Балнұр Қыдырбек | өмірбаяны

0

Балнұр  Қыдырбек Балғабекқызы (13.6.1955 жылы туған, Алматы) — композитор, филология ғылымдарының кандидаты Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы, 1978), осының аспирантурасын бітірді (1980). 1978- 1992 ж. Қазақстан Композиторлар одағы басқармасында кеңесші қызметін атқарды. Қыдырбек фортепьяноға арналған соната ( 1977), симфония поэма («Күйші», 1979), опера-балет («Айтылмаған ән», 1980), аспаптық пьесалар, ән, эстрада және киномузыка, т.б. салада (300-ден астам музыка шығармалар) еңбек етті.