Факультативтік сабақтарды ұйымдастыру | Скачать Курстық жұмыс
Факультативті курстарды ұйымдастыру әдістемесі
Кіріспе
1 Факультативтік курстарды ұйымдастырудың теориялық негіздері
0.1 Факультативтік курстардың мәні мен мазмұны
0.2 Факультативті курстардың тиімділігі
2 Кәсіптік оқыту әдістемесі пәні бойынша факультативті курстарды ұйымдастыру
2.1 Факультативтік курстарды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі формалары мен әдістері
2.2 Мәліметтер базасы жүйесі пәнінен факультативтік сабағының әзірлемесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінің барлық саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылып жатыр. Ол қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мән — мағынасын терең түсініп — білуге, адамдардың өмірінде атқаратын орнын, атқаратын рөлін айқындауға, оларға сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалануға, өз таңдаған мамандықтарына ие болуға мүмкіндік береді.
Егеменді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктері, халықаралық қарым-қатынасының кеңеюі экономиканың қай саласында болсын жұмыс пен қызметті ұйымдастыруды әлемдік талаптармен үйлестіруді қажет етеді. Елімізде кәсіби оқу мамандарының кәсіби дайындығын зерттеу мәселесі жағынан бірқатар тәжірибелер жиналған. Қазіргі кезде кәсіби білім саяси-қоғамдық және психологиялық-педагогикалық білім саласында кеңінен өріс алады. Әсіресе, болашақ мамандарды ғылыми теория және іс-тәжірибе бағытында дайындауға зерттеулер педагогика ғылымдары жүйесінің әр саласында жүргізіліп келеді. Бұл кең етек алып келе жатқан еңбек нарығындағы құбылыстың бір көрінісі. Бұл үздіксіз процесс, оны тоқтату мүмкін емес. Сондықтан білім саласын қоғамның осы ерекшеліктеріне қарай бейімдеу қажет.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында арнаулы кәсіби білім берудің мақсаты — жеке тұлғаның саналы арнаулы білім алуға мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын таңдауға кеңінен мүмкіндік беру делінген. Осыған орай болашақ маманға кәсіби білім беру арқылы рухани және инновация жағынан дамуындағы ролін терең зерттеуді қажет етеді. Сондай қажеттіліктердің бірі — кәсіби лицейдегі арнайы пәндерді оқу процесінде факультативтік сабақтар мен курстарды оқу жоспарына енгізу.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты жолдауында Қазақстандағы білім бері жүйесінің алдында тұрған негізгі мәселелерге тоқталып өтті. Жолдаудың біздің алдымызға қойып отырған басты міндеті — еліміздегі білім берудің ұлттық үлгісін әлемдік стандарттарға сәйкестіндіре отырып, білім сапасын арттыру. Көп жылдар бойы білімді кәсіптік білімнің негізгі көрсеткіші деп бағалау теория мен тәжірибе жұмысы дайындығы табиғи байланысқа мән берілмеуіне, мамандарды кісіпке дайындауда білім қорының жеткілікті болмауына әкеліп, кейбір студенттердің оқуға, одан кейін болашақ кәсібіне деген біліктілігінің төмендеуіне әсерін тигізді. Кәсіптік лицейдің білім беру барысындағы осы мәселені шешу жолының бірі — студенттердің кәсіби біліктілігін қалыптастыруды қайта бағдарлау арқылы оларды таңдаған кәсібі саласында өз білімдерін, іс-тәжірибелерін, мақсаттарын толықтай жүзеге асыруға тұлғалық құлшыныстарын ынталандыру. Кәсіби біліктілік — ол маманның таңдаған кәсібі алдындағы талаптарды, міндеттерді және оған сәйкес
көзқарастарды, пікірлерді, нұсқауларды барынша қабылдау деген сөз. Әсіресе, студенттердің болашақ кәсібіне байланысты мәселелерді шешу барысындағы олардың шығармашылық ой қабілеттерінің маңызы ерекше. Бастапқы кезеңде бірқатар студенттер өз мамандықтары бойынша жұмыс істеуді жоспарламайды, сондықтан олардың оқуға жағымды көзқарасын тудыру арқылы болашақ кәсібіне қызығушылығын қалыптастыру қажет.
Кәсіптік-техникалық мектептерде, лицейлерде оқытудың мынадай формалары қолданылады:
oo Теориялық оқыту: түрлі типтегі сабақтар, дәрістер, зертханалық-сарамандық жұмыстар, теориялық және практикалық семинарлар, саяхаттар, оқу конференциялары, үй тапсырмалары.
oo Өндірістік оқыту: оқу шеберханаларындағы сабақ, кәсіпорынның
өндірістік цехында оқыту, қызметкөрсетудегі еңбек, өндірістік практика, жұмыс орны және т.б.
oo Сыныптан тыс жұмыстар мен қосымша сабақтар: факультативті сабақтар, консультациялар, үлгермеушілермен қосымша сабақтар, үйірме жұмыстары және т.б.
Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық жоба, дипломдық жоба жəне т.б. Осы аталған оқытуды ұйымдастыру формаларының ішінде факультативтерге тоқталайық. Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс , жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда факультативтік сабақтардың маңызы зор.
Зерттеу нысаны: факультативті курстардың ұйымдастыру әдістемесі
Зерттеу пәні: Мәліметтер базасы жүйесі пәні бойынша факультативті курстарды ұйымдастыру
Зерттеу мақсаты: факультативті курстарды ұйымдастыру әдістемесін теориялық тұрғыдан негіздеу
Зерттеу міндеттері:
1) Факультативтік курстарды ұйымдастырудың теориялық негіздерін айқындау;
2) Факультативтік курстардың мәні мен мазмұнын ашу;
3) Факультативті курстардың тиімділігін анықтау;
3) Факультативтік курстарды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі формалары мен әдістерін негіздеу;
4) Мәліметтер базасы жүйесі пәні бойынша факультативті курстарды ұйымдастыру әдістемесімен танысу.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Факультативтік курстарды ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.1 Факультативтік курстардың мәні мен мазмұны
Жалпы және кәсіптік білім беру мектептерінің негізгі міндетінің бірі — оқушының қабілеті мен бейімділігіне қарай, білім беру мекемесінің дәстүрі мен мүмкіндіктеріне, педагогикалық ұжымның біліктілік деңгейіне сәйкес экономиканың қандай да бір саласына белсенді еңбек етуге даярлау.
Аталған міндеттерді дұрыс шешуде кәсіптік оқыту педагогының даярлығы үлкен рөл атқарады. Сондықтан ол политехникалық ой-өрісі кең, кәсіптік мобилді және кәсіпкерлік іс-әрекеттің негізін игерген, оны ұйымдастыра білетін, үнемі білімін, біліктілігін, кәсіптік бейімділігін арттыруға бағытталған шығармашылықпен әрекет ететін маман болуы тиіс.
Оқу үрдісінің жалпы заңдылықтары [1]:
1 Мақсат қою қоғамның қажеттілігі мен даму деңгейіне, білім үрдісіне қоятын талаптарына, тұлғаны тәрбиелеу мен оқытуға тікелей байланысты.
2 Мазмұнын айқындау оқытудың мақсаты мен міндеттеріне, оқушының жас ерекшелік және жеке дара қабілеттеріне, оқытудың теориялық және практикалық даму деңгейіне байланысты.
3 Әдістерді таңдау оқытудың міндеттері мен мазмұнына, оқушылардың нақты оқу мүмкіндіктері мен оларды қолдануына байланысты. 4. Оқу үрдісін ұйымдастыру формасы оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістеріне байланысты.
5 Оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі белсенділігі оқушылардың бойында ішкі танымдылық түрткілердің және сыртқы ынталардың (қоғамдық, экономикалық, педагогикалық) қамтылуымен тығыз байланысты.
6 Оқу үрдісінің тиімділігі барлық заңдылықтардың өзара байланысы мен ұйымдастырылу жағдайына тәуелді.
Оқу-тәрбие мақсатында сабақтарды жоспарлау және қол жеткізу.
Сабақтың дидактикалық құрылымы мына элементтерді камтиды [2]:
— тірек білімдері мен қимыл тәсілдерінің көкейкестілігі;
— жаңа ұғымдар мен әрекет тәсілдерін қалыптастыру;
— білімді өмірге қолдана білу, білік пен дағды икеміне ие болу;
— білімді бағалау, білік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақта оқушылар оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу керек, нәтижесінде олар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсініп, тәуекелге барады. Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын қосатын көпірді салуға негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысады. Өз тәжірибемнен мысал келтірсем. Қазақ тілі сабақтарында Визуалды айғақтар әдісімен мұғалім мен оқушы арасындағы көпір салуға негізделген топтық жұмыс жүргізіледі. Барлық топқа бірдей тапсырмалар беріледі. Суреттерді қарай отырып зат есім болатын тірек сөздер шығарып, оған мәтін құрап, тақырып қою керек. Топтар тірек сөздерді дұрыс тауып, мәтінді ауызша құрады. Суреттерді орналастыруда реттілік кездесті. Алған тақырыптары да сурет мазмұнына сәйкес келеді. Сонымен қатар мәтін құрауда әрбір суретті бір-бірімен байланыстырып айта білді.Бұл әдісті жүргізу нәтижесінде оқу пирамидасындағы оқушының алған ақпаратты сақтауының орташа пайызы 20-30% құрайды. Әдістің тиімділігі — нашар оқитын, сөйлемейтін оқушыны сөйлетуге, сындарлы ойлауға жетелейді. Мұғалім оқушылардың зер салып тыңдауын сақтап қалу мақсатында жұмыс үдерісі барынша күрделі және әртүрлі болуын қадағалайды, бұл ретте оларға қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар мен білімді береді. Чиксентмихаий айтқандай әр балаға өз деңгейіне қарай тапсырма беру керек. Нәтижесінде, оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады және осыған орай, ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады.
Оқу үрдісінің жекеленген заңдылықтары: дидактикалық өз құрамына үрдістің мазмұнды — процессуалдық сипаттамасын (мазмұны, тәсілдері, түрі, әдісі, формасы т.б.) қамтиды;
— гносеологиялық мұғалімнің басшылығымен оқушының қоршаған ортаның нақтылығын, табиғаттың, қоғамның және өз — өзін факторлары мен заңдылықтарын тану аспектілерін айқындау;
— психикалыққа оқушының оқу үрдісінің барысындағы айрықша ішкі психикалық (танымдылық) іс — әрекетіне қатысты;
— кибернетикалық оқу үрдісіндегі барлық байланыстың сан қырлығын, ақпараттық ағымының таралуын, ақпаратты меңгеруін басқаруды бейнелейді;
— әлеуметтік жалпы үрдіске қатысушылардың (оқушы мен оқушы арасындағы өзара қатынас, бағыттылық, оқудың әлеуметтік маңыздылығы т.б.) қарым — қатынасын қамтиды;
— ұйымдастырушылық оқу үрдісін интеллектуалдық еңбек (оқу мен оқытушылық еңбекті ұйымдастыру, олардың материалдық — техникалық жабдықталуы, ынталандырылу, өнімділік т.б.) негізінде айқындайды.
Оқыту заңдылықтарын білу оқу үрдісін әртүрлі нақты жағдайларда қолайлы құруға мүмкіндігін береді.
Сабақ талдау түрлері мен типтері
Сабақты талдау мен өзіндік бағалаудың өзі мұғалімнің шығармашылығының элементі. Өзіндік талдаусыз мүмкін емес [3]:
— оқытудың толық жүйесін құру;
— шеберлікті арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту;
— озат педагогикалық іс — тәжірибені жинақтау;
— техникалық жұмысқа уақытты жұмсауды қысқарту;
— мұғалімнің өзіндік қорғау мен психологиялық ахуалды қамтамасыз етуі.
Сабақ талдау типтері [4]:
1 Толық — мұғалім іс-әрекетінің стилін анықтау мен іс — тәжірибесін, оқу — тәрбие үрдісін сапалы ұйымдастыруды бақылау мақсатында жүзеге асырылады.
2 Қысқа — жалпы сапасын бағалау мақсатында және негізгі дидактикалық категорияларды айқындайды;
3 Кешенді — сабақты ұйымдастыру формасы, әдісі, мазмұны, мақсаты арасындағы байланыс пен бірлігін жан — жақты қарастыруды болжайды. Көп жағдайда бір тақырыпқа байланысты бірнеше сабақтарды талдауда және жас мамандарды оқытуда қолданылады.
4 Аспектілі — сабақты бір түрін терең қарастыру қажеттілігі туындаған кезде мұғалімнің іс — әрекетіндегі жекеленген амалдарың тиімділігі мен кемшіліктерін айқындау мақсатында қолданылады. Талдаудың әрқайсының бірнеше түрлері бар: дидактикалық, психологиялық, тәрбиелік, методологиялық, ұйымдастырушылық.
Педагогикалық талдаудың мақсаттары әр түрлі болуы мүмкін, осыған сүйене отырып сабақтың бір аспектісіне (жалпы педагогикалық, психологиялық т.б.) сәйкес келетін жекеленген талдау жүзеге асырылады.
Сабақты талдаудың жалпы критерийлері. Нәтижелік, сабақтың нәтижелігі сабақты өткізу технологиясына тәуелді деп саналады, оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі ережелері орындауға негізделген және неғұрлым технология сапалы, соғұрлым сабақты нәтижесі жоғары. Сондықтан мұғалімнің және оқушының барлық іс-әрекеті қазіргі заманғы психолого — педагогикалық жетістіктерді ескеру негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Сабақтың тиімділігін арттырудың негізгі жолдары:
— танымдылық, тәрбиелік және дамытушылық мақсатты қою мен шешу;
— оқу үрдісінің қолайлығы (оқушының жеке дара мүмкіндіктері мен қабілетін ескере отырып оқытудың барлық кезеңдерінде ең қолайлы нұсқасын таңдау);
— оқушылардың танымдылық қызығушылықтарын қалыптастыру мен ынталандыру;
— оқытудың ынталандыру әдістері мен тәсілдерін қолдану;
— оқушылардың өзіндік іс — әрекетін ұйымдастыру;
— жалпы және арнаулы білім, білік, дағды тұтастығын қалыптастыру;
— қарама — қарсы байланыстың шапшаңдығын ұйымдастыру;
— оқушы мен мұғалімнің қарым — қатынасының ынтымақтастығын қалыптастыру [5].
Сабақ құрылымы. Қазіргі таңда ғылыми ақпарат ағымы өте үлкен, оқыту уақыты шектеулі. Ең маңызды талаптардың бірі оқытудың әдістері мен тиімді мазмұнын табу болып саналады. Сабақтың құрылымы дидактикалық мақсат негізінде құрылады, оқу материалының мазмұны, оқу іс-әрекетінің барысында жүзеге асырылатын ақыл-ойлық және практикалық операция құрамына, психологиялық заңдылықтары мен жағдайына (класс құрамына, дайындық деңгейіне, кесел келтіретін және күшті оқушылардың әсері т.б.) сәйкес құрылады.
Қандай да бір оқу материалының меңгерілу деңгейінің заңдылығына сәйкес мұғалім үйренудің логикасын, реттілігін құрады, ол оқытудың нақты әдістері мен амалдардың көптеген түрлерінің сан алуандылығымен байқалады.
Сабақтың ұтымды құрылымын қамтамасыз ететін келесілер:
— оқытудың, тәрбие мен дамудың мақсатын кешенді жоспарлау;
— сабақ мазмұнының ішіндегі негізгісін және тақырыптың маңыздысын, нақтылығын бөлу;
— материалдың мөлшерлігі және қайталау уақыты, жаңа материалды оқу, үй тапсырмасын бекітудің мақсатқа лайықты реттілігін анықтау;
— оқытудың ұтымды әдіс — тәсілдері, амалдарын таңдау;
— оқушыларға жеке дара және дифференциалды көзқарас;
— оқытудың қажетті оқу — материалдық жағдайын қамтамасыз ету.
Оқушылардың танымдылық іс-әрекетін, белсенділігін арттыру:
— оқушының оқу — танымдылық міндеттерді қабылдауы мен түсінуі;
— шешу жолдарының жоспарын құру;
— міндеттің іс-жүзінде шешуі;
— міндетті шешу үрдісін бақылау;
— үлгіге сәйкес нәтижесін бағалау;
— жинаған білімін одан әрі жетілдірудің міндеттерін айқындау.
Мұғалімге оқушыларға сабақ үстінде өзіндік шығармашылықпен оқу іс-әрекетін ұйымдастыра білу қажет және оқытудың белсенді әдісін қолдана отырып меңгерілу үрдісіне бақылау жасау, ерекше қарым — қатынасты ұйымдастыра отырып көптеген әдістемелік амалдарды қолдана отырып жүзеге асыру қажет.
Сабақты өзіндік талдау деңгейі:
1 Эмоционалдық — ырықсыз деңгей, мұғалімнің өзінің педагогикалық іс — әрекетіне толық қанағаттануы немесе қанағаттанбау деңгейі.
2 Бағалау — сабақтың нәтижесінің қойылған мақсат пен жоспарға сәйкестігін бағалау.
3 Әдістемелік — сабаққа қабылданған талаптар негізінде сабаққа талдау жасау.
4 Рефлексивті — себептері және одан шығатын нәтижені айқындау. Бұл талдаудың жоғары түрі, оны іске асыру үшін психолого — педагогикалық теорияны да қатыстыру қажет.
Сабақты өзіндік талдау: оқушылардың көтерілуін, жетістігін ескере отырып іс-жүзінде орындалған мен жоспарланғанды салыстыру арқылы өз іс-әрекетінің соңғы нәтижесін бағалау мақсатында жүргізілген мақсаттың мазмұны мен міндеттеріне шын жүректен ой -тұрғысында жүйелеп орналастыру болып табылады [6].
Сабақты талдауға қойылатын негізгі талаптары:
— талданатын тақырыптың мақсаты мен міндеті;
— дидактика, психология, әдістеме, бағдарлама, нормативтік талаптар мен әдістемелік ұсыныстардың негізін білу;
— өз сабағына талдау жасайтын позиция мен көрсеткіштерді айдындай білу;
— оқушылардың ерекшеліктерінің мінездемесі және сабақтағы жұмыста оның ескерілуі;
— сабақтың жоспарын, түрін, құрылымын, мазмұнын, әдіс — тәсілдерін дәлелдеу;
— сабақ барысында оқушылардың орындайтын жаттығулар мен тапсырмалардың оқу міндеттерінің жүйесінде психологиялық және педагогикалық бағалау;
— сабақтың әртүрлі кезеңдерінде оқушылардың ойлау қабілетінің өз бетінше дамуын бағалау;
— сабақтың жоспарланған міндеттерін жүзеге асыру;
— сабақта фактілер мен әрекеттердің педагогикалық мақсатқа лайықтылығын бағалау;
— сабақтың кезеңдерінің өзара байланысын көрсету мен бағалай білу;
— жүргізілген сабаққа (немесе кейбір кезеңдеріне) қанағаттануы (қанағаттанбауы);
— сәтсіздіктерді немесе кемшіліктерді жоюды іске асыру жолдары;
Біз жалпы сабақтың оқу процесінде алатын орнына, мәні мен мазмұнына, оған қойылатын талаптарға, критерийлерге және т.б. қысқаша тоқталып өттік, енді факультативтік сабақтар жөнінде тоқталып өтсек.
Факультативті курс немесе факультативті сабақ (фр. facultatif — лат. facultas — мүмкіндік) — оқушы немесе студенттің таңдауымен мектепте немесе жоғарғы оқу орнында өткізілетін міндетті емес оқу курсы.
Факультативтік сабақтарды ұйымдастыру.
Факультативтік сабақтар — студенттердің білімін олардың қажеттіліктеріне, қабілеттеріне, сұраныстарына сәйкес белгілі бір оқу пәндері бойынша тереңдету, дамыту мақсатында сабақтан тыс оқу сабақтарын ұйымдастыру формасы. Факультативтік сабақтар студенттердің ой-санасының дамуына, пәнге деген белсенді танымдық қызығушылығының қалыптасуына, студенттердің зерттеу қызметіне деген қызығушылығын арттыруға ықпалын тигізеді.
Ұйымдастыру құрылымы — жеке және ұжымдық субьекттердің жиынтығы, олардың арасында факультативтік сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу жауапкершілігі мен міндеттері анықталған.
1) жоба қызметі блогы:
oo студенттер мен олардың заңды өкілдерінің қажеттіліктерін тану
oo факультативтік сабақтарды өткізу сағаттарын бөлу
oo факультативтік сабақтар бағдарламасын жүйелеу және дайындау
oo факультативтік сабақтарды өткізу мен ұйымдастыру тиімділігін бағалау механизмі мен критериилерін дайындау
2) жүзеге асыру блогы:
oo факультативтік сабақтардың жарты жылдық кестесін құрастыру
oo факультативтік сабақтарды қосымша білім жүйесінде функциялау
3) мониторинг және бақылау блогы:
oo студенттердің факультативтік сабақтарға қатысуын қадағалау
oo факультативтік сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарын орындау
oo факультативтік сабақтарды өткізу сапасын үздіксіз бақылауды қамтамасыз ету.
