Алматылықтар смартфон арқылы соттаса бастады

0

Енді сот тыңдауына келмей-ақ, қашықтықтан смартфон арқылы сот тыңдауын өткізуге болады.

Алматының Медеу аудандық сотында «TrueConf» мобильді қосымшасының көмегімен бір азаматтық іс қашықтықтан қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл «SMART сот» деп аталатын пилоттық жоба. Сот тыңдауына келмей-ақ, қашықтықтан смартфон арқылы сот тыңдауын өткізуге болады.

«Сотқа арыз беруші өзі басқа жерде болғанына қарамастан сот отырысына видеотрансляция арқылы қатысты. Аталған мобильді видеоконференция байланысы ыңғайлы, сотқа барып-келуге жұмсалатын уақыт пен жол шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді», – деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Тараптардың видеоконференция арқылы өткен сот отырысына көңілі толды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz