Екі ұл, бір қыз: Астанада үшем дүниеге келді

0

Үшем дүниеге келген отбасы егіздерді тәрбиелеп отыр

АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Елорда биылғы жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Нәрестелер № 3 перинаталды орталықта өмірге келген.

«19 ақпанда кесар тілігі арқылы бірнеше минут айырмашылығымен үшем дүниеге келді. Екі ұл мен бір қыздың салмағы 2 149 грамм, 2 290 және 2 020 грамм», — дейді перинаталды орталық дәрігерлері.

Айта кетейік, үшем дүниеге келген отбасы егіздерді тәрбиелеп отыр.



sputniknews.kz