Көз жанарын қалай күту керек?
Массагет оқырмандары да көз жанарына жанашыр болып, көру қабілетін қастерлей білсін деген ниетпен тақырыпқа сай бірнеше факт ұсынамыз.
«Сәбіз же, көзің жақсы көретін болады» деген сөзді барлығымыз бала күнімізде үлкендерден көп естіген болармыз. А дәруменіне бай сәбіздің денсаулыққа тигізер пайдасы шаш етектен екенін ешкім жоққа шығармайды. Дегенмен, дәлі көз жанарын жақсартады деген ақиқатқа қарағанда, аңызға жақынырақ. Бұл сөз Екінші дүниежүзілік соғыстың сарқыты. Неміс бомбалаушысы түнде ұшқыштарды қалт жібермей көретін жаңа радары болғанын жасыру үшін, сәбізді көп жегеннен жақсы көретін болдым деп жалған айтқан.
Әлемде адамдардың 2%-ы ғана жасыл көзді болады, бұл ең сирек кезедесетін көз түсі.
Бүкіләлем адамдарының 1% бөлігінде оң жақ пен сол жақ көзінің нұрлы қабығы екі түсті болады.
Көздің салмағы небары 7 грамға тең, ал көз алмасының диаметрі 24 мм.
Орта есеппен алғанда бір жылда әйелдер 47 рет, ер адамдар жеті-ақ рет жылайды. Сағат 18.00-20.00 аралығында 77% үйде, 40% жалғыздықта көз жасын ерік береді. Адам барлығы дерлік жылғаннан жеңілдеп қалады.
Көз түсі жанардың нұрлы қабығында болатын меланин пигментінің санына байланысты. Меланин аз болса, көз түсі көк, жасыл, сұр болады, ал көп болса, қара, қоңыр, ашық қоңыр түсті болады.
Адам орта есеппен төрт секунд сайын көз жыпылықтатады. 12 сағаттың 25 минутында көзін ашып-жұмады.
Әйелдер еркектерге қарағанда екі есе көп көз жыпылықтатады.
Адамның жоғарғы және төменгі кірпіктерін есептегенде 150-ге жетеді.
Сәбилер барлығы бірдей ашық-сұр көзбен туады, екі-үш жылдан кейін ғана өз көзінің түсі қалыптасады.
Дереккөз: Reactor
http://inform.kz