жеткізудің міндеттері анықталады.
Екінші кезеңді оқытушы дәрісханада жүзеге асырады. Бұл кезеңнің өзі кейске кіріспе; жағдайдың шағын топтарда талдануы; пікірталас және қортынды шығару. Кез-келген пән мазмұнын талдау барысында қаралатын мазмұнның қисындылығы ғана емес, оның психолгиялық ерекшеліктеріне де қараудың маңызы өте зор.
ХХ ғасырдың 80-90 жылдары кейіс әдісін дүниежүзі бойынша, соның ішінде КСРО-да да қолдана бастады. Әсіресе экономикалық пәндер бойынша кеңінен қолданылды. Сол кезеңнен бастап бұл әдісті құрастыру мен ендіруде Г.А. Брянский, Ю.Ю. Екатеринославский, О.В. Козлова, Ю.Д. Красовский, В.Я. Платов, Д.А. Поспелов, О.А. Овсянников және т.б. үлкен үлес қосты.
2. Кейс әдісін ұйымдастыру және қолдану
CASE STUDY әдісі бойынша қалыптасатын қабілеттер:
1. Аналитикалық қабілеттер. Оларға: деректердің мәліметтерден айыру шеберлігі, маңызды және маңызды емес ақпараттарды айыра білу, талдау, елестету және оларға қол жеткізу, жетіспейтін ақпаратарды тауып, оларды қалпына келтіру шеберлігі және т.б жатқызуға болады. Нақты және қисынды ойлау қабілеті. Бұл әсіресе, ақпарат сапасы төмен болған жағдайда өте маңызды.
2. Тәжірибелік қабілеттер. Кейстік зерттеуге өмірдің өзінен алынатын өмірлік жағдаяттарды талдау әдістермен салыстырғанда, оқыту барысында пайдаланылатын басқа әдістер бас-аяғы нақтыланған теорияларға, әдістер мен принциптерге сүйенетін болғандықтан соңғылардың күрделілігі төмен.
3. Шығармашылық қабілеттер. Кейде мәселе CASE-тің бір ғана ережесі арқылы шешіле бермейді. Мұндайда бұрынғы дағдылы қисынды жолымен шешілмейтін, альтернативті шешу жолдарын табу (генерация) барысында шығармашылық қабілетті пайдалану өте маңызды. Осындай қабілетті жинау негізінде келешек маман ойы қиыншылықтардан шығу жолдарын тауға барынша бейімделеді.
4. Коммуникативтік қабілеттерге пікірсайыстарды (дискуссияларды) пайдалану шеберлігі, озі ұсынған пікірге өзгелердің көзін жеткізе білу жатады. Көрнекі материалдарды және басқа қажетті деректер мен құралдарды қолдану — топтарға бірлесу, өз көзқарасын қорғау, оппоненттердің көзін жеткізу, қысқа нақты есеп даярлау.
5. Әлеуметтік қабілеттер. CASE-тік мәселелерді талқылау барысында, оған қатысушы адамдар өзін-өзі бағалау әдебіне, өзгені тыңдай білу дағдысына, пікірсайыстар кезінде бір пікірді қолдау немесе оған қарама-қарсы пікірдің қателігін дәлелдеу шеберлігіне, солармен бірге жұртшылық алдында өзін-өзі дұрыс ұстауға және т.б. әлеуметтік дағдыларға қалыптасады.
6. Өзін-өзі саралау қабілеті. Кейістік жағдаяттарды талдау кездерінде туындайтын пікірталастар келіспеушіліктер мен ортақ пікірлерге келу үдерістерін туындатады. Сол кездерде өзгенің ойын тыңдай білу мен адамның өз пікірін өзгелерге жеткізе алу қабілеттері ашылады. Адам өзінің ойын өзгелерге қалай жеткізе алғандығын немесе ондай қабілетінің жетіспей жатқан жақтарын аңғарып үйренеді. Сондай кездерде туындаған моральдық-этикалық мәселелер мен оларды шешу нормалары адамның мінез-құлықтық дағдыларын және адамның әлеуметтік салиқалылығын қалыптастырады.
Кейс әдісін қолдану оқытудың даяр білімнді оқушыға жеткізумен ғана шектелмейді. Бұл әдіс ең алдымен зерттеу әдісі ретінде белсенді қолданылады. Сонымен қатар, кейс әдісі оқу, білім жинақтау және ізденіс мазмұнын біріктіру арқылы oқытушының кәсіптік құзыреттілігін жоғарылатудың нақты тәсілдерінің бірі болып табылады.
Бұл әдістің тиімді бір жағы оның басқа оқу әдістерімен оңай ұштаса алатындығында.
