Әлімқұлов Қадыр | өмірбаяны
Әлімқұлов Қадыр 1949 жылы 1 қаңтарда Алматы облысының Басши (қазіргі Шормақ батыр) ауылында дүниеге келген. 1975 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп, «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетіне тілші болып орналасады. 1977–1979 жж. «Білім және еңбек» («Зерде») журналында жауапты хатшы, 1979–1982 жж. Қазақ теледидарында комментатор, 1982–1986 жж. «Социалистік Қазақстан» газетінің Алматы облысындағы меншікті тілшісі, 1986–1990 жж. Алматы облыстық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. 1990 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жауапты қызметте.
«Тағдыр көзіндегі тамшы» (1999), «Жан тұңғиығындағы жауһарлар» (2000), «Сартап сағынышым сағымданған» (2001) және «Тәуелсіздік» (2002) жыр жинақтары жарық көрген. Ақын М.Қайыңбаевпен бірігіп жазған «Сүзге сұлу» поэтикалық драмасы ел тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай өткізілген республикалық жабық байқауда екінші жүлде алып, жеке кітап болып шықты.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері».
Қайнар көз: http://writers.kz