Қазақстанда автосақтандыру қай жерде ең қымбат?
Аналитиктер талдау жүргізіп, Қазақстанның қай аймақтарында ОГПО полистері ең қымбат екенін анықтады.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстанда ОГПО міндетті автосақтандырудың электронды полистері пайда болды. Сақтандыру төлемдерінің мөлшері өсті, ал қазақстандық жүргізушілері қағаз полистерін алып жүру міндетінен босатылды. Бұл өзгерістер, сақтандыруды қолайлы ету және автокөлік иелерін ұлғайлы қорғау үшін әлбетте керек. «Freedom Finance Insurance» сақтандыру компаниясының мамандары талдау жүргізіп, Қазақстандағы міндетті автосақтандыру полисінің орташа құнын айқындады, және ОГПО полистері қай жерде ең қымбат деген сұраққа жауап берді.
Ұлттық Банктің мәліметтері бойынша, ОГПО міндетті автосақтандыру бойынша алынған сыйлықақы көлемі – 60,7 миллиард теңге. Жыл бойы ресімделген полистердің жалпы санын ескере отырып, бір полистің орташа шамалы құнын анықтауға болады – 11 609 тенге.
Әр аумақта сақтандыру тарифы өзгеше, сондықтан әр аумақтағы полис құны-өздікше. Әр аумақтағы полистің орташа құнын айқындау үшін, әр аумақта міндетті автосақтандыру бойынша жинақталған сыйлықақы мен тіркелген көлік саны мысалдарын алайық.
Аумақтар бойынша полистің орташа шамалы құны ең қымбат жері: Алматы, Атырау облысы, Астана, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында. Ең «арзан» полистер Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Алматы облыстарында.