Назарбаев үкіметтің жаңа құрамын бекітті
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің жаңа құрамын бекітті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президенттің 25 ақпанда шығарған жарлығымен Әлихан Смайлов премьер-министрдің бірінші орынбасары — қаржы министрі қызметіне тағайындалды.
Гүлшара Әбдіхалықова мен Жеңіс Қасымбек премьер-министрдің орынбасарлары болып тағайындалды.
Бейбіт Атамқұлов — сыртқы істер министрі, Нұрлан Ермекбаев — қорғаныс министрі, Ерлан Тұрғымбаев — ішкі істер министрі қызметіне тағайындалды.
Бердібек Сапарбаев — еңбек және әлеуметтік қорғау министрі, Руслан Дәленов — ұлттық экономика министрі, Күләш Шәмшидинова — білім және ғылым министрі, Сапархан Омаров — ауыл шаруашылығы министрі, Роман Скляр — индустрия және инфраструктуралық даму министрі, Дәурен Абаев — ақпарат және қоғамдық даму министрі, Марат Бекетаев — әділет министрі, Елжан Біртанов — денсаулық сақтау министрі, Арыстанбек Мұхамедиұлы — мәдениет және спорт министрі, Асқар Жұмағалиев — цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Қанат Бозымбаев — энергетика министрі болып тағайындалды.
Бұған дейін Назарбаев Асқар Маминді елдің премьер-министрі етіп тағайындаған. Өткен аптада Назарбаев «экономиканың сапалы өсіміне қажетті ынталандыру жасамады және халықпен жұмыс істей алмады» деп үкімет жұмысын сынағаннан кейін Бақытжан Сағынтаев басқарған министрлер кабинеті тараған болатын.