Назарбаев үкіметтің жаңа құрамын тағайындады
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Президент Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің жаңа құрамы туралы қаулы шығарды
АСТАНА, 25 ақпан — Sputnik. Бүгін Қазақстан үкіметінің жаңа құрамы белгілі болды. Бұл туралы президент Назарбаевтың қаулысы Ақорданың ресми сайтында жарияланған.
Конституцияның 44-бабы 3-тармағына сәйкес Елбасы қаулы еткендей, келесі министрліктердің басшылары тағайындалды:
- Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының қаржы министрі;
- Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі;
- Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі;
- Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі;
- Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі;
- Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова — Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі;
- Бердібек Машбекұлы Сапарбаев — Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
- Руслан Ерболатұлы Дәленов – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі;
- Марат Бақытжанұлы Бекетаев – Қазақстан Республикасының әділет министрі;
- Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
- Сапархан Кесікбайұлы Омаров — Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі;
- Елжан Амантайұлы Біртанов – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі;
- Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі;
- Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев – Қазақстан Республикасының цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
- Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев – Қазақстан Республикасының энергетика министрі.
Бұл жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
sputniknews.kz