Қазақша өлең: Мәриям Хакімжанова (Бүгін)

0

Қазақша өлең: Мәриям Хакімжанова (Бүгін) казакша Қазақша өлең: Мәриям Хакімжанова (Бүгін) на казахском языке

Бүгін неге,
Әлде неге,
Жүрек соғып,
Тулайды?
Бүгін неге
Әлем жүзі,
Шаттанады,
Шулайды?
Бүгін неге, —
Куанғандай,
Күлімдейді,
Алатау?
Бүгін неге, —
Күрсінісіп,
Кайғыланды —
Қалың жау?
Бұл не жиын,
Бұл не той —
Кайыстырған
Жер жүзін.
Қызыл туы,
Лек -лек болып,
Қызартқандай
Күн көзін,
Қызыл тулы,
Қызыл жүлдыз.
Қызыл қыран —
Арыстан.
Қызыл канды,
Белден кешіп,
Талай жаумен
Алысқан.
Карсы алысты
Калың топ,
Тұс — тұсынан
«Уралап.»
Жаңғырықты
Жер мен көк,
Шартылдады
Шапалақ
Көк пен жерді,
Тебірентіп,
Музыка тұр, —
Сайраған.
Қосылады
Барабан,
Марш күйін,
Ойнатып.