Сорылмайтын тігіс материалдары | Скачать Реферат

0


МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы: Хирургиядағы және травматологиядағы заманауи материалдар
Кафедра: Жалпы хирургия
Пән: Жалпы хирургия
Мамандығы: Стоматология
Курс: 3
Тобы: 305

Орындаған: Сайлау Алма Нұрлыбайқызы
Тексерген: Курманбаев Булат Айсултанович

Ақтөбе 2019 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
a) Синтетикалық тігіс материалдарының жіктелуі
b) Синтетикалық тігіс материалдарына сипаттама
c) Синтетикалық материалдардың хирургияның жеке салаларында қолданылуы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Операция нәтижесіндегі тігіс материал — дарының рөлі хирургтардың,травматологтардың назарын өзіне аударады. Бұл түсінікті жағдай. Себебі тігіс материалы, көптеген операциялар үшін (органдарды протездеу операцияларынан басқа), операциядан кейін тіндерде қалатын жалғыз бөгде дене болып табылады. Сондықтан, тігіс материалының сапасына, химиялық құрамы мен құрылысына және тіндердің оларға реакция көрсетуіне операцияның нәтижесінің тәуелді болуы заңдылықты. Адекватты, реактогенді емес тігіс материалын қолдану — сәтті операцияның құрамдас бөлігінің бірі.

Синтетикалық тігіс материалдарының жіктелуі

1965- жылы А. Шупинский қазіргі хирургиямен травматологиядағы тігіс материалдарын бірнеше тәртіппен қарастырды:
1.Оңай стерилизациялау.
2.Инерттілігі.
3.Беріктілігі.
4.Түйіннің сенімділігі.
5.Инфекцияға резистенттілігі.
6.Сіңіру.
7.Қолға жайлылығы, жұмсақтығы, пластикалығы.
8.Барлық операцияға жарамдылығы.
9.Электрлі белсенділігінің болмауы.
10.Алергенді өасиетінің болмауы.
11.Төмен бағалылығы.

Маңызы:
1. Хирургтардың консерватизміне байланысты, яғни сорылатын материалдарға сенімсіздігінен.
2. Сорылмайтын материалдар, жалпы арзандау, өндірілуі және стерилизациялануы ыңғайлы.
3. Бұл жіптер әртүрлі болып келеді, соған байланысты арнайы жерлерге операция жасағанда, сәйкес жіпті таңдап алу жеңіл болады.
4. Сорылмайтын материалдар, тіндерді протездеуде, сондай-ақ ұзақ уақыт жазылмайтын тіндерді тігуде кең қолданылады.

Тігіс материалдарын қолданудың негізгі принциптері:
Сорылатын материалдар, хирургияның әр саласында артықшылықтарға ие және кеңінен қолданылады, себебі тыртық пайда болғанша тіндерді ұстап тұрады және қызметін атқарып болған соң сорылады.
oo Хирургияда жібек пен кетгутты қолдануды шектеу немесе мүлде қолданбау керек, себебі тіндердің айқын көрінетін реакциясын шақырады.
oo Хирургияның барлық саласында атравматикалық инелер қолданылу керек.
oo Тіндік реакцияны азайту үшін диаметрі кішкене жіп қолдану керек.
oo Алломатериалдың имплантациясы кезінде (протез, клапандар) тек қана сорылмайтын тігіс материалдарын қолдану керек, себебі протез бен организм тінінің бітісіп кетуі ешқашан жүрмейді.
oo Монофиламентті материалдар болмашы реакция береді, фитильді қасиеттері жоқ, сол себепті оларды қолданған жөн.

Тігіс материалдарының түрлері
Тігіс жіптерінің түрлері:жібек жіп, кетгут, лавсан, капрон жіптері, кендір немесе қағаз жібі, танталдан жасалған- металдық құрсаулар қолданылады.
Осы жіптер өз қасиеттеріне қарай екіге бөлінеді.
Бірі — кетгут, ол өз жаратылысына байланысты бірнеше күннен кейін сорылып,жоқ болып кетеді де, екінші түрі- жібек жіп, лавсан, капрон жіптері олар сорылмай, ағзада өмір бойы қалып қояды.

Жібек жіп.
Жібек жіптің 2 түрі болады.Біріншісі өрілген,тоқылған жіп. Екіншісі-ширатылған жіп.Өрілген жіптердің бағасы қымбат болады,бәрақ төзімді,мықты, қатты тартып байлағанда үзілмейді.Жібек жіптердің жуандығы әр түрлә балғандықтан жәп дайындайтын кәсіп орын олардың диаметрін 00-ден 16-ға шейін деп есептейді.
Лавсан жібі.
Лавсанды матадан жуандығы жуандығы неше түрлі жіптер дайындайды.
Капрон жібі.
Соңғы кездерде жара тігімінеатравматикалық ине ұсынылып жүр (ине мен жіп диаметрі бірдей болғаны шарт сонда тез сабақталады). Сонымен қатар қазіргі кезде летилан, тефлон, фторлон, деген жіптер де хирургтердің қолына түскен.
Кетгут жібі:
Кетгут ешкінің қойдың ішегінен жасалған жіп.Біздің эрамызға дейін 175 жылы Гален кетгут (кетгат-Са +ди +) жібін сипаттаған. Сонда ағылшын тілінен тура аударғанда — «мысық ішегі».

