Бейсенбі күні еліміздің бірқатар аймағанда тұрақсыз ауа-райы күтіледі

0

Кей өңірлерде тұман, көктайғақ болады.

Синоптиктер 14-ақпанға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, Қазақстанның басым аумағында антициклонның жотасы орналасқан, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың оңтүстігінің кей жерлерінде жауын-шашын, оңтүстік-шығысында – қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде республика бойынша тұман, көктайғақ болады, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 20-25, екпіні 30 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz