Қоғам, мәдениет, тарих және адам туралы ғылымның қалыптасу тарихы — Философия — Қазақша рефераттар — Қазақша тесттер мен шпорлар

0

Қоғам, мәдениет, тарих және адам туралы ғылымның қалыптасу тарихы.

  1. Философия ғылыми білімінің оның ішінде қоғам, мәдениет, тарих және адам туралы білімдердің (Платон, Аристотель, Кант, Гегель, Гоббс және т.б) интегрладық формасы түрінде.
  2. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылыми пәндер циклының қалыптасуы: эпирикалық мәліметтер және тарихи-логикалық қайта құрулылар.
  3. Ғылыми білімнің пәндік құрылымының әлеуметтік-мәдени жағдайы: социология, экономика, политология және мәдениет туралы ғылым.
  4. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың әлеуметтік контекстіне тәуелділігі: классикалы, классикалы емес және постклассикалық емес ғылым.
  5. Қазақстандағы әлеуметтік методология мен әлеуметтік білімнің жаңа парадигмасы

Ғылыми революцияларды түрліше белгілері бойынша ажыратуға болады, сондықтан оның біртұтас классификациясы жоқ. Ғылыми революциялардың, мәселен, жалпылық белгісіне қарай, зерттелетін заттар мен құбылыстардың ашып көрсетілетін мәнінің терендігіне қарай, ғылымдардың түріне қарай, олардың техникалық прогресс пен қоғамның рухани мәдениетіне тигізетін әсеріне және т.б. карап бірнеше түрін атап көрсетуге болады. Оның үстіне революцияның бір белгілерін екіншілерінен айыру кейде өте қиынға соғады. Сол себепті ол революцияларды ғылыми жалпылығына қарай және ғылыми таным тарихында атқарған рөлінің маңыздылығына қарай топтастырып көрейік.

1.Ғылыми революцияның ғылымішілік механизмі. Ғылыми революцияның ең көп тараған түрі жеке ғылым ішінде болатын революциялық өзгерістер. Мұндай революциялар жеке ғылымдардың ішкі кұрылысының құрылымдық өзгерісі мен дүниеге көзкарастық мазмүнының өзгерісіне байланысты болады.

Жеке ғылымдардағы бірінші революция сол кездердегі ең дамыған физика ғылымыңда механиканың тууына байланысты болды. Ол антик заманының натурфилософиялық түсініктеріне және ортағасырлық схоластикалық көзқарасқа карсы материяның ең қарапайым козғалыс формасын — жер мен аспан денелерінің кеңістіктегі механикалық орын ауыстыруын эксперименттік жолмен зерттеуге байланысты туды. Галилей, Кеплер және Ньютон сияқты көрнекті ғалымдардың күш салуының аркасында жер мен аспан денелерінің механикасы туралы жаңа ғылым жасалды. Жаңа құбылыстар мен процестерді зерттеуге механика принциптерін қолданумен бірге бір мезгілде дүииенің механистік бейнесі жасалды — оның негізін Ньютон механикасының онтологиялык түсінігі құрды.

Алайда механиканың теориялық принциптері мен дүниенің механистік

бейнесі электр мен магнит құбылыстарын зерттеу үшін жарамсыз болып

шықты. Эрстед пен Фарадей ашқан жаңалыктар электр мен магнетизмнің бір-бірімен өзара айырғысыз байланысты екенін көрсетті. Бүл Максвелді жаңа электромагниттік өріс теориясын жасауға алып келді. Осыған орай дүниенің ғылыми бейнесі де өзгерді. Бұл бейнеде заттың орнына электромагниттік өріс келді.

Салыстырмалылык теорияның жасалуына байланысты болған

революциялык, өзгерістер кеңістік пен уақыт туралы бұрынгы классикалық түсінікті түбірінен өзгертті. Ол өзгерістер кеңістік пен уакыттың абсолютгік ұғымын бекерге шығарып, онын салыстырмалы ақикат екенін дәлелдеді. Материяның аса ұсақ бөлшектерін зерттеуге көшу және кванттык механиканың тууы ғылымның механикалық принциптерінен бүтіндей бас тартуға жэне материя мен себептілік, кажеттілік пен кездейсоқтық, мүмкіндік пен шыңдық туралы революциялық өзгеріске алып келді. Мұның бәрі дүниенің ғылыми бейнесін айтарлықтай күрделілендірді. Бұл сияқты революциялык өзгерістер тек физикада ғана емес, химияда да, биологияда да, Жер туралы ғылымдарда да (геологияда, палеонтологияда) және басқа да жаратылыстану салаларында, техникалық жэне әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарда болды.

Революциялардың ғылым ішілік механизмінің кызметін аткаратын

көбінесе зерттеудін жаңа объектілерінің көшу және жаңа зерттеу әдістерін

пайдалану болып табылады. Бұл процестен бұрын бақылаудың,

эксперименттің және өлшеудің жаңа кұралдары колдануылуы мүмкін, бірақ нағыз революциялық өзгеріс жаңа зерттеу объектілеріне көшуден басталады. Зерттеудің бұрынғы әдістері жаңа объектілердің касеиттерін түсіндіруге жарамсыз болып калуына байланысты, сондай-ак түсіндірудің жаңа әдістері пайда болады-алғашында гипотеза, одан кейін теория және басқа формалар түрінде пайда болады.

Зерттеудің жаңа объектісіне көшу сол ғылым зерттейтін дүниенің

бейнесін мүлдем өзгертуі мүмкін: механикадағы заттың орнына

электродинамикада өріс келсе, кванттық механикада аса ұсақ элементарлық бөлшектер келеді. Сондай-ақ ғылымның негіздері де, яғни оны зерттеудін идеалы, мақсаты мен нормасы да азды-кепті өзгереді.

2. Ғылымаралық, баайланыстар ғылыми революцияның факторы ретінде.

Ғылымның даму барысында әртүрлі ғылымдардың арасында өзара

байланыс пен қатынастар үздіксіз жүріп жатады. Ғылым тарихының

бастапқы кезендерінде мұндай қарым-қатынастар әлдеқайда дамыған, ғылым ретінде калыптасып болған ғылымдардың әлі қалыптасып үлгірмеген жас ғылымдарға әсер етуі түрінде іске асады. Мұндай қарым-катынастар XVII—XVIII ғасырларда жаратылыстануда механика жетекші ғылым болып тұрган кезде болған еді. Сондыктан оның теориялық принциптері, зандары мен зерттеу әдістері, қысқасы, парадигмасы химиядан бастап биология мен социялогияға дейін баска ғылымдарда колданылды.

Ағылшын химигі Р.Бойль XVII ғасырда-ақ атомистік дәстүрге сүйене

отырып, химиялык реакцияларды Ньютонның механикалык зандарына

бағынатын аса ұсак бөлшек заттардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі деп

қарастырды. Бірак ол тәжірибе мәліметтеріне сүйене отырып, косылу және айырылу реакцияларында атомдык бөлшектер өзгермейді деп түсінуге мәжбүр болды. Кейінірек француз химигі А.Лавуазье дүниенің химиялык бейнесінің бірі деп атауға болатын химиялық элементтердің өзара әрекеттесуі туралы айқынырақ концепция тұжырымдады. Онда ол химиялық элементтер деп одан әрі құрамдас бөліктерге бөлінбейтін заттарды атады. Лавуазьенін химиялық жүйесінде көптеген механикалық түсініктер әлі де анықталғанымен, бірақ онда химиялық элементтердің бір қатар ерекшеліктері және олардың белгілі бір өзара ұқсастығының арқасында бір-бірімен реакцияға түсу қабілеттілігі еске алынды. Ғылыми химияның бастамасын әдетте бүкіл ғылымды физиканың атомдық-молекулалық теориясының ұғымдары мен принциптеріне негіздеп құрған Д.Дальтонның ілімімен байланыстырады. Ол химиялық элементтерді атомдық салмақтары түрліше атомдардың жеке түрлері ретінде, ол химиялық реакцияларды атомдардың қосылу, айырылу және бірін-бірі ауыстыру процесі ретінде қарастырды. Мұндай түсініктер химиялық элементтердің қазіргі заманғы ұғымдарына жақын келеді. Механикалық принциптерді тірі организмдерге қолдану әлдеқайда қиын болды, өйткені тірі организмдер мен органикалык емес табиғат арасындағы айырмашылықтар өте күрделі болды. Сондықтан мұндағы құбылысты түсіндіру үшін электрлік күшті түсіндіру үшін пайдаланылатын салмақсыз түрліше флюидтер туралы механистік түсініктерді колданды. Мысалы, Ч.Дарвиннен бұрын эволюциялық теорияның бірінші нұскасын жасаған француз жаратылыс зертгеушісі Ж.Б.Ламарк электрлік флюидтер мен теплородтың өзара әрекеттесуінің нәтижесінде тірі организмде оның барлық тіршілік процестерін, мінез-құлкын, түйсігі мен әрекеттерін іске асыратын ерекше нерв флюиді жасалады деді. Сөйтіп, жаңа жаратылыстану ғылымдарының пайда болып, қалыптасуында механикалық парадигма мен дүниенің бейнесі ғылымаралық әрекеттесудің аса манызды факторы кызметін атқарды. Мұндай әрекет-әсерден тіпті әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар да шет қалмағанын адамды машинамен теңестірген Ж.О.Ламетридің еңбектері де. Қоғамдық кұбылыстардың ен жалпы механикалық заңдардың көмегімен түсіндіруге болады деп есептеген П.Гольбахтың және Нъютонның бүкіл әлемдік тартылыс заңын жана ғылым мен философияның негізі деп санаған А.Сен-

Симонның еңбектері де көрсетеді. Қазіргі заманғы ғылымда ғылымаралық өзара әрекеттесу көбінесе мүлдем басқаша іске асады. Егер бұрын жетекші ғылымның парадигмасы жаңа қалыптаса бастаған ғылымда колданылса, ал қазіргі ғылымның

әркайсысының өз парадигмасы бар. Сондықтан қазіргі кезде әңгіме бұрынғы теориялар мен жеке зерттеу парадигмаларынын кейбір ұксас жақтары мен белгілерін талдау және синтездеу нәтижесінде туған ғылымаралық зерттеу парадигмалары туралы болуы тиіс. Мұның нақты мысалы ретінде кибернетиканы алайық. Ол барлык техникалық жүйелерді, тірі организмдер мен қоғам өмірін басқарудың жалпы парадигмасына айналды; одан накты мазмұны түрліше басқару жүйелерін зерттеуге жаңаша қараудан айқын мысалын көруге болады. Техникада, биологияда, әлеуметтік-экономикалық ғылымдарда да басқарудың жеке теориялары бар болғанымен, оларға біртұтас ғылымаралық тұрғыдан қарау оларды басқарудың терең мазмұнды жалпы зандылықтарын ашуға мүмкіндік туғызды.

Ең жалпы тұрғыдан алғанда, басқару процесін информация (хабар)

жинаудың, берудің және өзгертудің процесі ретінде қарауға болатынын

кибернетика тұңғыш рет айкын көрсетті. Баскарудың өзін белгілі бір

жүйемен орналасқан алгоритмдердің немесе дәл бұйрықтардың көмегімен

бейнелендіруге болады. Аса жылдам әрекет етуші компыотерлердің пайда

болуы түрліше процестердің алгоритмдік түсініктерін тез ретке келтіруге

көмектесетін қажетті техникалык негіз болып табылады. Бір қатар өндірістік-техникалық, басқару процестерін және т.б. алгоритмдеу мен компьютерлеу қазіргі ғылыми-техникалық революцияның құрамдас бір бөлігіне айналғаны белгілі.

3. Ғылыми білімді дамытудың глобалъдық революциясы. Мұндай

революциялардың ең белгілі және көп зерттелген түрі жаратылыстану

революциялары болып табылады. Мұндай революцияның біріншісі деп

әдетте табиғат туралы априорлык натурфилософиялық және схоластикалық пайымдаулардан оны тәжірибеде, экспериментте зерттеуге көшкен тәжірибелік жаратылыстанудың өзінің шығуын айтады. Антик заманындада, орта ғасырларда да табиғатты ғылыми әдістерінің көмегімен жүйелі түрде зерттеу болмағандыктан. жана заманда зерттеуді ең басынан бастауға тура келді, атап айтқанда, материя козғалысының ен қарапайым формасы – Жер мен аспан денелерінің кеңістікте орын ауыстыруынан бастауға тура келді. Сондықтан ол кездегі ғалымдар табиғаттың механикалық заңдарын ашуға баса назар аударды. Мұндай заңдардың алғашқыларын — денелердің еркін кұлау заңын Г.Галилей және планеталардың Күнді айнала козғалу заңын И.Кеплер ашты. Алайда бұл заңдар эмпириялық сипатта боды, өйткені олар бақылау фактілеріне теориялық түсінік бере алмады. Ньютон жасаған механиканың теориялық системасы жоғарыда келтірілген эмпириялық заңдарды анықтап, түзетулер енгізді жэне, ең бастысы, табиғатты зерттеудің жаңа парадигмасын ұсынды. Бұл парадигмада ой мен тәжірибе, теория мен эксперимент айырғысыз бірлікте қарастырылды.

Ньютон механиканың математикалық аппаратын жасаумен бірге тұңғыш рет негізгі ұғымдары мен принциптері айқын онтологиялық түсіндірме беретін теориялық система құр-ды — ол ұғымдар: материалдық нүкте, материалдық нүктенің козғалу заңы, нүктелердің қашықтан әсер етуі, әрекет пен кері әркеттің теңдігі т.б. «Ныотон жасаған негіз, — деп жазды А.Эйнштейн, — аса нәтижелі болғаны сонша, ол XIX ғасырдың аяғына дейін мызғымас берікдеп саналды».’ Шын мәнінде, оның системасы тек дискреттік (үзілісті) массаның ғана емес, сондай-ақ үздіксіз массаның да механикасы бойынша болашақ зерттеулер үшін парадигма боды, ал бүкіл әлемдік тартылыс заңы аспан механикасының берік негізіне айналды.

Теориялық системаны жасаумен бірге бір мезгілде табиғаттың бірінші

механикалық бейнесі де қалыптасты. Онда материалдық денелер берілген

траекториялар бойынша әрекет ететін күштердің әсерінен козғалатын

материалдық нүктелер турінде бейнеленеді. Табиғаттың механикалық

бейнесінде уакытгың бағыты ешкандай есептелмейді. Сондықтан онда өткен уақыттың болашақтан айырмасы жоқ. Кеңістік пен уақыт механикада бір- бірімен ешқандай байланысы жоқ абсолюттік категория деп қаралады. Бүл түсініктердің бәрі баска ғылымдарға қолданғанда, олармен үйлеспейтін болып, кайшылықтар мен қисынсыздықтар тудырды.

Ғылымның пәндік ұйымдасуына көшу жаратылыстанудағы екінші

глобальдық революцияның басталуы деп саналады. Бұл дербес ғылым

пәндерінің тууына алып келді. Ол өзгеріс ХVIII г. аяғында басталып. XIX ғ.ғ. алғашкы жартысында аякталды. Егер бұрын жана калыптасатын ғылыми пәндер жалпы механикалық парадигмаға және дүниенің механикалық бейнесіне сүйенетін болса. ал XIX ғ. бірінші жартысында ол жалпы механикалық парадигмадан көп өзгешелігі бар өз парадигмасын және сондай-ақ баска концепциялар, зерттеу номалары мен әдістерін қалыптастыратын болды. Сондай-ақ біртіндеп өзінің арнаулы ғылыми дүние бейнесін жасайтын болды. Осы аталган кезеңде ғылыми білімнін диффереициациялану процесі күшейіп, түрлі нақты ғылымдардың зерттеу пәнінің шекарасы белгіленді. Бұл сонымен бірге классикалык жаратылыстанудың өзіне тән ерекшеліктерінің өзгеруіне әкеліп сокпады. Көптеген элементтерден тұратын күрделі эволюциялық системаларды зерттеуге кешу жаратылыстанудағы үшінші глобаьдык, революцияның бастамасын салды. Ол XIX ғасырдың аяғында физикада болған аса маңызды жаналықтардың ашылуына байланысты туды. Ол жаналыктар:А.Эйнштейннін салыстырмалылық теориясының жасалуы кеңістік пен уакыттың бұрынғы түсінігін түбірінен өзгертті, ал квантгык физика атомдардың бөлінгіштігін, радиоактивтік ыдырау процесінде баскаға айналуын т.б. ашқан эксперименттердің тамаша түсіндірмесін берді. Бұл жаңалыктардың бәрі классикалык физиканың теориялык түсіндірмелеріне ашықтан-ашық қайшы келді. Айталық, классикалық физика бойынша материалдық объектіге бір мезгілде әрі корпускулалық, әрі толкындық қасиеттердің тән болуы мүмкін болмаса, ал кванттық физикада барлық элементарлық бөлшектерге бір мезгілде әрі корпускулалық, әрі толқындық қасиеттер тән екен (бөлшек пен толқынның дуализмі). Бұл жаңа құбылысты түсіндіру үшін Н.Бор арнайы толықтыру принципін енгізді; бұл принцип бойынша, микробөлшектердің корпускулалық немесе толқындық қасиеттерін байқау үшін ол дуализм түрлі приборларды пайдалануды талап етеді. Бұл қасиеттер бірін-бірі толықтырушы касиеттер болып табылады, сондықтан олардың бұл қасиеттерін есепке алғанда ғана олар туралы толық мәліметтер алуға болады.

Физикадан кейін жаңа ірі табыстарға химия саласында кол жетті. Мұнда

да көптеген құбылыстар мен процестерді квантық физиканың жаңа

ұғымдары мен принциптерінің көмегімен түсіндіру арқылы кол жетті, сөйтіп жаңа кванттық химия жасалды. Космология ғылымында да ірі жаңалықтар ашылып, олар әлемде жаңа жұлдыздар системасы түзілетінін, алыс галактикалардан келетін жарык сәулелерінің спекторлары қызыл түске айналып жойылатынын т.б аныктады. Бұл соңғы жаңалық галактикалардың бір-бірінен алыстауы нәтижесінде жалпы әлем кеністігі кеңейе түсетінін көрсетті.

Биологияда тұкым куалау туралы ілімді табанды түрде дамытудың

нәтижесінде қазіргі генетика жасалып, Ч.Дарвиннің ілімін қазіргі

генетиканың жетістіктерімен толыктырған эволюцияның синтетикалык

теориясы тұжырымдалды. XX ғ. екінші жартысында зерттеудің жаңа түбірлі теориялары мен әдістері пайда болды: системалардың жалпы теориясы, кибернетика және онымен тығыз байланысты информация және модельдеу теориялары, синергетикалық теория т.б. Системалардың жалпы теориясының шығуына және оның әдіс-тәсілдерінің кеңінен таралуына байланысты теориялық және колданбалы ғылымдарда жалпы ұғымдар мен принциптердің көмегімен зерттелетін шындықты тұтас камтитын арнаулы жаңа зерттеу стилі калыптаса бастады. Осыған байланысты математикалық моделін жасау әдістері айтарлықтай кең колданыла бастады. Классикалык ғылым ғылыми теориялар мен ұғымдар эмпириялық фактілерді жалпылаудың негізінде пайда болады деген алғышартты басшылыққа алған еді. Бұғанан қарама-қарсы классикалық емес жаратылыстану ғылыми ұғымдар мен теориялар ғылыми киял мен интуиция басты рөл атқаратын күрделі танымдық процестің нәтижесі деп санайды. Классикалық емес жаратылыстануда ғылыми теориялар, парадигмалар мен дүниенің ғылыми бейнелері салыстырмалы акиқатты білдіреді деп саналады.

Классикалық емес жаратылыстануға және ғылымға тән айрықша белгі

ғылыми білімнің интеграциялану (бірігу) тенденциясының күшеюі. Оның бір айкын көрінісі синтетикалық деп аталатын біріккен ғылымдардың

(биофизиканың, биохимияның, физикалық химияның, химиялык физиканың, геохимияның, геобиохимияның т.б.) және сондай-ақ ғылымаралық комплексті зерттеулерге арналған проблемалардын шығуы.

Күрделі ұйымдасқан системаларды зерттеуге көшу тек классикалык емес жаратылыстанудың, әсіресе жалпы классикалық емес ғылымның философиялық негіздерінің өзгерісіне айтарлықтай әсерін тигізді. Мысалы, қажеттілік пен кездейсоктық категорияларының арақатынасының философиялық түсінігі айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Күрделі ұйымдаскан системаларда қажеттілік кездейсоқтықты жокқа шығармайды, кездейсоқтық қажеттіліктің іске асуының көрініс ретінде шындықта жананың тууының бір қайнар көзі болып табылады.