Топ ішіндегі айырмашылықтар
Мысалға, викрилге ара эффектісі тән. Ол басқа материалдарға қарағанда қаттырақ, иілгіштігі аздау. Ара эффектісін төмендету үшін викрилды кальций стеаратымен (coated vicryl) қаптайды. Ара эффектісі төмендейді, бірақ түйіннің беріктілігі де төмендейді. Осы топтағы басқа жіптердің ара эффектісін төмендету үшін полимерлі қаптау қолданылады. Өзінің бастапқы беріктілігіне байланысты полисорб тіндерде де өз беріктілігін ұзағырақ (3 аптаға дейін) сақтайды, сондықтан кеңінен қолданылады.

Бұл материалдардың төмендегідей ортақ қасиеттері бар:
* Кетгуттан мықтырақ (ең мықтысы полисорб деп саналады). Мысалға, полисорб викрилдан 1,5 есе, кетгуттан 3 есе мықтырақ.
* Болмашы тіндік реакция шақырады.
* Викрил, дексон және дарвин 2 аптаның ішінде, ал полисорб 3 аптаның ішінде 80 % мықтылығынан айырылады.
* Барлық жіптер операциядан кейін 2-3 ай мерзімде сорылады.

Кемшіліктері:
Полифиламентті жіптерге қарағанда беріктілігі нашарлау
Барлық монофиламентті жіптер тәрізді, максон мен ПДС конфигурациясы қиын түйінді талап етеді. ПДС-ті сенімді байлау үшін 6 түйіннен кем жасамау керек.
Жалпы бұл жіптер, полифиламентті жіптерге қарағанда болмашы реакция көрсетеді, бірақ қабыну реакциясы туындаса, ол ұзаққа созылып, хирург пен науқасқа қиындық тудырады.
Сорылудың ұзақ уақыты есебінен, кейбір жағдайларда бұл жіптер, лигатуралық свищтер мен холедохолитазалардың (уролитаза) көзі болып табылады.

Синтетикалық жіптер:
Соңғы жылдарда осы топта, басқандай қасиеттері бар, тағы екі жіп пайда болды: биосин-Ауто Сьюче фирмасы, монокрил-Этикон фирмасы.
Бұл монофиламентті материалдар, өзінің беріктілік қасиеті бойынша полифиламентті жіптермен тең не олардан асып түседі. (биосин полисорбтан асып түссе, монокрил викрилмен тең).
Биосин-екі түйінмен алуға болатын сорылатын жіптердің ішіндегі жалғызы.
Беріктіліктен айырылу мен сорылу мерзімі, бірінші топтың жіптеріндей, монокрил-2 аптада, биосин-3 аптада 80% беріктілігінен айырылады.
Сорылу мерзімі — 3 ай.

Барлық синтетикалық сорылатын тігіс материалдары.
1. — полифиламентті материалдар. Бұл топқа жатады:
oo Полисорб (Ауто Сьюче фирмасы)
oo Дексон (Дэвис және Гек)
oo Викрил (Этикон)
oo Дар-вин (Эргон сутрамед

Синтетикалық сорылатын жіптер-монофиламентті жіптер.
oo Бұл топтың екі жібі 1980-81 жылдары шығарылған. Олар: максон (Дэвис және Гек өнімі) және полидиоксанон (ПДС-Этикон өнімі). Бұл жіптердің мынадай ортақ қасиеттері бар:
oo Ара эффектісінен айырылған монофиламентті жіптер.
oo Сорылу мерзімі 6 айдан көп.
oo Тіндерде ұзақ уақыт беріктілігін сақтайды, мысалға, ПДС алғашқы айда беріктілігінің тек 30% жоғалтады.
oo Бұл жіптер полифиламентті жіптерге қарағанда иілгіштігі жақсы және кейбір тіндерде реактогендігі азырақ.

Полиамидтер.
Хирургиялық тігуге химиялық сәйкес келмейтін, бірінші синтетикалық тігіс материалы. Бұл жіптер барлық синтетикалық жіптердің ішіндегі ең реактогендісі және қабыну процесі ұзақ уақыт жүретін жіптер. Капронның (полиамид) тоқылған және монофиламентті жіп түрлері бар. Реакция көрсету дәрежесі бойынша: болмашы реакцияны монофиламентті жіптер, ал жоғары реакцияны тоқылған жіптер көрсетеді. Полиамидтерден кең қолданылатыны монофиламентті жіптер. Олар, терінің, бронхтың, апоневроздың тігісі үшін қолданылады.
Полиэфирлі жіптер (лавсан).
Полиамидтерге қарағанда, тіндік реакцияны болмашы шақырады, инерттілігі жоғары. Тоқылған түрде шығарылады, беріктілігімен ерекшеленеді. Бірақ қолданылуы шектеліп, хирургтардың арсеналынан жоғалуда. Бұл жағдай, жаңа синтетикалық материалдардың пайда болуымен және беріктілігінен басқа қасиеттері жағынан полипропиленнен ұтылуына байланысты. Қазіргі кезде полиэфирлерді 2 жағдайда қолданады:
… жалғасы