Технологиялық картасы: Валеология

0











Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады







Технологиялық картасы: Валеология

Автор: Омрзакова Айым Дауренбековна

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-02-21


Материал туралы қысқаша түсінік



Балаларға денсаулық туралы түсінік беру




Білім беру саласы: ДенсаулықБөлімі: Валеология Тақырыбы: «Валеология еліне саяхат»Мақсаты: Балаларды «валеология», «салауатты өмір салты» ұғымымен таныстыру.Салауатты өмір салтын, өзінің және айналадағы адамдардың денсаулығын сақтау әдістерін меңгерту.Өз денсаулығына, өзге адамдарға құрметпен қарау сезімін тәрбиелеу.Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.Сөздік жұмыс: сәлеметсіз бе, амансыз ба, сәлем, сау бол, кездескенше, сау болыңыз.Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының картасы, жұмыс дәптері.Сабақ барысы:

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Жағымды Жағымсыз
Мотивация-лық қозғаушы

Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі

Ойын: «Менің сөзімді жалғастыр»Шарты: «Мен өз қаламды …..» «Мен өз елімді ……»Балаларға Павлодар қаласының суреттерін көрсету.Тосынсый сәті. Дәрігер Салауаттың келуі.Қонақтарды қалай күту керектігі жайлы әңгімелеу.«Сәлеметсіз бе», «амансыз ба», «сау болыңыз», «кездескенше» сөздерінің мағынасы туралы айту.Дәрігер Салауат балаларға Валеология ғылымы, оның міндеттері мен заңдары, салауатты өмір салты туралы айтып береді.-Балалар бізде Салауат дәрігерге денсаулық туралы не білетінімізді көрсетейікші.1) Мақал-мәтела)Аурудың жақсысы жоқ,Дәрінің тәттісі жоқ.ә)Тәні саудың жаны сау.б)Денсаулық-зор байлық.Тақпақтар:а)Дос бол сабын, сумен сен,  Жиі – жиі жуын сен:  Таңертең де, кешке де,  Жуын күндіз – түсте де,  Жуын тамақ алдында,  Жуын тамақ соңында,  Жуын ұйықтар кезіңде,  Жуын тұрған мезгілде.ә)Тіс ауырса, іш ауырса,  Саған дәрі береді.  Балаға да, анаға да  Мейірімін төгеді.  Ол кім?б)Мен айтайын тақпақ,  Алғың оны жаттап.  Тісіңді жу, тазарт  Маржандай болсын аппақ. Ойын: «Салауат дәрігердің қабылдауында»Шарты: балалар дәрігердің қабылдауына көрінуге келеді.Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау. Балалар өз ойларын айтады.

Суреттен қаланың көрнекті жерлерін тауып айтады.Қонақты қарсы алады.Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Балалар денсаулық туралыБілетін мақал-мәтел, тақпақтарын айтып береді.

Балалар ойынға қатысады.Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі -Балалар, сендермен сабақта немен шұғылдандыңдар, нені үйрендіңдер? Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы. Балалар өз әсерлерін айтады.

Күтілетін нәтиже:Білуі керек: «Денсаулық», «валеология», «салауатты өмір салты» ұғымдарын.Нені игереді : денсаулықтың адам үшін маңызын, түрлі жастағы адамдармен сәлемдесу, қоштасу сөздерінің түрлерін, саулық пен науқастың белгелерін.Нені біледі: әңгіменің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруді, сыртқы белгілеріне қарап, дені сау және науқас адамдарды ажырата білуді.

Білім беру саласы: ДенсаулықБөлімі: Валеология Тақырыбы: «Жеке бас тазалығы»Мақсаты: Балаларды денсаулық туралы ғылым – Валеология жөнінде түсінік беруді жалғастыру. Дәрігер Салауатпен, әліппе – дәптермен таныстыруды жалғастыру. Жұқпалы аурулар жөнінде мәлімет беру, қолды жуу дағдыларын қалыптастыру.Өз денсаулығына, өзге адамдарға құрметпен қарау сезімін тәрбиелеу.Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.Сөздік жұмыс: сәлеметсіз бе, амансыз ба, сәлем, сау бол, кездескенше, сау болыңыз.Көрнекіліктер: тазалыққа қажет заттардың суреттері, жұмыс дәптері.Сабақ барысы:

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Жағымды Жағымсыз
Мотивация-лық қозғаушы

Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі

Балалармен әңгімелесу. «Денсаулық-зор байлық» деген мақалды қалай түсінесіңдер?Тосынсый сәті. Дәрігер Салауаттың келуі.Қонақтарды қалай күту керектігі жайлы әңгімелеу.«Сәлеметсіз бе», «амансыз ба», «сау болыңыз», «кездескенше» сөздерінің мағынасын сұрау.Дәрігер Салауат балаларға Валеология ғылымы, оның міндеттері мен заңдары, салауатты өмір салты туралы айтып береді. Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындау.Денсаулық-әліппесімен танысу.Балаларға Гигия туралы аңызды оқып беру.Аңызды талдау.-Панацея адамдарды қалай емдеген екен?-Ал Гигия ше?-Дұрыс өмір сүру заңдылықтары дегенді қалай түсінесіңдер?Тазалық туралы әңгіме жүргізу.-Тазалықты сақтаудың қарапайы ережелерін кім айтады?Сабын және су жөнінде әңгімелесу.Дымқылдап күнде сен,Қолыңды сүйкесең,Кетіп кір-ласың,Тап-таза боласың.-Қолды күніне неше рет жуасыңдар?-Сен қолыңды сабындағанда не пайда болады?Д/о: «Тазалыққа не керек?»Шарты: балалар тазалыққа керек суретті тауып, атап береді. Балалар өз ойларын айтады.

Қонақты қарсы алады.

Дәрігер Салауаттың әңгімесін тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Балалар аңыздан түсінгендерін айтып береді.

Балалар ойынға қатысады.

Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі Сабақты қортындылау. Валеология – денсаулық туралы ғылым.Жеке бастың тазалық ережесін сақтайық.«Сәлеметсіз бе?», «Амансың ба?», «Саумысың?», «Сау бол!» — ғажайып сөздер.Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы. Үйге тапсырма: Денсаулық туралы мақал- мәтел жаттап келу. Балалар өз әсерлерін айтады.

Күтілетін нәтиже:Білуі керек: «Денсаулық», «валеология», «салауатты өмір салты» ұғымдарын.Нені игереді : Жеке бастың тазалығын сақтау керектігін.Нені біледі: ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруді, денсаулықтың өте маңызды екенін.

Білім беру саласы: ДенсаулықБөлімі: Валеология Тақырыбы: «Рахмет саған, жаттығу!»Мақсаты: Балаларға ертеңгілік жаттығудың денсаулыққа пайдасы жөнінде айту. Бала денсаулығының басты кепілі – дене бітімі туралы мағлұмат беру. Балаларға ағзаны қорғауда тыныс алу мүшесі мұрынның маңызы жөнінде айтап таныстыру. Өз денсаулығына құрметпен қарау сезімін тәрбиелеу.Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.Сөздік жұмыс: жаттығу, тазалық.Көрнекіліктер: жаттығулар компексі (суретімен), жұмыс дәптері.Сабақ барысы:

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Жағымды Жағымсыз
Мотивация-лық қозғаушы

Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі

Балалармен әңгімелесу. Валеология дегеніміз кім?-Дәрігер Салауат деген кім?-Үлкендер мен балалар қандай ғажайып сөздерді білуі керек?-Тазалық туралы қандай ережелерді білесің?-Денсаулық туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер? Ертеңгілік жаттығу жайлы әңгімелесу.-Жаңа күн немен басталады?-Ұйқыдан тұру және жаттығу жасау дегеніміз не?

  • Ұйқыдан ояна салып, тез тұрудың қажеті шамалы
  • Төсекте жатып керілу қажет.
  • «Велосипед», «көпір», қол қимылдары сияқты қарапайым жаттығулар жасау.
  • Терезені не есікті ашып, желдету керек.
  • Жуыну, тісті тазалау қажет.
  • Таңертеңгілік жаттығу жасау.
  • Д/о: «Үнді елінде қалай жүреді?»-Дене бітімі дегеніміз не?Жаттығулар жасау.Әңгімелесу. «Омыртқа дегеніміз – адам ағзасының тірегі, денеге түскен салмақтың бәрін өзіне алады». Әліппе-дәптермен жұмыс.Жалпақтабандылықтың алдын алу жаттығуларына назар аударту:

  • Аяқ саусақтарымен қарындаш жина.
  • Аяқ саусақтарымен сүлгіні жина.
  • Таяқшаларды табанмен тербет.
  • Тыныс алуды дамытуға арналған жаттығулар:

  • «Кім шарды тез үрлейді?»
  • «Иісі арқылы анықта»
  • Балалар өз ойларын айтады.

    Балалар денсаулық туралымақал-мәтел айтып береді.

  • Аурудың жақсысы жоқ,Дәрінің тәттісі жоқ.
  • Тәні саудың жаны сау.
  • Денсаулық-зор байлық.
  • Балалар ойынға қатысады.

    Жаттығулар жасайды.

    Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.Жаттығулар жасайды.

    Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі -Балалар, сендермен сабақта немен шұғылдандыңдар, нені үйрендіңдер? Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы. Балалар өз әсерлерін айтады.

    Күтілетін нәтиже:Білуі керек: Таңертеңгілік жаттығудың денсаулыққа пайдасы жөнінде.Нені игереді : Денсаулықтың адам үшін маңызын, ағзаны қорғауда тыныс алу мүшесі мұрынның маңызын.Нені біледі: Ұйқыдан ояна салып, жаттығулар жасау керектігін.

    Білім беру саласы: ДенсаулықБөлімі: Валеология Тақырыбы: «Шынықтыру жаттығуларының пайдасы»Мақсаты: Балаларды «сымбат», «сколиоз» ұғымымен таныстыру, «дене тәрбиесі», «сергіту сәті» туралы түсініктерін бекіту.Салауатты өмір салтын ұстануға, денсаулықты сақтау мен күтуге деген құлшыныстарын арттыру.Өз денсаулығына, өзге адамдарға құрметпен қарау сезімін тәрбиелеу.Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.Сөздік жұмыс: сымбат, сколиоз, сергіту сәті Көрнекіліктер: спортшылардың суреттері, жұмыс дәптері.Сабақ барысы:

    Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Жағымды Жағымсыз
    Мотивация-лық қозғаушы

    Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі

    Балалармен әңгімелесу.-Жаңа күн немен басталады?-Ұйқыдан тұру және жаттығу жасау дегеніміз не?Тосынсый сәті. Балаларға қонаққа Жалмауыз кемпір мен Спортшы қыз келеді.Қонақтармен ойын өткізу Ойын: «Кім көп біледі-Сымбат дегеніміз не?-Дене тәрбиесі дегеніміз не?(Жалмауыз кемпір ештеңе білмейді, сұрақтарға Спортшы қыз жауап береді) Жаттығулар жасап көрсету.

  • Аяқ ұшымен тұру.
  • Өкшемен жүру.
  • Табанның ішкі жағымен жүру.
  • Еденнен майда заттарды жинау.
  • Мата қалдықтарын башпаймен жинау.
  • «Сколиоз» сөзінің мағынасын түсіндіру. Балалар дене сымбаты дұрыс және қисық қалыптасқан балалар бейнеленген суреттерді салыстырады. Тәрбиеші балаларға үстелде дұрыс отырмаудың неге әкеліп соғатынын түсіндіреді. Спортшы қыз балаларға өлең жолдарын оқып береді.Шынығуды бастаймын,Жаттығу да жасаймын.Сол үшін де, түсіндім,Сұлу менің мүсінім.Қонақтарға сергіту жаттығуларын көрсету. Ойын: «Спорттың қай түріне жатады?»Шарты: балалар алдарындағы суреттерді атап, спорттың қай жүріне жататынын айтып беруі керек.

    Балалар өз ойларын айтады.

    Қонақты қарсы алады.

    Балалар ойын ойнайды, сұрақтарға жауап береді.

    Балалар жаттығулар жасап көрсетеді.

    «Сколиоз» сөзін туралы түсінік алады.

    Спортшы қызбен бірге қайталайды.

    Балалар сергіту жаттығуларын көрсетеді.

    Балалар ойынға қатысады.

    Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі -Балалар, сендермен сабақта немен шұғылдандыңдар, нені үйрендіңдер? Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы. Балалар өз әсерлерін айтады.

    Күтілетін нәтиже:Білуі керек: «сымбат», «сколиоз», «сергіту сәті» түсініктерін.Нені игереді : денсаулық пен дұрыс дене сымбатын сақтау үшін шынығу жаттығуларын үздіксіз жасаудың маңызды екендігін.Нені біледі: сколиоз бен жалпақтабандылықтың алдын алуға, шаршау мен ширығуды басуға арналған қарапайым дене жаттығуларын өздіктерінен орындауды.

    Білім беру саласы: ДенсаулықБөлімі: Валеология Тақырыбы: Ұлдар мен қыздарМақсаты: Балаларға ұлдар мен қыздардың арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылытарын көрсету. Бір-бірімен қарым-қатынастарын қалыптастыру және дамыту. Адамның денсаулығын сақтап, нығайтудағы көңіл күйдің тигізетін әсері жайлы білімдерін қалыптастыру.Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.Сөздік жұмыс: ұлдар мен қыздар, әйел, еркек, Көрнекіліктер: ашықхат, әр балаға айна, ұлдар мен қыздардың суреттері.Сабақ барысы:

    Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Жағымды Жағымсыз
    Мотивация-лық қозғаушы

    Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі

    Тәрбиеші балаларды отырғызады.Өткен сабақты еске түсіру. Сұрақ қою.-Тазалық деген сөзді қалай түсінесіңдер?-Тазалықшының кеңестерін айтып беріңдерші.Жаңа сабақ. Тәрбиеші балалардың бір-бірінен қалай ерекшеленетінін байқатып, осы тақырыпта әңгіме қозғайды. Суретпен жұмыс. Тәрбиеші балаларға адамның дене құрылысы- қолы, аяғы, көзі, құлағы т.б. болатынын және әр адамның өзінше ерекшеліктері болатыны жайлы түсінік беріп өтеді. Адамдар әйел, еркек, ұлдар мен қыздар болып бөлінетінін айтады. Ойын: «Сипаттап бер»Шарты: Тәрбиеші бір баланы тақтаға шығарады да, басқа балаларға сол баланы сипаттап берулерін айтады. Балалардың пікірін қорыта келіп, қыздардың нәзік болатынын, олардың көйлек киетінін, бұрымы болатынын, ал ұлдардың қыздарға қарағанда күшті, иықты, денелі келетініне, шаштары қысқа, дауыстары жуандау болатыны туралы айтып береді. Әліппе-дәптермен жұмыс.Тәрбиеші ұлдар мен қыздардың өскенде кімге айналатынын түсіндіреді.Бұршақ дәні-гүлдейді (жеміс береді)-солады.Бала — бозбала – еркек (әке) – ата.Қыз – бойжеткен – әйел (ана) – апа. Д/о: «Кімнің ойыншығы?»Дәрігер Салауаттан ашықхат келгенін айтады. Оқып береді. Жаттығу: «Күлкі жаттығуы» Жаттығу: «Көрініс көрсету»-Сендер аналарыңмен бірге үйдесіңдер. Аналарың бүгін көңілсіз және әбден шаршаған кейіпте. Аналарыңның көңіл-күйін қалай көтерер едіңдер? Күлкі – бұл өз көңіл-күйіңе, жақын адамдарыңның жүрегіне жол табатын құдыретті кілт. Сәлемдескенде күлімде. Әдемі тіс – күлкі ажары екенін ұмытпа. Балалар өз ойларын айтады.

    Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

    Балалар сипаттап айтады.

    Әліппе-дәптермен жұмыс жасайды.

    Балалар ойыншықтарды атап береді.

    Жаттығуларды орындайды.

    Балалар ойынға қатысады.

    Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі -Балалар, сендермен сабақта немен шұғылдандыңдар, нені үйрендіңдер? Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы. Балалар өз әсерлерін айтады.

    Күтілетін нәтиже:Білуі керек: ұлдар мен қыздардың арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылытарын.Нені игереді : Адамның денсаулығын сақтап, нығайтудағы көңіл күйдің тигізетін әсері жайлы түсінікті.Нені біледі: әр адамның өзінше ерекшеліктері болатыны жайлы түсінікті.Білім беру саласы: ДенсаулықБөлімі: Валеология Тақырыбы: «Сезім мүшелері және олардың қызметі»Мақсаты: Балаларды сезім мүшелері, олардың қызметі, адам үшін маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру. Тіл байлықтарын, танымдық қызығушылықтарын арттыру. Сезім мүшелеріне күтім жасауға тәрбиелеу.Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.Сөздік жұмыс: иіс сезу, сезіну, көру, сезім мүшелері, естімей қалу.Көрнекіліктер: адамның бет-әлпеті салынған плакат, сезім мүшелерінің суреттері, пияз, сарымсақ, қияр, торт, кәмпиттер бейнеленген карточкалар.Сабақ барысы:

    Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Жағымды Жағымсыз
    Мотивация-лық қозғаушы

    Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі

    Ойын-жаттығу: «Күлкі».-Балалар, біз бүгін Сезім еліне саяхатқа барамыз. Тақтаға адамның бет-әлпетінің жалпы нұсқасы салынған плакатты іліп қояды (ал сезім мүшелері конвертте болады)-Қараңдаршы, бұл не?-Адамның бет әлпетіне не жетіспейді?-Ендеше менің сұрақтарыма жауап беріп көріңдер.Тәрбиеші сезім мүшелеріне байланысты сұрақтар қояды. Өлең оқиды.Сезіміміз нешеу?Олар тура бесеу:Көру, сипау, есту,Иіс пен дәм сезу. Жұмбақ жасыру:Қараңғыда жабылады,Күн шыққанда ашылады. (Көз)Адамның бетіне көзді жапсыру.-Көз бізге не үшін қажет?«Тиін» жаттығуын орындау.Дәрігер Салауаттың кеңестері:1.Көзді лас қолмен сүртпе.2.Көзге үшкір, өткір нәрселерді тақамау керек.3.Теледидарға жақын отырып қарауға болмайды.4.Компьютер ойынын ұзақ ойнауға болмайды. Жұмбақ жасыру:(Мұрын)Адамның бетіне мұрынды жапсыру.Тәжірибе жасау: «Иіс арқылы анықта». Мұрын бізге не үшін қажет?Сергіту сәті: «Даусынан таны»-Дауыстары арқылы танып білуге қай мүшеміз көмектесті?Суретке құлақтарды жапсыру.-Құлақ бізге не үшін қажет?Құлақты күтуге арналған ережелер.Д/о: «Дәмі бойынша біріктір»Шарты: алдарындағы суреттерді дәмі бойынша біріктірулерін айту. Суретке тіл мен ауызды жапсыру.-Тіл мен ауыз не үшін керек? Жаттығуды орындайды.

    Балалар өз ойларын айтады.

    Өлеңді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.

    Жұмбақ шешеді.

    Суретке көзді жапсырады.

    Балалар тәрбиешінің айтуы бойынша көзге арналған жаттығуды орындайды.

    Жұмбақ шешеді.

    Суретке мұрынды жапсырады.

    Суретке құлақты жапсырады.

    Балалар ойынға қатысады.

    Суретке тіл мен ауызды жапсырады.

    Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі -Балалар, біздің Сезім еліне жасаған саяхатымыз аяқталды. Бұл ел қалай аталып еді? Адамда қанша сезім мүшесі бар? Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы. Балалар сұраққа жауап береді.

    Күтілетін нәтиже:Білуі керек: сезім мүшелерінің аталуын, олардың қызметін.Нені игереді :адамның қоршаған ортаға бейімделуіндегі сезім мүшелерінің рөлін.Нені біледі: сезім мүшелерін дұрыс атап, негізгі тазалық жұмыстарын дұрыс орындауды.Білім беру саласы: ДенсаулықБөлімі: Валеология Тақырыбы: «Тыныс алу мүшелері»Мақсаты: Балаларды тыныс алу мүшелерінің қызметі, тыныс алу үрдісі, ауа мен оның қасиеттері туралы жалпы түсінік беру.Салауатты өмір салтын сақтауға ұмтылдыру, қызығушылықтарын арттыру. Тыныс алу мүшелеріне, бүкіл ағзасына күтім жасауға тәрбиелеу.Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.Сөздік жұмыс: тыныс алу жүйесі, мұрын жолы, өкпе..Көрнекіліктер: Тыныс алу мүшелерінің суреттері, әр түрлі суреттер.Сабақ барысы:

    Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Жағымды Жағымсыз
    Мотивация-лық қозғаушы

    Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі

    -Балалар, біз өткен сабақта қай елге саяхатқа барып едік?-Сезім мүшелеріне не жатады?-Сезім мүшелері не үшін қажет? Жұмбақ жасыру.Салмағы жоқ, түсі жоқ,Көрінбейді, түрі жоқ. (Ауа)Біздер оны көрмейміз,Үйге де кір демейміз.Жылдам-жылдам қозғалса,Соғып тұрған жел дейміз. (Ауа) Суретпен жұмыс.«Тыныс алу жүйесінің» суретін ілу.-Өмір сүру үшін ауа кімдерге өте қажет?-Ауаның адам ағзасына қалай кіретінін білесіңдер ме? Суретті көрсету.-Біз ауаны мұрын арқылы ішке аламыз, мұрын ішіндегі майда қылшықтар ауаны жылытады, тазартады, одан әрі ауа мұрын жолына және өкпеге барады. Мұрын ағзаны микробтар мен бактериялардан қорғайды. Мұрынмен тыныс алу маңызды. Ал өкпеміз қызғылт түсті еріндерге ұқсайды, адам өкпенің көмегімен тыныс алады. Олар орасан зор қызмет атқарады. Тыныс алу жаттығуын орындау. Д/о: «Пайдалы, зиянды».Шарты: балаларға темекі, «Дихлофос» деген жазуы бар құты, ашық терезе, беторамал, коньки, доп бейнеленген кішкентай суреттерді көрсетеді, олар тыныс алу мүшелеріне пайдалы, зиянды заттарды айтады.Дәрігер Салауаттың кеңестері:1.Мұрынды таза беторамалмен сүрту керек.2.Химикаттар себілген, темекі тартылған бөлмеде тұруға болмайды.3.Бөлменің ауасын тазартып тұру керек.4.Спортпен айналысып, тыныс алу жаттығуларын жасап, ағзаны шынықтыру керек. Балалар өз ойларын айтады.

    Суреттен қаланың көрнекті жерлерін тауып айтады.Қонақты қарсы алады.Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

    Балалар денсаулық туралыБілетін мақал-мәтел, тақпақтарын айтып береді.

    Балалар ойынға қатысады.Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

    Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі -Балалар, сендер қандай жаңа нәрсені білдіңдер? Сендерге бүгін ерекше не ұнады? Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы. Балалар өз әсерлерін айтады.

    Күтілетін нәтиже:Білуі керек: тыныс алу мүшелерінің аталуын, олардың қызметін, тыныс алу жүйесін шынықтыру жолдарын.Нені игереді : адамның тыныс алу мүшелерін, тыныс алу үрдісін, тыныс алу үшін пайдалы, зиянды әркеттер туралы түсінікті.Нені біледі: қарапайым тыныс алу жаттығуын жасай алуды.

    Білім беру саласы: Денсаулық Бөлімі: Валеология Тақырыбы: «Тамақтану мәдениеті»Мақсаты: Балаларды азық-түлік пен оның адам өміріндегі маңызы, «салауатты, дұрыс тамақтану» туралы білімдерін бекіту. Эстетикалық талғамдарын арттыру, сөздік қорларын байыту. Өзінің және өзгенің денсаулығына құндылық ретінде қарауға тәрбиелеу.Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.Сөздік жұмыс: дұрыс қалыпты тамақтану.Көрнекіліктер: кәмпит қағаздары, жұмбақтар, кәмпит, түрлі жарнамалар, жеміс-жидектер, тәрелкелер..Сабақ барысы:

    Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Жағымды Жағымсыз
    Мотивация-лық қозғаушы

    Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі

    Балаларды Тәттіқұмарлар еліне саяхатқа шақырады. Тәттіқұмарлардың кім екендігін сұрайды.Балаларды бөлмеге кіргізіп, шашылған кәмпит қағаздарын көрсетеді.-Бұл елдің тұрғындары қайда екен? Кәмпитті көп жегендіктен, олардың тістері мен іштері ауырып, үйлерде жатыр.-Келіндер, бұл елдің тұрғындарына дәмді, салауатты тамақ туралы айтып берейік. Алдымен компьютерді қосайық, сонда олар бізді еститін болады.-Айтыңдаршы, адам тамақ ішпей өмір сүре ала ма? Ұзақ уақыт емес, аз ғана шыдайды. Адамның жақсыөсіп, дамуы үшін, ол күн сайын тамақтану керек.-Адамдар немен тамақтанады? Ал, жануарлар ше? — Дұрыс айтасыңдар, балалар. Барлық тіршілік иелері-адамдар, жануарлар, құстар, жәндіктер-барлығы тамақтанады. Кез келген ағза қоректенуді Қажет етеді. Егер ағза таңертең, түсте, кешке керекті тамақты қабылдамаса, онда ол әлсірей бастайды. Неліктен деп ойлайсыңдар? Себебі, тамақтың құрамында ағзамыздың өсуіне, дамуына қажетті пайдалы заттар бар.“Пайдалы азық-түлікті таңдап ал ”ойынын өткізеді.Ойын шартын түсіндіреді.-Балалар, күшті, шымыр болып өсулерің үшін сендерге тек қана тәтті, дәмдіні ғана емес, әртүрлі Тағамдарды пайдалану керек. Бұл “салауатты, дұрыс тамақтану ” деп аталады.Денсаулығың жақсы болу үшін шынығу жаттығуларын да жасап тұруың керек.Сергіту сәтін өткізеді:“Жұмбақ шеш” ойынын өткізеді(ойын барысында слайд немесе сурет көрсетуге болады).Балалардың жауаптарын қорытады:Жұмыс дәптеріндегі балабақшадағы дастарқан жабдығы бейнеленген суретті көрсетеді. Қасық , шанышқы, салфеткалардың қалай ұстайды? Жұмыс дәптеріндегі екінші суретке назарларын аударады, өз ойларын айтқызады. Бөлмеге кіріп, шашылған кәмпит қағаздарын көреді.

    Сұрақтарға жауап береді.

    Тәрбиешіні тыңдайды.

    Тәрбиешінің белгі беруі бойынша үстел үстіндегі азықтардың ішінен пайдалы азықтарды таңдап алып, тәрелкеге сала бастайды.

    Суреттерді, слайдты көреді,естеріне сақтайды.

    Сөйлемдерді аяқтайды.

    Тәрбиешіні тыңдайды.

    Жұмыс дәптеріндегі суреті Тамашалайды.

    Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі “Тамақтану ережелерін”атап шығайық және есімізге сақтайық:. Дастарқан басында өзін дұрыс ұстау ережесін естеріне түсіреді.Суретке қарап, өз ойларын айтады.

    Күтілетін нәтиже:Білуі керек: пайдалы азық-түліктерді, дұрыс тамақтану ережелерін. Нені игереді : дастарханды әдемілеп жабдықтауды.Нені біледі: өзін дастархан басында дұрыс ұстауды.

    Білім беру саласы: ДенсаулықБөлімі: Валеология Тақырыбы: Ас қорыту мүшелері. Асқазан.Мақсаты: Балаларды ас қорыту жүйесінің құрылымымен және қызметімен таныстыру. Танымдық қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту. Өз ағзаларына күтім жасауға тәрбиелеу.Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.Сөздік жұмыс: ас қорыту, өңеш, асқазан, ішек, асқазан сөлі.Көрнекіліктер: ас қорыту мүшелері сызбасы, ас қорыту жүйесінің суреті, ақ халат, әр балаға жаңғақ.Сабақ барысы:

    Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Жағымды Жағымсыз
    Мотивация-лық қозғаушы

    Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі

    Тәрбиеші әр балаға грек жаңғағын береді.Тәрбиеші үстіне ақ халат киіп, бүгін өзінің СӨС дәрігерінің роліне енетінін хабарлайды. Тамақтану мәдениеті туралы өткен сабақты естеріне түсіреді. Жұмбақ жасыру.Аузымыздан өтеді,Оған барып жетеді. (Асқазан)-Бүгін біз ағзамыздың ас қорыту жүйесі қалай жұмыс істейтінін білеміз. Тақтаға ас қорыту жүйесінің суреті ілінеді.Сұрақ қою.-Қалай ойлайсыңдар, біздің асқазанымыз қандай қызмет атқарады?Тәрбиеші асқазан туралы әңгімелеп береді.-Біз ас ішкенде асқазанға тағы қандай мүше көмектеседі? Сызбадан кім тамақтың жолын көрсетеді?Д/о: «Ас қорыту мүшелері» Сергіту сәтін өткізу.-Біз ас қорыту мүшелерімен таныстық, олардың қалай жұмыс істейтінін, тамақты қалай қортатынын білдік. Тәжірибе жасау «Асқазан қалай жұмыс істейді?»Балалардың алдына су құйылған банканы, тұз бен қант салынған ыдыстарды, тәрелке, қол сүрткіш, нан бөлігін қояды. Банканы асқазан, суды асқазан сөлі деп есептейміз де, банкаға бір қасық тұз, сосын бір қасық қант саламыз (олар ериді),салған нан жұмсарады. «Қалай сіңіретінін» білу үшін, тәрелкеге қол сүртетін салфетканы қойып, үстіне аздап су құямыз. Біздің асқазанымыз да осылай тамақты ерітеді және сіңіреді. Ас қорыту мүшелері дұрыс жұмыс істеу үшін мына ережелерді орындау керек.1.Тамақ ауыз күйетіндей ыстық болмау керек, оны асықпай, жақсылап шайна;2.Қуырылған, тұзды, ащы, ысталған тамактарды көп пайдаланба, олар дәмді болғанмен, денсаулыққа зиянды;3.Темекі шегіп, спиртті ішімдік пайдалану, денсаулыққа зиянды;6.Ұйқыға жатар мезгілде қатты тойып тамақ ішуге болмайды; Балалар грек жаңғағыменалақандарына массаж жасайды..

    Балалардың жауаптары.

    -Ауыз, тістер, тіл, тамақ.

    Сызбаны қарайды. Балалар кезекпен тақтаға шығып, тамақтың жолын көрсетеді.

    Балалар не болғанын бақылайды, сұрақтарға жауап береді.

    Ережені тәрбиешімен бірге құрастырады.

    Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі Сендер үйде қандай ережені сақтайсыңдар?-Сендерге не ұнады?Балалармен сабақты қортындылау. Балалар өз әсерлерін айтады.

    Күтілетін нәтиже:Білуі керек: ас қорыту жүйесінің құрылымын.Нені игереді : ас қорыту жүйесінің жұмысы туралы түсінікті Нені біледі: сумен тәжірибе өткізіп, нәтижесін талдауды, қойылған сұрақтарға жауап беруді.

    Білім беру саласы: ДенсаулықБөлімі: Валеология Тақырыбы: «Дәрумендердің пайдасы»Мақсаты: Балаларға дәрумендердің пайдасы және маңызы жайлы түсінік беру . Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, зейіндерін шоғырландыру. Өз ағзасын күтуге тәрбиелеу.Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.Сөздік жұмыс: дәрумендер.Көрнекіліктер: сары май, ірімшік, бауыр, қызанақ, шие, қызыл алма, шабдалы, өрік, сәбіз суреттері, төрт себет (қатты қағаздан жасалған).Сабақ барысы:

    Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Жағымды Жағымсыз
    Мотивация-лық қозғаушы

    Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі

    Тәрбиеші балаларды көрші ел-Дәрумендер еліне баруға шақырады.-Қалай ойлайсыңдар, бұл неге Дәрумендер елі деп аталады екен? Тұрғындары нені жақсы көреді? -Дәрумендер- балалар денсаулығының күшті болыпкөмектесетін заттар. Тәрбиеші дәрумендер туралы әңгімесін айтады.Жұмбақ жасырады:Шашы жердің бетінде,Өзі жердің астында. (Сәбіз) -Сәбізде А дәрумені көп кездеседі. Бұл дұрыс өсуге және көздің жақсы көруіне көмектесетін дәрумен. Сәбіздің суретін көрсетіп, өлең оқиды. Сәбіз бізге керекті, Дәруменді береді. Пайдалансаң оны көп, Көзің жақсы көреді.Тақтаға азық-түліктердің суреттерін іледі.-Ал, мына жерде В дәрумендері тұрады. Олар ми мен бүкіл ағзамыздың жақсы жұмыс істеуі үшін өте маңызды.Тақтаға суреттерді іледі. -В дәрумені бұршақ, қарақұмық, сұлы жармаларында, сонымен қатар ірімшекте, балықта, қара нанда кездеседі. Сергіту сәті.-Енді С тобының дәрумендерімен танысайық. Бұл дәрумендер ағзамызды әртүрлі аурудан қорғап, қан айналатын тамырларымыздың берік болуына көмектеседі.Жұмыс дәптерінен жеміс-жидектерде, көкөністердің суреттерін қарап, балалардан оларды атап берулерін сұрайды.-С дәрумені көптеген жеміс-жидектерде, көкөністерде кездеседі. Ал пияз туралы не айта аласыңдар? Қазір біз Д дәруменімен танысамыз. Бұл дәрумен біздің сүйегіміздің берік болуы үшін өте қажет. Олар өсімдіктекті емес, жануартекті азықтарда кездеседі, мысалы: ет, бауыр, жұмыртқа, сары май, ірімшік (аталған азықтардың суретін тақтаға іледі). -Біздің ағзамыз қабылдайтын дәрумендер жыл мезгіліне байланысты болады. Жылдың басқа мезгілінде дәрумендерден тапшылық көрмеуіміз үшін, олар дәріханаларда түйіршік дәрі ретінде сатылады. Сендер оны білесіңдер,үнемі пайдаланып жүрсіңдер (көрсетеді) Тәрбиешінің хабарламасына қызығушылық танытады.Сұрақтарға жауап береді.Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.

    Жұмбақ шешеді.Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.

    Балалар құрамында А дәрумені бар азық-түліктерді атап шығады.Балалар құрамында В дәрумені бар азықтарды атайды.Сергіту сәтін жасайды.

    Азық-түліктерді, жеміс-жидектерді атап шығады.

    Пиязды көп жеген,Ауырмайды екен.

    Балалар 4 топқа бөлініп, «Дәрумендер себетін» жинайды.

    Рефлексия -Балалар, саяхатымыз осымен аяқталды. Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы. Сұрақтарға жауап береді.

    Күтілетін нәтиже:Білуі керек: дәрумендердің, дәрумен кездесетін азықтардың аттарын.Нені игереді : дәрумендерді пайдаланудың маңызы туралы түсінікті.Нені біледі: пайдалы азықтарды бұзылып кеткен азықтардан ажырата білуді.

    Білім беру саласы: ДенсаулықБөлімі: Валеология Тақырыбы: «Мен және менің отбасым»Мақсаты: Баланың үйдегі орны туралы түсінігін қалыптастыру. Баланың үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, жауапкершілік сезімдерін дамыту. Балаларға үйдегі қауіпсіздік ережелері жөнінде түсінік беру. Баланың үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.Сөздік жұмыс: «қауіпсіздік мектебі», абай бол, үлкенді сыйла.Көрнекіліктер: қауіпсіздік ережелері жайлы плакат.Сабақ барысы:

    Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Жағымды Жағымсыз
    Мотивация-лық қозғаушы

    Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі

    Балалармен әңгімелесу.-Адам үшін қандай тамақ пайдалы?-Дәрумендердің адам ағзасына қандай пайдасы бар?-Дәрумендер қандай тағамдарда болады?-Отбасы деген кім?

    Отбасы мүшелерінің суреті беріледі.-Ата-әжелеріңді күту керек! олар жылы сөзден қуат алады. -Ата-анаңды сыйла, оларды күт, ренжітпе, қайда болсаң да олардың жанынан табылуға тырыс.-Бала өз бөлмесін жинақы ұстауға жауапты.-Әр бала өз ойыншығын, төсегін, кітаптарын жинай білуі керек.-Ойыншық-әр баланың үлкен досы. Олар таза, бүтін және өзінің арнайы орнында болуы керек.-Шашты үнемі тарап жүру керек. Біреудің тарағымен таранба.-Аяқ киім де тазалықты талап етеді. Дәрігер Салауаттың кеңесі:1. Әке-шешеңді, ата-әжеңді сыйла, оларды күт, ренжітпе.2.Ауланың және үйдің тазалығын сақтауда үлкендерге көмектес.т.бД/о: «Егер отбасымда біреу ауырып қалса, мен өзімді қалай ұстаймын?»Тәрбиешінің әңгімесі «Бала Салауаттың бір күні».Салауаттың анасы үйде жоқ болғандағы оқиға. Ол анасы келгенде үйдегі қауіпсіздік ережелерін есіне түсіргенін айтты.Анасы Салауаттың ақылдылығына риза болды. Ал біз сендермен үйдегі қауіпсіздік ережелерін келесі сабағымызда өтетін боламыз.Тәрбиеші балаларға дәптердегі тапсырмаларды орындауды ұсынады..

    Балалар өз ойларын айтады.

    Балалр сұраққа жауап береді.

    Балалар суреттерді топтастырады.

    Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.

    Балалар әрігер Салауаттың кеңесін тыңдайды.

    Балалар өз ойларын білдіреді.

    Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

    Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі -Балалар, сендермен сабақта немен шұғылдандыңдар, нені үйрендіңдер? Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы. Балалар өз әсерлерін айтады.

    Күтілетін нәтиже:Білуі керек: Таза, жинақы жүруді.Нені игереді : Баланың үйдегі орны туралы түсінікті.Нені біледі: Балалар үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болуды біледі.

    Білім беру саласы: ДенсаулықБөлімі: Валеология Тақырыбы: Мен асүйде анама көмектесемін.Мақсаты: Балаларды азық-түліктерді пайдалануға дайындау ережелерімен таныстыру; себеп-салдар байланысын анықтауға үйрету. Гигиеналық дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту, ұсақ қол қимылдарын жетілдіру, зейіндерін шоғырландыру. Еңбек сүйгіштікке, мейірімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.Сөздік жұмыс: мейрам, тосап.Көрнекіліктер: қуыршақ, «Аспаз» дидактикалық ойыны, азық-түлік суреттері.Сабақ барысы:

    Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Жағымды Жағымсыз
    Мотивация-лық қозғаушы

    Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі

    Ойын: «Менің отбасым … !»Әр бала өз отбасына жақсы сөз айтуы керек.Өткен сабақтағы Дәрігер Салауаттың кеңесін еске түсіру:— Әке-шешеңді, ата-әжеңді сыйла, оларды күт, ренжітпе.-Ауланың және үйдің тазалығын сақтауда үлкендерге көмектес.-Өз бөлмеңнің тазалығын сақта.Қалпағы ақ қарасаң,Дәрігер емес, бірақ ол. (Аспаз)Тосынсый сәті. Аспаздың қонаққа келуі.Қонақтарды қалай күту керектігі жайлы әңгімелеу. Аспаз балаларға М.Дружинаның «Сыйлық» өлеңін оқып береді. Мазмұын бойынша әңгіме өткізу.-Компотты қалай дайындадым дейді?-Компотқа не қосты?Азық-түліктерді дұрыс пайдалану ережесімен таныстыру. Сергіту сәтін өткізу.«Аспаз» дидактикалық ойынын ұйымдастырады.Сурет арқылы жұмбақ шешу. Үсті тас, асты тас, Ортасында піскен ас.  (Таба нан) Судан алады, Суға салса өледі.  (Тұз) Алыстан қарасам аппақ,  Татып қарасам тәтті-ақ.  (Қант) Ақ отаудың есігі де жоқ,  Тесігі де жоқ.  (Жұмыртқа)Д/о: «Артық затты сызып таста».Шарты: балалар алдарындағы суреттен артық затты сызып тастауы керек. Балалар өз ойларын айтады.

    Сұрақтарға жауап береді.

    Жұмбақ шешеді.

    Балалар өлеңді тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап береді.

    Ойын ойнайды.

    Жұмбақ шешеді.

    Балалар ойынға қатысады.Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

    Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі -Балалар, сендермен сабақта немен шұғылдандыңдар, нені үйрендіңдер? Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы. Балалар өз әсерлерін айтады.

    Күтілетін нәтиже:Білуі керек: азық-түліктерді пайдалануға дайындау ережелерін, олардың аттарын білуі..Нені игереді : тағамнан уланудың алдын алу ережелері туралы, дәрумендер мен олардың пайдасы туралы түсінікті..Нені біледі: азық-түліктерді пайдалануға дайындауды; себесалдар байланысын анықтауды.

    Білім беру саласы: ДенсаулықБөлімі: Валеология Тақырыбы: «Үйдегі қауіпсіздік ережесі»Мақсаты: Үйдегі қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін бекітеді. Есте сақтау қабілеттерін арттыру, ұсақ қол қимылдарын жетілдіру. Өз денсаулықтары мен қауіпсіздіктеріне мән бере қарауға тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.Сөздік жұмыс: қауіпсіздік, тоқ, электр тоғы, өткір заттар.Көрнекіліктер: ойыншық мысық, сіріңке, тарақ, ине, жіп, пышақ, қайшы, комьпютер, жұмыс дәптері.Сабақ барысы:

    Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Жағымды Жағымсыз
    Мотивация-лық қозғаушы

    Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі

    Тәрбиеші балаларды қарсы алып, орындарына жайғастырады. Тосын сый. Мысықтың балаларға қонаққа келуі. Жұмбақ жасыру.Түссе күннің шуағы,Көзді еріксіз жұмады. Жылы жерді сүйеді, Беті-қолын жуады. (Мысық) Балаларға қонаққа мысық келеді.-Балалар бізде бүгін қонаққа мысық келді. Мысық өзінің кішкентай қожайыны Сәкеннің ыстық үтікке күйіп қала жаздағанын айтып, балалардан қандай құралдарды мүлдем ұстауға болмайтынын түсіндіріп, көмектесулерін сұрайды. Тәрбиешіні тақтаны қызыл, сары, жасыл түсті бөліктерге бөліп, балалардан суреттерді (сіріңке, тарақ, ине, жіп, пышақ, қайшы, комьпютер, кітап) тақта бөліктеріне орналастыруларын сұрайды.

    Д/о: «Менің кім екенімді тапшы»Шарты: бір бала үнсіз қимылмен бейнелейді де, басқа балалар оны табулары керек. Сергіту сәті.

    Дәптердегі тапсырмаларды орындау.Тапсырма: «Артығын тап»Шарты: балалар қауіпсіз заттардың ішінен қауіпті заттарды табулары керек.Мысық сөмкесіне Сәкен екеуінің тұрмыста және ойын кезінде қолдана алатын құралдарын салып, кетуге жиналады.Балаларға рахмет айтады.

    Қонақты қарсы алады.Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

    Балалар өз ойларын айтады.Тақтаға заттарды бөліп орналастырады.

    Бір бала үнсіз қимылмен бейнелейді, басқа балалар оны табады.Жаттығуды орындайды.

    Қауіпсіз заттарды анықтауға көмектеседі.

    Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі -Балалар, сендердің ерекше естеріңде не қалды? Сендерге не ұнады?Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы. Мысықпен қоштасады.Балалар өз әсерлерін айтады.

    Күтілетін нәтиже:Білуі керек: Үйдегі қауіпсіздік ережелерін, денсаулыққа қауіп төндіретін заттарды.Нені игереді :Отпен, электр тогымен, өткір заттармен ойнаудың неге соғатынын.Нені біледі:қауіпті, қауіпсіз заттарды ажырата білуді, үйде қауіпсіздік ережелерін сақтауды..

    Білім беру саласы: ДенсаулықБөлімі: Валеология Тақырыбы: «Шұғыл қызмет телефоны»Мақсаты: Балалардың телефонмен сөйлесу ережесі туралы білімдерін бекіту, шұғыл қызмет телефонының нөмірлерімен таныстыру, үйдегі қауіпсіздік ережесі туралы білімдерін бекіту. Зейіндерін шоғырландыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту, ұсақ қол қимылдарын жетілдіру. Сыпайы болуға, өз денсаулықтарын күте білуге, шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.Сөздік жұмыс: телефон нөмірі, полиция, жедел жәрдем, өрт қауіпсіздігі қызметі.Көрнекіліктер: сиқырлы қап, ойыншық телефон.Сабақ барысы:

    Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Жағымды Жағымсыз
    Мотивация-лық қозғаушы

    Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі

    Ойын: «Тірі телефон» Үйдегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп өту. Жаңа сабақ.Жұмбақ жасыру.Бір сиқырлы қобдиша бар тамаша,Шырылдайды жергектегі балаша.Шамы да бар, кейде өшіп, жанады,Қолға алсаң тыныштала қалады. (Телефон) Сиқырлы қаптан ойыншық телефонды шығарып, тосынсый сәтін ұйымдастырады.Телефон шырылдайды. Тәрбиеші телефонды шығарып көтереді.К.Чуковскийдің «Менің телефоным шырылдады» ертегісінен үзінді оқып беру. Балалармен әңгімелесу.Полиция, жедел жәрдем, өрт қауіпсіздігі қызметініңтелефон нөмірінің алғашқы екі санының бірдей- 1 мен 0 екенін, ал үшінші санын табу үшін жұмбақ шешу керектігін айтады. Тапсырма: «Телефон нөмірлерін бастырып шық». Жұмбақ жасыру.Алатаяқ ұстаған,Жол тәртібін нұсқаған.Өміріңді күзеткен,Ысқырығы күшті адам. (Полиция)Дабылға тез жететін,Жалынға сүңгіп кететін.Қақалса да түтінге,Тайсалмайтын батыл кім,Жасқанбайтын батыр кім? (Өрт сөндіруші) Сергіту сәті.Қонаққа мысық келіп, өзінің қандай қиын жағдайға тап болғанын айтады.Тәрбиеші Маршактың «Мысықтың үйі» ертегісіні оқып береді.Өрт шыққан жағдайда өрт қауіпсіздігі қызметінің нөмірін теріп, көмекке шақыру қажеттігін айтып, қорытынды жасайды.К.Чуковскийдің «Айболит» ертегісінен үзінді келтіреді.Сурет бойынша жұмыс. Балалар өз ойларын айтады.

    Суреттен қаланың көрнекті жерлерін тауып айтады.Қонақты қарсы алады.Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

    Балалар денсаулық туралыБілетін мақал-мәтел, тақпақтарын айтып береді.

    Балалар ойынға қатысады.Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

    Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі -Балалар, сендердің ерекше естеріңде не қалды? Сендерге не ұнады? Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы. Балалар өз әсерлерін айтады.

    Күтілетін нәтиже:Білуі керек: телефонмен сөйлесу ережесін, шұғыл қызмет телефонының нөмірлерін.Нені игереді : адам өмірінің қауіпсіздігі туралы, полиция, дәрігер, өрт сөндіргіш мамандықтары және шұғыл қызмет туралы түсінікті.Нені біледі: телефонды пайдаланып, жеделе қызмет өкілдерін шақырып, қажетті мәліметті хабарлауды. Білім беру саласы: ДенсаулықБөлімі: Валеология Тақырыбы: «Көшеде абай бол!»Мақсаты: Балаларға жолда жүру ережелері туралы мағлұмат беру. Балаларға жолда жүрудің тәртіп ережелерін қалыптастыру. Алған білімдерін іс жүзінде қолдануға қызығушылығын тудыру. Өз денсаулығына күтіп ұстауға деген ұмтылысын және полиция және жүргізуші мамандығын құрметтеуге тәрбиелеу.Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.Сөздік жұмыс: жол белгісі, бағдаршам, полиция қызметкері.Көрнекіліктер: жол белгілерінің суреттері салынған конверт, бағдаршам, жұмыс дәптері.Сабақ барысы:

    Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Жағымды Жағымсыз
    Мотивация-лық қозғаушы

    Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі

    Балалармен шұғыл қызмет телефонының нөмірлерін еске түсіріп шығу. Тосынсый сәті. Пошташы келіп, балаларға конверт әкеліп береді.Конвертте жол белгілері салынған екен, балаларға көрсетіп, не екенін сұрайды. Жұмбақ жасыру. Қызыл көзін ашқанда,Сынық сүйем бас алға.Сары көзін ашқанда,Қарап қалма аспанға.Жасыл көзін ашқанда,Өте бергін жасқанба. (Бағдаршам)Алатаяқ ұстаған,Жол тәртібін нұсқаған.Өміріңді күзеткен,Ысқырығы күшті адам. (Полиция) Ойын: «Көше»Шарты: балалар бір тобы-жүргізуші мен жолаушылар, ал екінші тобы- жаяу жүргіншілер болып бөлініп ойнайды. Дәрігер Салауаттың кеңесі.Әліппе-дәптермен жұмыс.Тәрбиеші балаларға денсаулығымыздың мықты болуы көшеде жүру тәртібін сақтауға да байланысты екенін айтады. Ойын: «Бағдаршам» Шарты:Тәрбиеші балаларға жасыл түсті көрсеткенде балалар жүреді, сарыны көрсеткенде-алақан соғады, қызыл түсте тыныштық сақтайды.Тәрбиеші балаларға жол белгілері жайлы түсінік береді.Ереже:Әліппе-дәптермен жұмыс.Ереже:-Таныс емес адамдармен сөйлеспе.-Бөтен адамның сыйлығын алушы болма.-Бөтен адамның машинасына отырма.

    Балалар өз ойларын айтады.

    Балалар ойынға қатысады.

    Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

    Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі Қортынды:-Бағдаршамға қарауды ұмытпа.Көше мен жолда адамдармен сөйлеспе.Көшеден арнайы жолақ жолдан өт.-Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлеспе. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы. Балалар өз әсерлерін айтады.

    Күтілетін нәтиже:Білуі керек: жол қауіпсіздігі ережелерін, жолда жүру ережелерін, жол белгілерін;Нені игереді : мамандықтар туралы, полиция қызметкері мамандығы туралы түсінікті.Нені біледі: жолдың белгіленген жерінен өтуді; жол ережесін сақтауды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды

    Білім беру саласы: ДенсаулықБөлімі: Валеология Тақырыбы: «Сыпайы бол!»Мақсаты: Балаларды қоғамдық орында өзін-өзі ұстай білуіне, мәдениетті сөйлесу ережелерімен таныстыру. достыққа, төзімділікке, мейірімділікке, кішіпейілділікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.. Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.Сөздік жұмыс: достық, сыпайылық, кішіпейілділік..Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының картасы, жұмыс дәптері.Сабақ барысы:

    Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Жағымды Жағымсыз
    Мотивация-лық қозғаушы

    Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі

    Балалармен жол қауіпсіздігі ережелерін, жолда жүру ережелерін, жол белгілерін еске түсіру.Сұрақтар қою.Үйдегі қауіпсіздік ережелерін қалай сақтауымыз керек?-Ал көшедегі қауіпсіздік ережесі ше?Жаңа сабақ.-Қалай ойлайсыңдар, қоғамдық орында қандай тәртіп ережелері бар? Жағдаятты талқылау.1.Қарт әже автобусқа кірсе, бос орын жоқ.-Сен не істер едің?2.Әже ауыр сөмке көтеріп, автобусқа кірді.-Сенің іс-әрекетің?3.Қыздың екі қолында сөмке бар.-Сен көмектесер ме едің?4.Ол артқы есіктен кірмекші болды, бірақ есік жабық тұр. Есікті ашайын десе, қолы бос емес.-Сен не істер едің?Балалармен әңгімелесу.-Әжеге, қарияға, қызға көмектескенде сен нені сезіндің?-Адамдар біреуге жақсы іс істегенде қуанып, рахаттанса, кішіпейіл болса, ерекше қуаныш сезімге бөленеді, содан адамның денсаулығы мықты болады.Д/о: «Көңіл-күй» Дәрігер Салауаттың кеңесі.1)Қоғамдық көліктерде тұтқаның бәрі кір, сондықтан үйге келгенде міндетті түрде қолды жу.2)Әр затты ұстап көрген қолыңмен тамақтанба. Дәрігер Салауат сендерге үнемі:-күлімдеп жүруді;-автобуста қарияларға орын беруді;-ауыр затты көтерісуге көмектесуді;Әліппе-дәптермен жұмыс. Сыпайы және тәртіпті болу қандай жақсы, тіпті денсаулыққа да пайдалы. Балалар қауіпсіздігі ережелерін туралы өз ойларын айтады.

    Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

    Балалар түрлі көңіл күйдегі адамдардың бет-әлпетін: көрсетеді.

    Балалар ойынға қатысады.Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

    Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі -Балалар, сендермен сабақта немен шұғылдандыңдар, нені үйрендіңдер? Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы. Балалар өз әсерлерін айтады.

    Күтілетін нәтиже:Білуі керек: Қоғамдық орында өзін-өзі ұстай білуді.Нені игереді: балалар қоғамдық орында өзін-өзі ұстай білу ережелері туралы түсінікті.Нені біледі:Үлкенді сыйлауды, әрдайым көмек беруді.

    Білім беру саласы: ДенсаулықБөлімі: Валеология Тақырыбы: «Өзіңе және өзгелерге көмектес». Мақсаты: Балаларды адам денесінің құрылысы туралы, маңызды дене мүшелерінің қызметі туралы білімдерін бекіту; жұқпалы аурулар мен олардың белгілері туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру, үлкендерден дер кезінде көмек сұрай білуді және жедел көмек қызметін шақыруды үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз денсаулығына құндылық ретінде қарауға тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.Сөздік жұмыс: улану, күйік шалу, үсікке шалыну, есінен талып қалу, сүйектің шытынауы, алғашқы көмек..Көрнекіліктер: қуыршақ, ойыншықтар, ақ халат, ойыншық телефон, жедел жәрдем қорапшасы, жұмыс дәптері.Сабақ барысы:

    Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Жағымды Жағымсыз
    Мотивация-лық қозғаушы

    Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі

    Дәрігер Салауаттың кеңестерін еске түсіру:Күлімдеп жүруді; автобуста қарияларға орын беруді; ауыр затты көтерісуге көмектесуді; кіреберісте есікті ашуды; барлық ұлдар қыздарды сыйлауды; ал қыздар сыпайы және мейірімді болу. Жаңа сабақ.-Денің сау болу үшін не істеу керек?Тосын сый.Балаларға қонаққа СӨС дәрігері келеді, ол егер біреу ауыра қалса, не кенет бір жағдай болып қалса, дәрігер келгенше не істеу керектігін түсіндіреді.Балалармен әңгімелесу.-Азық-түлікті пайдаланар алдында не істеу керек?Егер біз көкөністі пайдаланарда жақсылап жумасақ немесе жақсы піспеген етті жесек не болуы мүмкін?-Дұрыс жауап бердіңдер. Тағамнан адамдар улана ма? Егер біреу уланып қалса не істеу керек? Сюжетті-рөлдік ойын: «Құтқарушылар»Егер біреу уланып, күйік шалып, үсікке шалынып, Есінентанып немесе жараланып қалса немесе сүйегін шытынатып алса дәрігер келгенше өзін қалай ұстау керектігін түсіндіреді.-Алғашқы көмекті көрсеткеннен кейін не істеу керек?-Дұрыс айтасыңдар, медициналық жедел жәрдем қызметін шақыру керек. Келіңдер, телефон нөмірін еске түсіріп, СӨС дәрігеріне телефон соғайық.Сергіту сәтін өткізеді.Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.-Мен сендердің нағыз құтқарушы екендеріңе жане кез келген жағдайда сенімді көмекші бола алатындарыңа сенімдімін. Сендерге рахмет,-дейді СӨС дәрігері. Балалар өз ойларын айтады.

    Қонақты қарсы алады.

    Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

    Балалар кезегімен «ауруларға» алғашқы көмек көрсетеді. Аурулар рөлінде-қуыршақтар мен ойыншықтар.

    Сұрақтарға жауап береді.

    Ойыншық телефоннан жедел жәрдем қызметінің телефон нөмірін тереді.Жаттығу жасайды.Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

    Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі Тәрбиеші балаларға қонақпен қоштасуды, оған алғыс айтуды ұсынады.Балаларды мадақтап, бірлесе атқарған жұмыстары үшін рахмет айтады. Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы. Балалар өз әсерлерін айтады.

    Күтілетін нәтиже:Білуі керек: адам денесінің құрылымын, маңызды дене мүшелерінің қызметін; үйде және көшеде қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, болмашы жарақат алғанда алғашқы көмек көрсетуде білуді.Нені игереді: жарақат, ауру мен оның белгілері туралы түсінікті.Нені біледі: терісіндегі, қолындағы, көзіндегі, бетіндегі өзгерістер арқылы өзінің және жолдасының денсаулығын анықтауды; үлкендерден көмек сұрай білуді және жедел көмек қызметін шақыруды.

    Білім беру саласы: ДенсаулықБөлімі: Валеология Тақырыбы: «Айболит және оның достары»Мақсаты: Әртүрлі аурулармен және оның себептерімен таныстыру. Жұқпалы және суық тию ауруларының алдын алу шараларының маңызын көрсету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз денсаулығына құндылық ретінде қарауға тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.Сөздік жұмыс: жұқпалы ауру, суық тию ауруы, аурулардың алдын алу шаралары.Көрнекіліктер: әртүрлі суреттер, қуыршақ, ойыншық жануарлар, жұмыс дәптері.Сабақ барысы:

    Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Жағымды Жағымсыз
    Мотивация-лық қозғаушы

    Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі

    Тәрбиеші балаларға «Дәрігер Айболит» ертегісін естеріне түсіруді ұсынады.Балаларға сұрақтар қою.-Дәрігерге нелер келді?-Ол қалай емдеді?-Сендер үй жануарларына қандай көмек көрсетер едіңдер?-Өз беттеріңше жануарларды емдей аласыңдар ма?Тосынсый сәті. Дәрігер Айболиттің келуі. Дәрігер Айболиттің әңгімесі.-Біздің қамқорлығымыз жануарларға өте қажет. Адамдар сияқты жануарлардың да денсаулығы мықты болуы керек. Ауырған жануарда микроб болып, ол адамдарға жұғуы мүмкін. Сондықтан барлық жануарларды арнайы дәрігерге көрсетіп, егу және жақсы күтім болуын, дұрыс тамақтануын қадағалау қажет. Егуден басқа, әр 2-3 айда жануарларға ішек құртқа қарсы дәрі беру керек. Жануарлармен бірге ойнағаннан кейін міндетті түрде қолды жуу керек. Дәрігер Айболит өзінің достарына жақсы қамқорлық көрсетеді, ал сендерге оларды жақсы көріп, аурудан қорғауды ұсынады. Ойын: «Микроб, вирус, бактериялар егуден қорқады».. Шынығу кезінде негізінен табиғаттың үш сыйы (күн, су, ауа) біздің ағзамызға әсер етеді және олар ауруларды тұншықтырып, жояды.-Микроб, вирус, бактериялар тамақтанудан қорқады. Құнарлы көкөністер мен жемістерді көп жеу керек.— Микроб, вирус, бактериялар егуден қорқады. Егу дегеніміз-микробпен күресудің бір жолы. Доппен ойын: «Жақсы-жаман». Д/о: «Қуыршақты емдейміз».-Жараны таза сумен жуып, йод жағу керек.-Жараға кір, шаң түспес үшін, таза дәкемен таңу керек. Дәрігер Салауаттың кеңестері:1.Қолды жиі жуу керек;2.Ит, мысықпен бірге ұйықтауға болмайды.Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.

    Балалар сұрақтарға жауап береді.

    Балалар тосынсыйға қуанады. Дәрігер Айболиттің әңгімесін тыңдайды.

    Балалар ойынға қатысады.Микробтар туралы өз білетіндерін айтады.

    Балалар тәрбиешінің айтқан сөзіне «жақсы» не «жаман»Деген баға беріп, допты қайтарады.

    Балалар Дәрігер Салауаттың кеңестерін тыңдайды.Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

    Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі -Балалар, сендермен сабақта немен шұғылдандыңдар, нені үйрендіңдер? Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы. Балалар өз әсерлерін айтады.

    Күтілетін нәтиже:Білуі керек: Әртүрлі аурулармен және оның себептерін.Нені игереді : Жұқпалы және суық тию ауруларының алдын алу шараларының маңызын.Нені біледі: Әңгіменің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруді.

    Білім беру саласы: ДенсаулықБөлімі: Валеология Тақырыбы: «Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар»Мақсаты: Балалардың саңырауқұлақтар жайлы түсініктерін кеңейту; жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтармен, оларды жинау ережесімен таныстыру. ұсақ қол қимылдарын, ойлау қабілеттерін дамыту, зейіндерін шоғырландыру. Өз денсаулығына, табиғатқа құндылфқ ретінде қарап, оларды күтіп ұстауға тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.Сөздік жұмыс: саңырауқұлақ, жеуге жарамды саңырауқұлақ, улы саңырауқұлақтар.Көрнекіліктер: саңырауқұлақтардың суреттері.Сабақ барысы:

    Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Жағымды Жағымсыз
    Мотивация-лық қозғаушы

    Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі

    Өткен сабақты қайталау:— Микроб, вирус, бактериялар неден қорқады екен?Дәрігер Салауаттың кеңестерін еске түсіру.1.Қолды жиі жуу керек;2.Ит, мысықпен бірге ұйықтауға болмайды.

    Жұмбақ жасыру.Әлдебіреу отыр ағаш түбінде,Кім екен бұл? Қарайықшы түріне.Қызық екен, аяғы біреу, етік жоқ,Қалпағы бар, бірақ бас пен беті жоқ. (Саңырауқұлақ) Ойыншық саңырауқұлақты көрсету.-Мен сендерге орманға саяхатқа шақырамын.Балаларды саңырауқұлақты жинау ережелерімен таныстырып өту. Ертегі айтып беру.Мәтін бойынша сұрақтар қою:-Қандай Түлкішектер кездесті?-Олардың қайсысы дұрыс айтты?— Түлкішектерді жеуге болады ма?-Оларды қалай жинау керек? Сергіту сәтін өткізу.Жаттығу «Саңырауқұлақ жинауға көмектес»Бір, екі, үш, төрт, бес,Саңырауқұлақ көрсең кес.Жинап алдық,Себетке салдық.Тапсырма: «Жеуге жарамды саңырауқұлақтарды қорша».Саусақ жаттығуы.Тапсырма: «Өздеріңе ұнаған саңырауқұлақтың суретін салыңдар»

    Балалар өз ойларын айтады.

    Балалар Дәрігер Салауаттың кеңестерін естеріне түсіреді.

    Балалар жұмбақ шешеді.

    Тәрбиешінің ертегісін тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

    Жаттығуды орындайды.

    Балалар жеуге жарамды саңырауқұлақтарды қарындащпен қоршайды.Балалар ойынға қатысады.

    Балалар тапсырмаларды орындайды.

    Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі -Балалар, сендермен сабақта немен шұғылдандыңдар, нені үйрендіңдер? Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы. Балалар өз әсерлерін айтады.

    Күтілетін нәтиже:Білуі керек: «жеуге жарамды» және «улы» түсінігін, саңырауқұлақтардың аттарын, оларды жинау ережелерін.Нені игереді: табиғатты күтуді, улы саңырауқұлақтарды пайдаланудың қауіптілігін.Нені біледі: жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарды ажырата білуді; оларды жинау ережесін; сұрақтарға жауап беруді.

    Білім беру саласы: ДенсаулықБөлімі: Валеология Тақырыбы: Дәрілік шөптер мен улы өсімдіктерМақсаты: Балалардың дәрілік шөптер мен улы өсімдіктер туралы түсініктерін қалыптастыру. Сөйлеу және сөйлеу тілін жетілдіру.Өз денсаулықтарын күтуге тәрбиелеу.Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.Сөздік жұмыс: тұнба, дәрілік шөптер, улы өсімдіктерКөрнекіліктер: тақырыпқа сай суреттер, стақан, қайнаған су, орамал, дәрілік шөптер, жұмыс дәптері.Сабақ барысы:

    Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Жағымды Жағымсыз
    Мотивация-лық қозғаушы

    Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі

    Өткен сабақты еске түсіру.Сұрақтар қою. Балаларға дәрілік өсімдіктердің суреттері мен кепкен бұтақтарды, дәрілік өсімдіктердің қорапшаларын қояды.Ойын: «Ата және айтып бер»Балаларға өздеріне таныс өсімдіктерді атап , ол туралы айтып берулерін сұрайды. Тәрбиеші дәрілік өсімдіктер жайлы әңгімелеп береді. Тәрбиешінің әңгімесі. Тәрбиеші қай өсімдіктің қандай ауруға ем болатынын айтып өтеді. Д/о: «Кім тапқыр?» Мына шөпті, балақай, Ұстап алма байқамай. Тістеп алар қолыңды, Бұл-ашулы …(қалақай). Көйлегі ақ, көзі сары, Бұл-әдемі …(түймедағы). Бар дәріні бойына Жиған жапырақ, Атын оның біліп ал- Иманжапырақ.Сергіту сәті.Тәрбиеші дәрілік өсімдіктерді жинау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Балаларды улы өсімдіктермен таныстырып өту.-Меңдуана, шыбынқырғыш. Д/о: «Мен суреттеймін, сендер табыңдар».Шарты: тәрбиеші бір шөпті суреттеп айтады, ал балалар болса, оны алдарындағы суреттен тауып көрсетулері керек. Шөп тұпбасын дайындауды көрсетеді. Стақанға қажет мөлшерде шөп бөлігін салып, қайнаған су құйып, орамалмен жауып қояды. Д/о: «Бөліктері бойынша өсімдікті жина»Тұқымы, жапырағы, жемісі арқылы өсімдікті танып, сурет кесінділерін жинастыру қажет. Балалар сұрақтарға жауап береді.

    Өсімдіктердің суреттерін қарап қызығушылық танытады.Сұрақтарға жауап береді.

    Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

    Балалар жұмбақ шешеді.

    Сергіту сәтін орындайды.

    Балалар ойынға қатысады.

    Балалар шөп тұнбасының дайындалуын бақылайды.

    Өсімдіктің бөліктерге бөлінген суретін жинақтайды.

    Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі -Балалар, сендермен сабақта немен шұғылдандыңдар, нені үйрендіңдер? Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы. Балалар өз әсерлерін айтады.

    Күтілетін нәтиже:Білуі керек: өсімдіктердің пайдалы және улы болатынын.Нені игереді : дәрілік шөптерді аурудың алдын алу және емдеу үшін пайдалануға болатыны туралы түсінікті.Нені біледі: пайдалы және улы өсімдіктерді жемісі, жапырағы, гүлі арқылы ажырата алуды.Білім беру саласы: ДенсаулықБөлімі: Валеология Тақырыбы: «Пайдалы кеңестер мен жағымсыз әдеттер»Мақсаты: Балалардың салауатты өмір салты туралы түсініктерін бекіту. Ішімдікке және темекі шегуге қарсы жағымсыз сезімдерін қалыптастыру. Өз денсаулығына, өзге адамдарға құрметпен қарау сезімін тәрбиелеу.Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.Сөздік жұмыс: Пайдалы кеңестер, жағымсыз әдеттер Көрнекіліктер: тақырыпқа сай суреттер, жұмыс дәптері.Сабақ барысы:

    Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Жағымды Жағымсыз
    Мотивация-лық қозғаушы

    Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі

    Өткен сабақты еске түсіру.Сұрақтар қою.Дәрігер Салауаттың суретін балаларға көрсетіп, суреттеп берулерін өтіну. Балалардың жауаптарын қорыту.Ойын: «Мен өскенде кім боламын?»-Кімнің Дәрігер Салауатқа ұқсағысы келеді. Дәрігер Салауаттың кеңестері:1. Шынығу;2.Дұрыс тамақтану;3.Күн тәртібін сақтау;4.Табиғатпен, қоршаған ортамен сәйкестікте өмір сүру; Әліппе дәптеріндегі жұмыс. Балалар өз бойындағы жағымда дағдыларын атап отырады, ал педагог оны жеке-жеке үлкен парақ бетіне жазып, «Валеология» сөзінің айналасына қойып шығады.

    Тәрбиеші балалардың денсаулыққа зиянды жағымсыз әдеттердің бар екендігін атап берулерін өтінеді. Тәрбиеші балаларға темекінің адам денсаулығына тигізер зиянын атап береді.Тапсырма: Балаларға денсаулыққа зиянды жағымсыз әдеттерді суретке салып берулерін айту. Тәрбиеші балаларға шарап ішудің адам денсаулығына тигізер зиянын атап береді.Тапсырма: Балаларға бірігіп ұжымдық «Ішімдік пен темекіге жол жоқ!» атты жарнама шығаруды ұсыну.

    Балалар өз ойларын айтады.

    Суреттен қаланың көрнекті жерлерін тауып айтады.Қонақты қарсы алады.Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

    Балалар дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды.

    Балалар денсаулыққа зиянды жағымсыз әдеттердің бар екендігін атап отырады

    Балалар жағымсыз әдеттерді суретке салады.

    Балалар жарнама шығарады.

    Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі -Балалар, сендерге Дәрігер Салауаттың кеңестерініңқайсысы ұнады? Нені үйрендіңдер? Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы. Балалар өз әсерлерін айтады.

    Күтілетін нәтиже:Білуі керек: «салауатты өмір салты» туралы түсініктерін.Нені игереді : Ішімдікке және темекі шегудің денсаулыққа қаншалықты зиянды екендігін.Нені біледі: жағымсыз әдеттерден аулақ болу керектігін.

    Білім беру саласы: ДенсаулықБөлімі: Валеология Тақырыбы: Мен – болашақ Қазақстанның салауатты жас азаматымын.Мақсаты: өз қаласы, өз елі туралы түсініктерін бекіту, Қазақстан Республикасының Президенті туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру. Зейіндерін шоғырландыру, тіл байлықтарын дамыту. Туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу.Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.Сөздік жұмыс: Отан, Ақорда, патриот, салауатты азамат.Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының картасы, слайд-шоу, тапсырмалар жазылған карточкалар..Сабақ барысы:

    Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Жағымды Жағымсыз
    Мотивация-лық қозғаушы

    Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі

    Ойын: «Менің сөзімді жалғастыр»Шарты: «Мен өз қаламды …..» «Мен өз елімді ……»Сұрақ-жауап арқылы әңгіме өткізу:-Қандай жерді Отан деп атаймыз?-Отан деген сөз қандай мағынаны білдіреді?-Біздің еліміз қалай аталады?Тосынсый сәті. «Сиқырлы қаптан» сиқырлы саяхатқа арналған билеттерді алып шығу. Қазақстанның картасын көрсетіп, жеріміздің қандай үлкен аймақты алып жатқанын айтады. Қазақстан Республикасының Президентінің суретін көрсетіп, оның қызметі туралы әңгімелейді. Елтаңба мен Туды көрсетіп, Әнұранды тыңдатады. Слайд арқылы Қазақстанның әртүрлі қалалары мен табиғи аймақтарының суреттерін көрсетеді. Қазақстанда мекендейтін халықтар жайлы әңгімелеу. Әр баланың Қазақстан Республикасының азаматы екенін айтады. Отан, ел, туған жер туралы мақал-мәтел айту.Сергіту сәтін өткізу. Коллаж жасау.Балалар еліміздің картасына әр гүлді жапсырған сайын Қазақстан азаматының бір қасиетін айта отырып, коллаж жасау.Қортындылау. Ойын: «Мен елімнің мақтанышы болу үшін не істей аламын»Тапсырмаларды орындату. Балалар өз ойларын айтады.

    Суреттен қаланың көрнекті жерлерін тауып айтады.Қонақты қарсы алады.Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

    Балалар денсаулық туралыБілетін мақал-мәтел, тақпақтарын айтып береді.

    Балалар ойынға қатысады.Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

    Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі -Балалар, сендермен сабақта немен шұғылдандыңдар, нені үйрендіңдер? Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы. Балалар өз әсерлерін айтады.

    Күтілетін нәтиже:Білуі керек: өз қаласының, өз елінің атын, Мемлекеттік әнұранды айту мен тыңдау ережесін. Нені игереді : Қазақстан Республикасының Президенті, еліміздің рәміздері, олардың маңызы туралы түсінікті.Нені біледі: Отанымыздың атын дұрыс атап, ол туралы әңгімелей білуді; мемлекеттік рәміздерді дұрыс атауды; рәміздерге құрмет көрсетуді.







    Материалды сайттан тегін жүктеу

    Жүктеу

    Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.