Өзбекстан астанасын Мирзиеевтің туған жеріне көшіру ұсынылды
Жаңа астананы даңқты қолбасшы Әмір Темірдің құрметіне Темуркент деп атау ұсынылды.
Өзбектің 75 жастағы жазушысы, Эврил Турон деген творчестволық псевдониммен жазатын Мамадали Махмудов өзінің соңғы эссесінде Өзбекстан астанасын көшіруді ұсынды. Эссе мәтінін УзА ақпарат агенттігі жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz CA-NEWS-ке сілтеме жасап.
Жазушы елдің әкімшілік орталығын қазіргі президент Шавкат Мирзиеевтің туған жері –Жизақ облысына көшіру керек деп санайды. Өйткені бұл жер Өзбекстанның орталығында орналасқан, ал қазіргі астана Ташкент республиканың шет аймағында тұр.
«Ташкент қайда? Өзбекстанның шалғай аймағында. Халық облыстардан Ташкентке келу үшін мол қаражат пен көп уақыт жұмсайды. Бұл ақшаға зауыт-фабрикалар түгілі, қалалар салуға болар еді «, – дейді Махмудов.
Оның сөзінше, Жизақ елдің барша азаматтары үшін ыңғайлы жерде орналасқан.
«Ташкенттегі көптеген ескі үйлерді бұзып, орнына заманауи ғимараттар салуға мәжбүр боламыз. Құрылыс жүргізу үшін ондағы халықты басқа жерге көшіре тұру керек, бұл да үлкен шығындарға әкеледі. Ал жаңа жерден қала тұрғызып, халықты сол дайын жерге көшіру миллиардтаған доллар үнемдеуге жол ашады «, – деген жазушы мысал ретінде Қазақстанның Астанасын келтірді.
Махмудов жаңа астананы даңқты қолбасшы Әмір Темірдің құрметіне Темуркент деп атауды ұсынып отыр.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz