я дыбысы мен әрпі, сауат ашу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):
1. 7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1. 8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1. 9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақтың мақсаттары
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері: Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір — біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Өнер, математика сабағы
АКТ қолдану дағдылары: Аудиожазба, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік: Қоян – заяц – rabbit
Сабақтың басы
1. Психологиялық сәт: Сенім
Еңбек етсем, ертеңгі
Бақытыма сенемін!
Мақсатыма жеткізер
Уақытыма сенемін!
Достық іс пен қасты да
Жеңеріме сенемін!
Ақыл, сана, білім мен
Өнеріме сенемін!
Арым — таза, ақ көңіл
Адалдыққа сенемін!
Абыройлы, ақ ниет
Адамдыққа сенемін!
2. «Кубизм» стратегиясы арқылы сұраққа жауап беру.
1) Дыбыс деген не?/естиміз, айтамыз/
2) Әріп дегеніміз не?/көреміз, жазамыз, айтамыз/
3) Дыбыс нешеге бөлінеді?/дауысты, дауыссыз/
4) Дауысты дыбыстар қалай айтылады?/созылып/
5) Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?/қысқа/
6) Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? (Я я дыбысы)
Сахналық қойылым «Алдаркөсе мен бай баласы»
Сабақтың ортасы
3. Жаңа сабақ
— Ал, балалар, енді бізге тағы да қонаққа Алдар Көсе келіпті. Алдар Көсені танисыңдар ма? Қайдан білесіңдер?
Алдар Көсе, балалар, қазақ ертегілерінің ақылды айлакері, яғни ол байларды, сараң адамдарды өз ақылдығымен алдайды.
Алдар Көсенің де өзімен бірге әкелген тапсырмалары бар екен. Осы тапсырмаларды біз 3 топ болып орындаймыз. Топ басшыларын сайлап алайық. Алдар Көсенің қоржынында не бар екенін және қандай тапсырмалар бар екенін көрейік.
№1 тапсырмасы: «Тақия тастамақ» ойыны.
Мен буынның басын тастаймын, сендер аяқтайсыңдар. Өткен дыбыстарға байланысты сөздер айту керек.
Ша….. (һар), ай….. (даһар), жи….. (һаз).
— Балалар жаңа біз қандай ойын ойнадық?
— Тақия сөзінде соңғы дыбыс қандай?
— Тақия сөзін буынға бөлейікші
Ендеше біз я дыбыс мен әрпімен таныстық.
Я дыбысы дауысты дыбыс. Ол созылып айтылады. Бәріміз айтып көрейікші. Олай болса, балалар, Я дыбысы қосарлы дыбыс й және а дыбыстарының қосарлануы арқылы естіліп тұр, бірақ жазуда я әрпін пайдаланамыз.
Я дыбысы — дауысты дыбыс. Сөздің көбіне басы мен ортасында кездеседі. Орыс тілінен енген яхта сөзінде сөз басында кездеседі.
№2 тапсырмасы: «Жұмбақтар әлемі» сайысы (топтастыру).
Қолы жоқ, сурет салады
Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз – мороз -)
Ақсақалды шал жылына
Бір — ақ рет келіп — кетеді
Қызы менен ұлына
Сыйлығын алып келеді. (Аяз ата — дед мороз)
Бірі – ыдысқа керек,
Бірі – жүріске керек. (Аяқ — нога -)
Ұрмай — соқпай жылатады
Әркім бірақ ұнатады. (Пияз)
Есек құлақты,
Ешкі құйрықты,
Мысық аяқты,
Көрдім жүйрікті.
(Қоян)
№3 тапсырма: «Буын ұйқас» (Тіл даму пәнімен байланыс)
Я – я – я
Құстар салды ұя,
Ян – ян – ян
Секеңдеген ақ қоян
Яз – яз – яз
Ащы екен пияз.
Яр — яр — яр
бақшада пісті… (қияр).
Яқ — яқ — яқ
тез жүреді….. (аяқ).
Салт — дәстүр және ауыз әдебиеті. Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я дыбысы мен әрпі жүктеу