Джеймс Гринвуд | өмірбаяны

0

Джеймс Гринвуд (ағыл. James Greenwood; 1833—1929) — британ жазушысы және журналист.Ол  — шағын қызметкер отбасында дүниеге келген. Бұл болашақ жазушы он бір ағайынды болған. Үш еркек ағайынды — Фредерик, Джеймс және Уолтер типографияда теруші болып жұмыс істегеннен кейін бағынышсыз өмірлері басталады. Бірнеше жылдан кейін Фредерик және Джеймс газетте қызмет жасайды, Уолтер болса туберкулёзбен ауырып, жинақ кассасында қайтыс болады.

Соңында Фредерик едәуір ақша жинап, үлкен бір газеттің редакторы болады. Джеймс көкейтесті тақырыптар жазатын журналист әрі әдебиетші болады. Ол — Pall Mall Gazette және Daily Telegraph газеттерінде жұмыс жасайды. XIX ғасырдың 60-70 жылдары Гринвудтың есімі Англияның лондондық түнейтін үйлері туралы очерктер сериясы арқасында жақсы танымал болды. Очерктер лондондық кедейлер оналасқан қала бөлігін ұзақ зерттеулерден кейінгі ойлар арқылы жазылған(Гринвуд бір кездері сол аймақтарда түнеп, қаңғыбастармен бірге болған). Редактор Гринвудтың осы ашулардан кейінгі жарияланымдар арқасында газет тиражы екі есеге өсті. Көп кешікпей очерктер басқа газеттерде жарияланып қоғам арасында үлкен жаңғырық орын алды.

Гринвуд бұдан басқа көркем шығармалар да жазды. Олардың айтарлықтай бөлігі теңіз өміріндегі әзіл-оспақ повестер мен жасөспірімдер романы. Ол тақырыпқа байланысты  шығармалардың бірі Даниэля Дефоның «Робинзон Крузоның оқиғасына» ұқсас «Борнео аралындағы даяктардың тұтқынында он жеті жыл мен төрт ай болған Робин Дэвиджердің оқиғасы» (1869). Гринвудтың келесі шығармалар топтамасы жануарлар жайлы әңгімелер мен повесттерден тұрмақ. Мысалы, «Өздер айтып бергендей, жеті орман төртаяқтылар оқиғасы» (1865).

Дегенмен Гринвудтың ең үлкен шығармалар топтамасы әңгімелер, очерктер, повестер және лондондық қала кедейлер мекендеген қайыршы, қаңғыбас, жұмыссыз, қолөнершілер, фабрика жұмысшылары мен бағусыз балалар жайындағы романдардан тұрады.