Қазақстанда бірқатар мемлекеттік органның ресми сайты уақытша жұмыс істемейді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Демалыс күндері 13 мемлекеттік органның ресми сайты бірнеше сағат бойы жұмыс істемейді

АЛМАТЫ, 23 ақпан – Sputnik. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 13 мемлекеттік ұйым мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайты интернет қолданушылары үшін уақытша қолжетімсіз болатынын хабарлады.

Мемлекеттік органдардың интернет-ресурсының істен шығуына телекоммуникациялық жабдықта жоспардан тыс жүргізілетін жұмыс себеп болып отыр.

Ресми сайттар бүгін кешкі 21:00-ден ертең түскі сағат  13:00-ге дейін жұмыс істемейді.

Осыған байланысты төмендегі интернет-ресурстар уақытша істен шығады:

  • «Электронды үкімет» порталы;
  • «Мобильді үкімет» қосымшасы;
  • «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры;
  • «Тауарларды таңбалау» сервистік бағдарламалық өнімі;
  • «Монополист» базасы сервистік бағдарламалық өнімі;
  • Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар министрлігінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы конституциялық кеңесінің сайты.



sputniknews.kz