ІІД атауын Полиция департаменті деп өзгертуге 66 млн теңге жұмсалмақ

0

Маңдайшаларды ауыстыру керек екен.

Ішкі істер департаментінің атауын полиция департаменті деп өзгертуге қала бюджетінен 66 млн теңге жұмсалады, деп хабарлайды Zakon.kz informburo.kz тілшісіне сілтеме жасап.

«Ішкі істер департаменті өз атауын полиция департаменті деп өзгертті. Осыған байланысты маңдайшаларды ауыстыру қажеттігі туындайды, көлік құралдарын қайта тіркеу және басқа да шаралар қажет. Бұған 66 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді», – деп хабарлады қаланың стратегия және бюджет басқармасының басшысы Ілияс Үсеров.

Сондай-ақ, «102» қызметінің операторлары санын арттыру үшін Алматы бюджетінен тағы 80 млн теңге бөлінбек, деп қосты шенеунік.

2018 жылдың 16 қазанында ҚР Үкіметі Ішкі істер министрлігіне қарасты мемлекеттік мекемелер – жергілікті органдардың атауын өзгерту туралы қаулы шығарған болатын.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz