Қазақша реферат: Банк ісіндегі бәсеке туралы қазақша реферат
Әдетте бәсеке деп белгілі бір нарықтағы заңды тұлғалар арасындағы қарсыластықты айтады. Теорияға сәйкес ол – қарсыластың сол нарықтағы сатып алушылар мен сатушылардың санына, сондай–ақ олардың операцияларының ауқымына байланысты анықталады. Егер де біз банктік бәсеке туралы айтсақ, онда оның еркін нарықтағы бірқатар белгілерін қарастыруға болады.
Бірінші белгісі – капиталдар нарығында қаржылай қызмет көрсететін көптеген қаржылық институттардың болуы.
Екінші белгісі – әрбір нарыққа қатысушыларда толық ақпараттар көлемінің болуы. Онсыз ол әрекетін дұрыс таңдай алмайды.
Үшінші белгісі – барлық қатысушылардың нарыққа шығарылатын қаржылық өнімдерінің (депозиттер, несиелер және басқа да қызметтер) бірыңғайлығы.
Төртінші белгісі – ешбір қатысушы басқа қатысушылардың қабылдаған шешімдеріне ықпал ете алмайды.
Бәсекелестік кез келген істе керек және ол еркін нарықта тиімді. Бәсекелестік бар жерде кез келген қызмет тиімді болады, өнімге немесе қызметке деген баға төмен және тұтынушыларға тиімді. Осыған байланысты банктік капиталы неғұрлым мол шоғырланған ақша нарығыңдағы қарыздар бойынша пайыздар, аз шоғырланған нарық қарағанда, жоғары болуы тиіс; сөйтіп тиісінше, банктің табысы да соғұрлым жоғары болады деген қорытынды туады. Әйтсе де, банк ісіндегі бәсекелестікті зерттеу нәтижесі мұндай болжамдардың болу мүмкіндігін сөзсіз құптамайды.
Зерттеулердің біреуі банктердің қөп болған сайын пайыз деңгейі соған сәйкес төмендейтінін көрсетсе, басқалары. Керісінше, яғни банктердің шоғырлануымен несие үшін пайыздық мөлшерлеме деңгейі арасындағы байланыс әлсіз екенін көрсетеді.
Тәжірбиеде ірі банктер майдаларға қарағанда жинақ салымдары бойынша жоғарырақ пайыз төлейді, қарыз бойынша төменірек пайыз алады.
Ірі банктердің ірі клиенттерге қарыз беруі кішігірім банктердің ұзақ– түйек қарыз берулеріне қарағанда азырақ тәуекелге барып, әрі елеусіз шығындар жұмсауымен байланысты болады. Сонымен қатар, ірі банктерде мерзімді салымдардың салмақты бөлігі ірі депозиттік сертификат нысанында болып табылады, олар бойынша басқарушылық шығындар көлемі шамалы және салыстырмалы түрде жоғары пайыздар төлейді. Ірі банктер ынталылырақ болады және олар банк қызметінің жаңа салаларында жаңашылдар болып шығады өз активтерінің көп бөлігін несиелік операцияларға бағыттайды.
Әлемдік банктік индустрия 60–жылдардың соңынан бастап біршама өзгерістерді басынан өткізді. 70–80 жылдары белсенділік көрсеткен бәсекелестік бірқатар факторлармен шарттастырылады.
Біріншіден, банктік индустрия интернационалдану тенденциясына ие болды. Бұл шетелдік бәсекелестік нарықтарға өзара енуіне әкелді, нәтижесінде жалпы нарықта ерекше көрінген ақшалай банктермен болады. Осында пайда болған шетелдік банктер жаңа банктік қызметтер, жаңа мәдениет т.б. тәрізді клиенттердің сұраныстарын қанағаттандыруға қатысты қызметтердің түрлерін өздерімен бірге ала келді.
Екіншіден, салымдардың салықтық жүйесін өзгертетін дәстүрлі капиталдардың жаңа нарықтары ашылды. Банктердің пассивтерінің үлкен бөлігі дамып келе жатқан банкаралық нарық, бағалы қағаздардың әр түрлерін шығару мен сатуды.