4) рефлексивті қызмет блогы:
oo факультативтік сабақтарды ұйымдастыру бойынша студенттер арасында сауалнама жүргізу
oo факультативті сабақтарды өткізудің қорытындысы бойынша мұғалімдермен әңгімелесу
oo факультативтік сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу барысындағы туындаған негізгі мәселелерді анықтау
oo факультативтік сабақтарды ұйымдастыру үрдісін дамытуға жағдай жасау [7].
Факультативтік сабақтарды өткізу сапасының критериилері:
1) сабаққа уақытылы қатысу.
2) студенттердің әр түрлі конкурстарға, пән олимпиадаларына, конференцияларға қатысуы
3) студенттердің қызмет деңгейі (зерттеушілік, шығармашылық, жартылай шығармашылық, репродуктивті)
4) студентердің сабақты ұйымдастыру жұмысымен қанағаттануы
5) құжаттама жүргізу
Факультативтік сабақтардың құжаттамасы
Факультативтік сабақтар міндетті сабақтар мен қосымша сабақтар арасындағы белгілі бір ережелерді сақтауды қамтамасыз ететін арнайы бағдарламалар арқылы өткізіледі. Аталмыш факультативтік сабақтардың тізімін бекітерде тек студенттердің және ата-аналардың жеке қалауымен ғана емес, сонымен қатар жалпы білім беретін орынның мүмкіндіктері де ескерілуі тиіс.
Факультативтік сабақтарды жүргізетін әрбір ұстазда жоғарыда айтылғандай факультатив сабақтың бағдарламасы болуы қажет. Аталмыш бағдарлама құрылымына сыртқы бет, түсіндірмелі жазба, қысқаша мазмұны, студенттер дайындығына талаптар, пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Сыртқы бетінде бағдарлама атауы, білім ордасы атауы, сағат көлемі, бағдарлама авторының тегі, аты-жөні, аталмыш бағдарламаны бекіткен жетекшінің аты-жөні, лауазымы, бекіткен жылы көрсетіледі.
Түсіндірмелі жазбада аталмыш курстың көкейкестілігі, міндеттері негізделеді. Түсіндірмелі жазбаны жазу барысында курстың мақсаты мен міндеттерін көрсету қажет. Нәтижелерін атап өту өте маңызды.
Қысқаша мазмұнында әрбір курстың тақырыбы, оның мазмұны сипатталады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде факультатив тақырыптарын оқу әдістемесі, мазмұны толық ашылған мақалалар мен кітаптар көрсетіледі. Сабақ пен пәндік бағыттағы факультативтік сабақтың арасында өзара айырмашылықтар бар (кесте 1).
Факультативтік сабақтарды ұйымдастырудың сапасын бағалау
Факультативтік сабақтарды ұйымдастыру жұмыстарын бақылау келесілерді қажет етеді:
oo сабақ формасын таңдаудың мақсаттылығы және сабақты өткізудің тиімділігі
oo сабақты өткізу барысындағы оқушылардың белсенділігі
oo оқушылардың сабаққа толық қатысуы
Сабақтың өткізілу тәртібі:
Факультативтік сабақтар оқу орнының директорымен бекітілген сабақ кестесіне сәйкес сабақтың алдында немесе сабақтан соң өткізіледі.
Егер де факультативтік сабаққа арналған уақыт тарификацияға сәйкес 0,5 апта сағатына сәйкес келетін болса, онда екі аптада бір сабақтың өткізілуіне жол беріледі.
Факультативтік сабаққа қатысушылар саны 5 адамнан аз болмауы керек.
Аталмыш сабақтар кәдімгі сабақтардан айырмашылығы болуы керек: факультативтік сабақтарда оқушыларда өз беттілікке, шығармашылық қасиеттерін көрсетуге, өз пікірін айтуға, өз ұсыныстарын білдіруге мүмкіндіктері болуы абзал.
Кесте 1. Сабақ пен пәндік бағыттағы факультативтік сабақты
салыстыру
Салыстыру
белгілері
Сабақ
Факультативтік сабақ
Оқу жоспарындағы статус
Міндетті сабақ
Қосымша сабақ
Мақсатты бағдар
Студенттердің жалпы білімді дайындығы
Пән бойынша жоғарғы деңгейдегі дайындық
Оқу мазмұны
Базалық деңгей бағдарламасымен анықталады
Факультативтік сабақтар бағдарламасымен анықталады
Студенттердің оқу уәждемесінің (мотив) деңгейі
Жоғары емес (кей кезде)
Жоғары, себебі студент таңдауымен сәйкес келеді
Бағдарламалар және оқу әдістемелері
Мемлекеттік бағдарламалар
Авторлық бағдарламалар, оқу әдістемелері қолданылуы мүмкін
Студенттердің оқудағы жетістіктерін бағалау
Баға қою арқылы
Бағасыз оқыту, өзін-өзі бағалаудың құралдары мен үрдістері
Өткізу уақыты
Негізгі сағаттар легінде
Сабаққа дейін немесе сабақтан соң
Жалпы сабақтан тыс жұмыс түрлерінің бірқатар түрлері бар. Атап айтқанда, семинарлар, курстар, факультатив сабақтары, әр қилы сипаттағы конференциялар, үйірмелер және т.б. Осы аталған сабақтан тыс жұмыстардың арасында біз факультативтік сабақтарды таңдап алдық, себебі факультативтік сабақтар оқушылардың ой-санасының дамуына, пәнге деген белсенді танымдық қызығушылығының қалыптасуына, студенттердің зерттеу қызметіне деген қызығушылығын арттыруға ықпалын тигізеді [9].
Факультатив сабақтар — оқу пəндерін оқушылардың өз таңдауы жəне қызығуларына орай тереңдете оқуына арналып, шəкірттердің ғылыми-теориялық білімдері мен практикалық ептіліктерін дамытуды көздейді. Білім беру міндеттеріне сəйкес факультатив түрлері келесідей:
— негізгі оқу пəндерін тереңдете игеру;
— қосымша пəндерді (логика, риторика, шет ел тілдері жəне т.б.) меңгеру; мамандық (стенография, компьютерлі, бағдарлама түзу) алуға байланысты қосымша пəндерді өту.
Факультатив бағыттары теориялық, тəжірибелік немесе аралас болуы мүмкін. Оқу саяхаттары əрқилы нысандар мен қоршаған дүние құбылыстарын оқушылардың тікелей бақылау жəне зерттеуіне арналып, өндіріс, мұражай, көрме, табиғат аясы жағдайларында жүргізілетін оқу ұйымдастыру формасы. Бақылау нысандарына байланысты оқу саяхаттары өндірістік, табиғаттану, өлкетану, əдеби, жағрапиялық жəне т.б. болып ажыралады. Білімдену мақсаттарына тəуелді тақырыптық жəне шолу саяхаттары жүргізіледі. Тақырыптық саяхаттар бір не бірнеше оқу пəндерінің өзара байланысты тақырыптарына арналады (мысалы, физика жəне химия, биология жəне география). Ал шолу саяхаттары өте кең тақырыптар шеңберінде өткізілуі мүмкін.
Кәсіптік мектептерде (дидактикалық мақсатына қарай) сабақ мынадай түрлерге жіктеледі:
1 Жаңа білім негіздерін игеру;
2 Білім мен дағдыны жетілдіру және бекіту;
3 Қайталама — жалпылау;
4 Бақылау — тексеру;
5 Аралас сабақтар т.б.
Теориялық оқыту үрдісінде негізінен аралас сабақтар түрі жиі пайдаланылады. Мұнда сабақтың ұйымдастыру және дидактикалық құрылымы болады. Ұйымдастыру құрылымы мыналардан тұрады:
— ұйымдастыру кезеңі;
— үй тапсырмасын тексеру;
— оқушылардан өтілген материалдарды сұрау;
— жаңа сабақ түсіндіру;
— жаңа сабақты игеруде оқушылардың өз бетінше жұмысы;
— жаңа сабақ материалдарын бекіту;
— сабақты корытындылау;
— үйге тапсырма.
