UWW техникалық делегациясы әлем чемпионатына дайындықты тексеріп қайтты
Бүгін Астанаға Біріккен күрес әлемінің (UWW) техникалық делегациясы ат басын тіреді деп хабарлайды Olympic.kz.
Комиссияны UWW бюро мүшесі Питер Бакса мен коммуникация және маркетинг жөніндегі директор Гордон Темплмэн бастап келген. Делегация құрамында жалпы есебі жеті адам бар.
Сапардың басты мақсаты – 2019 жылдың 14-22 қыркүйегі аралығында Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен өтетін әлем чемпионатына дайындықты қадағалап, жарыс өтетін орынды тексеру.
Қазақстанда тұңғыш рет өтетін лицензиялық әлем чемпионатын «Барыс-Арена» спорт сарайы қабылдайды.
Әлем чемпионатында олимпиадалық салмақтар бойынша бірден алтыншы орын аралығында көрінген балуандар 2020 жылғы Токио Олимпиадасының жолдамасына иелік етеді.
Дереккөз: prosports.kz/kz