Үшіншіден, банктік индустрия оны банктік заңдылықтар тарапынан тежеуге қарамастан көптеген елдерде дифферсификациялана бастады. Банктер – бантік емес операциялар сферасына еніп, маңызы бойынша әмбебап несиелік мекемелер болды. Банктердің бөлек типтері арасындағы шекараның ашылуы – банктер арасында ықпал ету сферасы үшін бәсекелестікті нығайтты.
Төртіншіден, өткір бәсекелестіктің көрінісінің бірі болып ақша нарығына жұмыс істеп тұрған қаржылық мекелердің акцияларын құру, не сатып алу жолымен өзіне жаңа несиелік және есеп айырушылық, инвестициялық, т.б. операцияларды игерген банктік емес қаржылық– несиелік мекемелер мен ірі қаржылық корпорациялардың басып кіруін атауға болады.
Бесіншіден, бәсекелестік банктік қызметтегі жеке тұлғаларға қызмет көрсету бойынша да өсе түсті. Жинақ және қарыздық банктердің ынтасы бойынша жүргізілетін салымшылардың қаражаттарын тиімді тарту олардың коммерциялық банктермен бэсекелестігін шиеленістіре түсті. Олар салымшылардан жауап алу үшін халық қолма–қол бөлшекті қаржылық қызметтері әлде қайда кеңейтті, олардың сапасын жоғарылатты – бұл дегеніміз тұлғалық зайымдар, несиелік қаржыландыру, сақтандыру алғашқы және қайталанбалы кепілге салулармен операциялар, т.б. көптеген банктердің депозиттік қоймасының негізін, олар үшін басқа қаржылық институттармен қатал күрес жүріп жатқан клиенттердің аз табысты континенті құрайды.
Сонымен, қазіргі кезде банктік индустрия көбірек бәсекелестік қабілетті болды.
Әр түрлі қаржылық институттар арасындағы болған дәстүрлі ерекшеліктер тез өшірілуде. Бәсекелестердің көбі өз қызметін ұлттық шекара шеңберінен тыс жерлерге таратып глобальды көлемде қызмет ете алды. Бұдан басқа заң жағынан қойылатын шектеулермен ұсталынбайтын көптеген нарық субъектілері пайда болды, бұл бұларға бәсекелестік күресте сөзсіз артықшылық берді.
Біздің елде банктік жүйедегі өткір бәсекелестік туралы айту әлі ерте. Бізде банктер саны көп, бірақ олар әлі де бәсекелестікке қабілетсіз.
Банктік заңдарда, банктердің жарғылық қоры қандай көздерден құралғанына байланысты оларды: мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік, аралас және шетелдік банктер деп жіктейді.
Банктерді ұйымдастырудың акционерлік формасының ерекшеліктері мен артықшылықтары неде? «Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы» заңға сәйкес, біріншіден, акционерлік қоғам – бұл құрылтайшылардың (акционерлік қоғамының қатысушыларын құрылтайшылар дейді) меншік құқығын, Ұлттық банк берген лицензия негізінде шығарылатын акциялармен куәландырылатын заңды тұлға. Акционерлердің банк меншігіндегі үлесі мен табысы сатып алынған акциялардың санымен тікелей байланысты. Акционерлердің жауапкерлішігі тек сатып алынған акция сомасымен ғана шектелген. Егер банк банкротқа ұшыраса немесе өз қызметін тоқтатса, барлық кінә жеке акционерлерге емес, банкке қойылады.
Банкті басқаруда акционердің жауапкершілігі тек басқарманы сайлау мен жылдық жиналыстарда банк саясатына қатысты сұрақтар бойынша дауыс берумен шектеледі.
Банкті ұйымдастырудың акционерлік емес формасы (үлестік жарнама формасы) қатысушылардың меншік құқығын куәландыратын қандай да бір формалды куәлікті қажет етпейді.
Үлес қосушы банк қызметімен байланысты бар тәуекелді өз мойнына алады да, оның барлық міндеттері бойынша жауап береді. Банкрот болған жағдайда кінә банкке және де өзінің бар мүлкімен жауап беретін әрбір үлескерге қойылады.
Екіншіден, акционер өз акцияларын басқа тұлғаға бере алады. Бұл жерде банктің қызмет етуі жекелеген акционерлердің қоғамнан шығуына, біліксіздігіне банкроттыққа ұшырауына байланыссыз.