«Сергіту сәті» жинағы

0








Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




«Сергіту сәті» жинағы

Автор: Сатымбаева Айгуль Кайруловна

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ойындар, Сценарийлер Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-02-19


Материал туралы қысқаша түсінік

Мектепке дейінгі балаларға арналған сергіту сәт жинағы




Сергіту сәті.Қырау қатып жағаға, Аяз беттен өбеді.Бірі мініп шанаға,Бірі шаңғы тебеді. /қатты тоңады/Тербеледі ағаштар,Алдымнан жел еседі.Кіп-кішкентай ағаштар ,Біп-биік боп өседі. /тербеледі, отырады, тұрады/Жел улейді: у-уҚұйын келіп зулейді: зу-зуҚатты- қатты жел соқты: гу-гу,Жапырақтар қол соқты: ду-ду. /қолмен оңға, солға шапалақтау/Таң атты, күн шықты,Аспанды бұлт жапты.Жел тұрды, жаңбыр жауды,Найзағай сарт-сұрт еттіБіз бұға қалдық. /қолмен, саусақпен соғу, отырақалу/Қар астында сығалап,Күлімдейді жауқазын.Қар шытса қабақ, бұға тапДірілдейді жауқазын. /жауқазын дірілдейді/Жел соқты ағаштар теңселді,Күн бұлттанып жаңбыр жуды.Жаңбыр басылды күн ашылды. /қолмен күндікөрсету/Жеткілдеген желмененЖерде егін тербелгенӨсірген диқандар,Тамшылаған терменен. /қолмен көрсету/Тербеледі ағаштар,Жылы-жылы жел соқты.Күлімдеген балалар,Шуылдасып қол соқты. /қол соғу/Қыста келіп қатты аязЕкі бетті мұздатты.Шаңғы теуіп бар бала,Қыр үстінен заулатты./екі қолмен бетті уқалау, шаңғы тебу, таудан түсу/Қоюланып тағы бұлтЖаңбыр жауды себелеп?.Жапырақты жамылып,Бұға қалды көбелек. /Саусақты тарсылдату, бұғақалу, көрсету/Жаңбыр-жаңбыр себелесе,Тырс-тырс етіп төбеме.Найзағай, жарқылда,Сырт-сырт етіп сыртылда. /саусақпен соғу, тарсылдату/Таң атқанда күн шығып,Гүл ашады қауызын.Желмен бірге тербеліп,Теңселеді ақырын. /гүл ашады, тербеледі, оңға, солға қозғалады/Торғай, торғай, торғайсың,Таяу келіп қонғайсың.Жжем шашайын, тойып ал,Сонда аязға тоңбайсың. /торғайдың бейнесін көрсету/Тырна келді тыраулап,Тіліп өтіп аспанды.Қыздар көлде жүр ойнап,Көктем айы басталды. /қимылмен көрсету/Тас төбеден күн күлді,Қошеметтеп оларды.Қараторғай былтырғы,Ұясына оралды. /қимылмен күн көрсету/Бері келші, кең дала ,Гүліңді мен терейін.Жапырағыңмен жасыршы,Құшағыңа енейін. /гүл теруді көрсету/Аппақ болып таң атты,Түтін тікке шығады.Қарлығаштар қанатын,Самғап биік ұшады./түтінді, құсты, желді көрсету/Күміс қанат шағала,Ұшып жүрсің жағада.Қармағың жоқ, ауың жоқ,Шабақ алдың бағана. /құс боп ұшу/Отырайық, жүрелеп,Гүлді үзіп алайық.Орнымыздан түрегеп,Басқа гүлге барайық /отыру, гүлді үзу, тұру/Біз кшкентай балдырған,Сескенбейміз жаңбырдан.Төбемізге қол шатыр,Алдымызда жол жатыр./ дөңгелеп тұру, қолды жоғары созу/Бүгін ерте тұрайық,Сауық сайран құрайық.Зообаққа барайықТамашалап қайтайық. /қимылмен жаттығу/Төбемнен қар жауады,Боран бетке соғады.Ойнап жүрген балалар,Қызарып беті тоңады./қардың жаууы, алақанмен қимыл, тоңғанынкөрсету/ Тұрмайды бұл құс бұл жақта,Тұрады ол тек мұз жақта.Тонуды сірә білмейді,Талтаңдап мұзда билейді. /сол жақты көрсету, мұзда билеу/Қолды созып алдыңа,Қайшылашы беріліп.Ұста мұны жадыңда,Кеудең тұрсын керіліп. /қолды созып, қайшылау, керілу/Бүйір таян сол қолмен,Көтер қанат оң жақтан.Қайталашы сол жолмен,Иіліп тез, сол сақтан. /бүйір таяну, оңды, солдыиілу/Алмастырып қолыңды,Серме енді қаттырақ.Қимылдатар жаныңды,Қозға иықты, сақ бірақ. /иықты қозғау, қимылдау/Тірей бүйір тағы да,Қолың тұрсын оңаша.Алды-артына жаныңа,Керілші кең доғаша. /керілу, доға жасау/Қозғалт қолды иықтан,Әрі-бері сермелеп.Жауырыныңа ұйып қан.Қалмас үшін, терлеп кеп. /қолды артқа қою, алды-артқа айнал/Шалқай артқа барынша,Қос құлашты керіп кеп.Қинағаны бармұншаДеме, жаса, сергек тек./артқа шалқаю, қолды керу/Тіп-тіке ғып бойыңдыМықыныңнан ұсташыКүтірлетіп мойныңдыАйналдыршы, қысқасы. /қолды мықынға қойып, мойныңды айналдыру/Еңкей төмен тізеден,Бостау ұстап беліңді.Серпіл, қайта үзе дем,Көтер қолды сенімді. /демалу, қол көтер/Қимылдасаң дұрыстап,Күш өседі еселеп.Бойың жүрмей құрыстап,Жуымайды кесел тек. /қимылмен көрсету/







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.