Кейс-стади әдісінің категориялық аппараты
Әдістің категориялық аппаратын құру оны қолдану тиімділігін бірталай арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар оқу үдерісіндегі технолизациялау әдісі үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Кейс-әдісте қолданылатын негізгі ұғымдар жағдай, талдау (анализ) және солардан туындайтын — жағдайды талдау ұғымдары болып табылады.
Төменгі № 1 кестеде кейс әдісін қолдану кезінде пайдаланылатын әртүрлі талдау әдістері көрсетілген.
№ 1 кесте.
Кейстік әдісті қолдану кезінде пайдаланылатын қосымша әдістер.
Талдаудың басты түрлері
Талдаулардың жалпы сипаттамалары
Талдаулардың нақтылы түрлері
Проблемалық талдау
Проблемаларды атап көрсету, проблемалық өріс ашу (құру). Олардың сапалық жіктелуі (квалификациясы).
1. Жағдайдың проблемалық мазмұнын талдау.
2. Жағдайдың проблемалық шарттарын талдау.
3. Жағдайдың проблемалық нәтижесін талдау.
Жүйелік талдау
Күрделі құрылыстың құрылымдық және функциялық жақтарынан сипатталатын объектінің ішкі бірлігі жағынан қарастыру.
1. Дескриптивті талдау: нақтылы құрылымның ішкі бірлігі негізінде оның элементтерінің функциялары қалыптасады.
2. Конструктивті талдау анықталған функциялар негізінде жүйе құрылымы анықталады.
Праксеологиялық талдау
Қызметтік үдерістерді оңтайландыру (оптимизациялау) тұрғысынан қарастыру.
1. Қызметтерді оңтайландыру жолдарын талдау.
2. Қызметті алгоритимизациялау және үлгілеу.
Прогностикалық талдау
Жағдайдың болашақ дамуына қатысты болжауды қалыптастыру.
1. Нормативтік-прогностикалық талдау: жүйенің болашақ күйі берілгенде және болашаққа жетудің мүмкіндіктері анықталғанда жүзеге асады.
2. Ізденістік-прогностикалық талдау: болашақтың жағдайын анықтаудың трендттік үлгілері, модельдері құрылып пайдаланылады.
Оқытуды ұйымдастыру әдістері жүйесіндегі кейс әдісі
Кейс әдісінің маңызды ерекшелігі, оның басқа әр түрлі оқыту әдістерімен тиімді үйлесуі болып табылады. Олар № 2 кестеде келтірілген.
№ 2 кесте.
Кейс әдісінің өзге зерттеу әдістермен үйлесімділігі.
Кейс-әдісімен үйлесетін әдістер
Кейс-әдіснің іс жүзінде пайдаланылуының сипаты
Үлгілеу
Талданатын жағдайдың үлгісін құруға көмектесу.
Жүйелі талдау
Жағдайды жан-жақты талдауға және ұсыныстардың жан-жақты толық болуына негіз болу.
Ойша тәжірибе
Жағдай туралы білімді ойша түрлендіру арқылы түсінікті тереңдету.
Сипаттау әдістері
Жағдайдың сипатын құру нәтижесінде оны қабылдап түсінуді жеңілдету.
Проблемалық әдіс
Жағдайдың негізінде жатқан түйінді мәселелерді көрсету, шешу жолдарын ұсыну.
Жіктеу әдісі
Жағдайды құрастыратын қасиеттер мен тараптардың реттелген тізімін жасауда көмектесу.
Ойын әдістері
Жағдайға қатысы бар субъектілердің жүріс-тұрысының, мінез-құлқының, іс-әрекеттерінің нұсқаларын ұсыну.
Ми шабуылы
Жағдайға қатысты ойларды көбейту, іске қосу (генерациялау).
Пікірталас
Түйінді мәселе және оны шешу жолдары жайлы көзқарастармен алмасу.
№ 2 кестеде көрсетілгендей, білім беру үрдісін ұйымдастырудың әр түрлі әдістері кейс-әдіспен сәтті үйлесуі мүмкін. Кейс-әдістің осындай жан-жақтылығы оның өмірдің әртүрлі жағдайларында пайдалану мүмкіндіктерін де кеңейтеді.
Кейс-стади әдісін пайдалануды қажет ететін топтар мен жағдаяттар:
1) өмірдің өзінен алынған түйінді, проблемалық жағдаяттарды дұрыс таңдау кезінде оқытушының өмір тәжірибесі және сондай жағдаяттар туралы білімділігі анықталады;
2) білім беру мен тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне байланысты туындайтын жағдаяттар;
3) ғылыми зерттеу іс-әрекеттерін атқару жағдайларындағы жағдаяттар.
Кейс-стади әдісін пайдаланудың осы көрсетілген түрлері нақтылы зерттеу барысында, талданатын жағдайлардың мазмұндарына байланысты өзара байланысты болып келеді. Сондықтан олар таза күйінде кездесе бермейді.
Кейстің қисындық құрылымы:
Кейстердің көптүрлілігіне қарамастан олардың бәріне ортақ қисынды құрылымы болады. Олар:
1) жағдайлар: дағдылы уақиғалар; кездейсоқ жағдайлар; түйінді мәселелер; өмірдің өзінен алынған шынайы уақиғалар;
2) жағдайдың контексттері: хронологиялық; тарихи; нақтылы жердегі уақиғалар мен олардың туындау себеп-салдарлары; соларға қатысушылар мен олардың ерекшеліктері;
3) жағдайға түсініктеме беру;
4) кейс сұрақтары мен тапсырмалары.
5) қосымшалар.
Кейсті құрастыру сатылары:
1) білім беру жүйесіндегі кейстің орнын анықтау;
2) кейсте талданатын жағдаяттың қандай әлеуметтік институтқа қатысы бар екендігін анықтау;
3) модельденетін жағдайдың әртүрлі жақтарына сипаттамалар беру;
4) қосымша ақпараттарды жинау;
5) соңғы мәтінді даярлау;
6) кейстің тұсаукесер-талқылауын ұйымдастыру.
Кейспен жұмыс істеуді ұйымдастырудың нұсқалары өте көп. Бұл оқытушының шығармашылық қабілетін ашу үшін үлкен мүмкіндік береді.
Біздің курста кейстік әдісті қолданудың ең жалпыланған қисындық үлгісі қаралады. Бұл оның нақтылы пәндер мен тақырыптарда қолданудың ортақ негіздерін, яғни оның жалпы танымдық құндылығын көрсететін болады.
Сабақты ұйымдастыру сатылары
Кейс-стади арқылы жүзеге асатын сабаққа даярланудың және оны жүзеге асырудың кезеңдері бар. Соларды нақтылау бұл әдісті пайдаланудың тиімділігін арттырады. Олар төмендегідей.
I. Кейс-әдісін даярлау сатысы екі кезеңге бөлінеді:
1) кейс-стади мәтінін даярлау сатысында жүргізілетін істер:
‒ курстың қандай бөлімінде немесе тақырыбында кейс-стади негізінде сабақ жүргізу қажеттігін анықтау;
‒ кейс әдісінің сабақ жүргізудің басқа қандай әдістерімен үйлесімді екендігі пысықтау;
‒ кейс-сатди әдісін қолдану кезінде бірлескен іс-әрекеттің неге керек екендігі туралы дәлелдеме құру;
‒ кейстік талқылауға қатысушылардың қайсысы қалай араласа алатындығы туралы бастау-негіздерді көрсету;
‒ талдауға қатысатындарға нақтылы рөлдер даярлау.
2) кейс-стади өткізілетін топты даярлау сатысы кезінде атқарылатын істер:
‒ кейс-стади мәтінін тыңдаушыларға алдын ала таратып, олардың мәтінді өздігінше түсініп, қажетті сұрақтарға жауап дайындауына уақыт беру;
‒ тыңдаушылар сабақ басталғанға дейін кейс-стади мәтініне байланысты сұрақтары болса соларға сұтаз тарапынан жауаптар алуға мүмкіншілік жасау;
‒ тыңдаушылардың кейс-стади материалдарына байланысты қызығушылық деңгейін анықтау.
II. Нақтылы топта кейс-стади әдісін жүзеге асыру сатысы
Бұл сатының негізгі міндеті: белгілі бір мәселелені шешуге арналған кейс-стади әдісін пайдалануды сабақ кезінде ұйымдастыру. Ол үшін тыңдаушылардың үлкен тобы кішігірім топтарға бөлінеді. Ал кейде әр тыңдаушы жеке-жеке болуы да мүмкін.
Тыңдаушылар оқытушы белгілеген уақыт көлемінде сұраққа топтық (немесе жекеше) жауап дайындау үшін уақытша кішігірім топтарға бөлінеді. Әрбір кішігірім топтарда (басқа топтардан тәуелсіз) жауаптар жасалып, олар өзара салыстырулар, оларды өңдеу істері жүргізіледі. Солардан кейін сол шешімдерді жалпы топ алдында көрсету-тұсаукесер жұмысы рәсімделеді. Кейде жеке бір көзқарас та арнайы дәлелденеді. Әрбір топта шешімді жеткізетін жетекші ‒ спикер таңдалады (немесе тағайындалады). Әдетте, егер кейс сауатты құрылған болса, онда топтардың шешімдері өзара сәйкес келмейді. Топтардың спикерлері топтардың ортақ шешімдерін басқаларға таныстырады және сұрақтарға жауап береді. Оқытушы жалпы пікірсайысты (дисскусияны) ұйымдастырады және бағыттайды.
3. Кейс әдісін қолданудың нәтижелері
Кейс-стади әдісімен оқытудың бірнеше мақсаттық нәтижелері болады. Олар:
I. Талдау … жалғасы