Курстық жұмыс: Экономика | Әлемдік сауда жалпы тенденциялар және Қазақстанның қатысуы
Мазмұны
Кіріспе
І. Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда
1.1 Халықаралық сауданың экономикалық мәні мен маңызы
1.2 Халықаралық сауданың қазіргі кездегі құрылымы мен саясаты
ІІ. Әлемдік сауда:жалпы тенденциялар және Қазақстанның қатысуы.
2.1. Дүниежүзілік сауда ұйымның құрылуы
2.2. Қазақстан экономикасының глобализациясы
2.3. Қазақстанның ДСҰ-ға кіру болшағы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың талаптарына сәйкес, біздің мемлекеттің әлемдік экономикаға жол салу үшін, халықаралық нарық заңдарына сай, Қазақстан экономикасының әлемдік ұйымда бәсекелестігін орнату, нақты, өлшенген стратегияны тауып, орналастыру мақсаты қазіргі кезде өзекті мәселелерлің бірі болып отыр. Қазақстан жылдар өткен сайын глобалдық экономикалық және саяси процестерге тартылып отыр. Біздің еліміздің қазіргі кездегі және болашақтағы дамуы әлемдік экономикадағы трендтермен және оның конъюнктурасымен анықталады.
Қазақстанда қайта құру басы деп аталған ашық экономиканы құру бағыты ең алдымен Батыспен тауарлы экономикалық қатынастарды, ол жақтан экономиканы модернизациялау үшін технология, несие, экспорттық тауарлар-шикізат-отын ресурстары ғана емес, сонымен қатар өнім өңдеу саласы соның ішінде ғылымды қажет ететін салаларға инвестицияларды алу болжалды. Бұл мақсат Қазақстанның сыртқы саясатын құру процесі барысында басты болды, яғни орталықсыздандыру және либеризациялау , саясаттық және институтционалды қамту болып табылады. Осы кезекте әлемшаруашылық қатынастардың жаңа глобалды құрылымын құру процесі, ол негізінен “уругвайлық” раундтық тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім (ТСБК) халықаралық саудада жалғасын тауып және тез дамуда. Қазақстанның осы процестен абстрактіленуі онсыз да қиын жағдайды қиындатуы мүмкін. Мемлекеттің экономикасында жүргізіліп жатқан реформалардың маңызды мақсаттарының бірі болып ДСҰ-ға кіру болып табылады. Осы проблемаға арналған курстық жұмыс болып табылады. Жұмыстың негізгі мақсаттары — ДСҰ қағидалары және механизмінде негізделген көпжақты жүйесінің жалпы анализі және Қазақстанның ДСҰ-ға кіру барысындағы болашағы мен проблемалар мінездемесі.
Бұл курстық жұмыстың барысында негізгі көздеген мақсатым, Қазақстанның сыртқы саясатындағы ерекшеліктерін, сыртқы саясат жүргізудеі негізгі бағытын жан-жақты анықтау арқылы ДСҰ-ға кіру процесі, проблемаларын көрсету болып табылды. ДСҰ-ға кіру біздің экономикамызға қандай кері және оң әсері бар екенін саралау нәтижесінде, осы ұйымға кіру қажеттігін анықтау болып отыр.
І Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда
1.1 Халықаралық сауданың экономикалық мәні мен маңызы.
Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстурлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүние жүзі елдерінің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды. Американ ғалымы Сакстың пікірінше «қандай да бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алмайды».
Халықаралық сауда — еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілері арасында пайда болатын байланыстардын нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі.
Ғылыми техникалық прогрестің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым- қатынасын күшейтеді. ХХ-ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен дамып келеді.
Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етті:
1. халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалдандырудын дамуы;
2. экономикада жана салалардың пайда болуына және негізгі капиталды жанартуға игі әсерін тигізген ғылыми-техникалық революция;
3. дүниежүзілік рыноктағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі;
4. тарифтер сауда туралы Бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;
5. Көптеген елдердің импортына кедергілердің жойылып кеден бажының төмендеп еркін экономикалық аймақтардын құрылуы;
6. Сауда экономикалық интеграция процестері дамып жалпыға бірдей рыноктардың қалыптасуы;
7. Сыртқы рынокка бейімделген экономикасы бар жаңа индустриялды елдердің пайда болуы;
Халықаралық сауда- дүние жузі елдері арасындағы төлемді жиынтық тауар айналымы.
Халықаралық сауда — халықаралық тауар ақша қатынастарының сферасы, ол әр түрлі елдердің сатушылары мен матып алушылары арасында жүреді. Халықаралық сауда әлемнің барлық елдерінің сыртқы саудасының жиынтығы болып табылады.
Халықаралық сауданың мәнін ашу үшін оның формаларын қарастыру қажет. Халықаралық сауданың формалары:
1 Аукциондар және аукциондық сауда;
2 Биржалық сауда;
3 Халықаралық көрмелер мен жәрменкелер;
4 Машиналар мен құрал- жабдықтар арендасы;
5 Қарама- қарсы сауда;
6 Шекаралық сауда;
Аукциондық сауда — нарықтық сауданың түрі, мұнда сатушы барынша пайда табу мақсатында аукционға қатысқан бірнеше немесе көптеген сатып алушылардың төлем қабілетінің негізінде өзінің ең жоғарғы денгейіне дейін көтеріледі.
Аукциондық сауда айналым шығындарын қысқарта отырып, әлемдік бағаларға жақын бағалармен сатуды қамтамасыз ете алады. Сонымен бірге тауарлардың өте көп мөлшерін сату және көптеген бәсекелес сатып алушыларды қатыстыру арқылы сатушы мен сатып алушыға қолайлы жағдай жасайды.
Тауар өндірісінің дамуы халықаралық айырбасқа көптеген тауар массаларын қатыстырады, осының нәтижесінде шикізаттын жекелеген түрлері бойынша турақты нарықтар стихиялы түрде пайда бола бастады.
Сауда процесінің жетілдірілуі бұл нарықтарды халықаралық биржаларға айналдырды, ең алғашқылары ХVІІ ғасырда Еуропада пайда болды.
Өндіріс пен нарықтың монополизациялануына байланысты еркін бәсеке кезінде шырқау шегіне жеткен биржалар өз мәнін жоғалта бастады. Биржалардың гүлденуі кезінде оларда тауарлардың 200 түрі айналыста жүрді, ал қазіргі кезде 60 турі ғана айналыста жүр. Биржаларда астық, қант, кофе, какао сияқты ауылшаруашылық тауарларының саудасы жүргізіледі, сонымен бірге оларда шикізат саудасының 20%- ке жуығы іске асырылады. Биржалық емес саудадағы бағалар биржалық бағаларға сәйкес түрде бейнеленеді.
Сонымен, биржалық сауда — биржалардың қатысуымен тауарлар мен бағалы қағаздардың сатылуы.
Негізінен биржалар коммерциялық делдалдар болып табылады, олар келісімдерге қатыспайды, бірақ олардың бекітілуіне ықпал етеді.
Биржалардың бірнеше турі бар:
1 тауар биржасы;
2 қор биржасы;
3 еңбек биржасы;
4 валюта биржасы.
Тауар биржасы- сапасы жағынан стандартқа толықтай сай келетін белгілі бір тауарларды сатып алу мен сату үшін ұйымдаскан нарықты қамтамасыз ететін сауда.
Мұнда сатуға келісілген тауарлар биржаға әкелінбейді. Бұл тауарлардың бар екенін олардың саны мен сапасын көрсететін құжаттар куәләндырылады.
Қор биржасы- таза іскерлік принципінде жұмыс істейді.
Валюта биржасы- бұл валюта нарығы.
Еңбек биржасы- жұмыс күшін жалдау кезінде кәсіпкер мен қызметкерлер арасындағы делдалдықты жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме.
Халықаралық көрмелер мен жәрменкелер — тауар үлгілерін көрсету нарығы, бұл жерде іскерлік келіссөздер жүргізіліп, контрактыларға қол қойылады.
Жәрменке- бір орында, белгілі бір мерзімде оқтын- оқтын отіп тұратын нарықтың түрі.
Машиналар мен жабдықтардың арендасы
Аренда — бұл жалгерлік шаруашылықты жүргізудің формасы. Мұнда жалға беруші мен жалгер арасында шарт негізінде жалгерге жерді, табиғат қорларын, кәсіпорындарды, олардың бөлімшелерін уақытша пайдалануға, сондай-ақ дербес шаруашылықты жүргізуге қажетті басқа да мүліктерді белгілі мерзімге тиісті ақысын төлетіп, иеленуге және пайдалануға береді.
Жалгерлікке халық шаруашылығының барлық саласында рухсат беріледі және мүлік жөніңде меншіктің барлық формалары мен түрлерінде қолданылады.
Жалға берушілер- меншік иелері атынан мүлікті жалға беруге өкілетті орындар мен ұйымдар болуы мумкін.
Жалгер — заңды құқықтық мекемелер және кәсіпорындар, шетелдік мемлекеттер, халықаралық ұйымдардың қатысуымен құрылған ұйымдар мен бірлестіктер және т.б.
Халықаралық саудада аренданың үш түрі қолданылады:
1 лизинг- ұзақ мерзімдік аренда (1 жылдан көп мерзімге дейін)
2 Хайринг- орта мерзімдік аренда (бірнеше айдан 1 жылға дейінгі мерзімге)
3 рейтинг- қысқа мерзімдік аренда (бірнеше күннен бірнеше айға дейінгі мерзімге)
Қарама -қарсы сауда- экспортталған тауардың жартылай немесе толық құнына экспортердің импортерден тауар сатып алатындығы туралы қарсы міндеттемесі.
Қарама -қарсы сауданың бірнеше түрлері бар:
1 Бартерлік келісімдер
2 Қарама- қарсы сатып алу келісімдері
3 Клирингтік келісімдер
4 Лицензиялық келісімдер
5 Компенсациялық келісімдер
Шекаралық сауда — сауда, төлем және жыл сайынғы карар туралы келісімнің негізінде көрші мемлекеттердің шекаралас аудандарының сауда ұйымдары мен фирмалары жүзеге асыратын халықаралық тауар алмасу турі.
Дүниежүзілік шаруашылық байланыстардың күрделі жүйесінде халықаралық сауда ерекше орын алады.
Осы уақытқа дейін тауарларды шетке шығару халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формасы болып есептелген еді, ал қазіргі кезде шетелдік инвестициялау халықаралық экономикалық қатынастардын жетекші формасы болып саналады.
Осыған қарамастан халықаралық сауда өзінің масштабы мен функциялары бойынша халықаралық экономикалық қатынастардың жалпы комплексінде манызды орынга ие болып отыр, яғни баскаша айтқанда, есептеулер бойынша халықаралық сауда халықаралық экономикалық қатынастардың жалпы көлемінің 80% үлесін алып отыр.
Халықаралық сауда — әртүрлі елдердегі тауар өндірушілер арасындағы байланыс формасы болып табылады, яғни ол халықаралық еңбек бөлінісі негізінде қалыптасады және елдердің өзара тәуелділігін көрсетеді.
Ғылыми-техникалық революцияның, өнеркәсіптік өндіріс специализациясы мен корпорациясы әсерінен елдер экономикасында болып жатқан құрылымдық өзгерістер ұлттық экономикалардың өзара әсерлесуін күшейтеді…..