1.2 Факультативті курстардың тиімділігі
Еліміздің «Білім туралы» заңы білім берудің мемлекеттік стандартын қүрайтын басты-басты үш саланы атап көрсетеді. Олар: ең басты білім беру бағдарламалары мазмұнының міндетті минимумы, оқушылардың ең жогары сабак, көлемі және оқу орнын бітірушілердің білім дөрежесіне қойылатын талаптар. Алайда бүл анықтамада кәсіптік білім беру жүйесіндегі жұмыс-шылар мен білікті мамандарды дайындау ісіндегі толып жатқ-ан сан-салалы бағыттар нақты ескеріле берілген.
Кәсіптік білім берудің басты мақсаты — алдыңғы қатарлы жастар тәрбиелеу, адамзаттың мәдени және өнегелік деңгейі мен оның ой-өрісін арттыру, жоғары білімді маман иелерін қазіргі заман талабына сай дайындау.
Факультативтік сабақтардың тиімділігі келесілерді қамтиды:
— оқушының белгілі бір тақырып бойынша білім деңгейінің жоғарылауы;
— оқушы ынтасының, оқуға деген белсенділігінің қалыптасуы;
— оқушы қызығушылығының артуы;
— оқушының танымдық қабілетінің қалыптасуы.
Әрбір факультативті сабақтардың өзіндік ерекшеліктері бар, мақсаттары да бірдей емес, бірақ соған қарамастан әртүрлі факультативтік сабақтардың ортақ кейбір ерекшеліктері ескеріледі. Факультативтік сабақтар оқушылардың білімін тереңдетеді, қабілеттерін аша түседі, олардың шығармашылық қабілеттерін айқындап кітаппен жұмыс іытеуге және тәжірибе алуға үйретеді.
Қазiргi таңда жеке тұлғаны қалыптастыру пән мұғалімдерінің алдарына қоятын мақсаттар мен міндeттepінe өте жауапкершілікпен қарауды талап етедi. Оқушыларға бiлiм, бiлiк және кәсiптiк бағдар беру барысында мұғалім әр оқушының алдында оның келешегіне шын мәніндe жауапты екендігін сезiну қажет. Осы үлкен мiндеттi aтқapy үшін технология пәнінің мұғалімінің өзі бiлімдi, бiлiктi, мәдениеттi, жаңашыл болуы қажет деп ойлаймын.
Оқушы ic-әрекет арқылы танымын жетiлдiрiп, тәжірибе мен адамгершiлiк құндылыққа ие болады. Оқушының мынадай ic-әрекетін ұйымдастыруға болады:
— өмipлік мақсатты көздей бiлуi;
— адамдық қадыр-қасиетiн сақтау;
— қоғамдағы өз оpнын тапа бiлу;
— ceзімін дамыту, біреудің жағдайын түсіне білуі.
Сыныптан тыс жұмыстардың негiзi — факультативітк сабақтар болып табылады.
Факультативтік сабақтардың мaқсaты: оқушылардың сыныптан тыс уақытта шығармашылық iзденістерін, өзiндiк қабiлетiн және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастыру.
Факультативтік сабақтардың мiндеттерi:
— оқу-тәрбие үрдiсiнде алған бiлiмдерiн ары қарата дамытуға мүмкiндiк жасау;
— оқушының қоғамдық белсендiлiгiн дамыту;
-оқушылардың өзара қарым-қатынасын қалыптастыру, белгiлi бip еңбекке (болашақ мамандықтың түріне) баулу, оны дамытуға ықпал ету;
Факультативтік сабақтардың алдына қоятын негізгі талaбы:
— факультативтік сабақтарға қатысатын оқушының қабiлетiн ескеру;
— бiлiм беру. Оқыту мен тәрбие берудiң өзара байланысы;
— оқушылардың еркіндігі;
— нарықтық экномикалық қажеттiлiктi негiзге алу.
Факультативтік сабақтар оқушылардың сұранысы бойынша, пән сабақтарында алған бiлiмдерiн жетiлдiру негiзiндс жүргізіледi.
Факультативтік сабақтарға қатысатын оқушылардың практикалық бiлiм, бiлiк дағдылары бiрдсй болуы мүмкінемес. Себебi оның бiлiмi, қызығушылығы, қабылдауы және жұмысқа қабiлеттерi әртүрлi болғандықтан, алған … жалғасы