МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КОЛЛЕДЖІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
ПӘНІ: МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
МАМАНДЫҒЫ: 0201000 ҚҰҚЫҚТАНУ
Орындаған: Д.Б.Бекенова
Ғылыми жетекшісі: Ә.Қ.Компаева
Қорғауға жіберілді (жіберілмейді)
Экономикалық, әлеуметтік және құқықтық
пәндік бірлестігінің жетекшісі
_________________________ Г.С.Исатаева
қолы
________________________2018ж.
Ақтөбе 2018 жыл
С.Бәйішев атындығы Ақтөбе университетінің медициналық-әлеуметтік колледжі ЖШС-і
Мамандығы: 0201000 Құқықтану
Топ білім алушысы ___________________________________ ______________
(білім алушының аты-жөні)
Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша
___________________________________ _______________________________
(курстық жұмыстың тақырыбы)
___________________________________ _______________________________
тақырыбына жазған курстық жұмысына
Пікір
___________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _______________________________________
Бағасы___________________________________ _________________________
Курстық жұмыстың тапсырылған күні_______________________________ __
Пікір жазушы: Компаева Ә.Қ.____ _______________________________
(аты-жөні)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3-4
І ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТ МАЗМҰНЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Мемлекет түсінігі мен мәні 5-8
1.2 Мемлекеттің атқаратын қызметі 8-12
1.3 Мемлекеттік-құқықтық зерттеудің диалектикалық әдістері 12-14
ІІ ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
2.1 Мемлекет функцияларының түсінігі мен белгілері 15-18
2.2 Мемлекет пен құқықтың пайда болуындағы жалпы заңдылықтар 19-24
ҚОРЫТЫНДЫ 25-26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың тақырыбы: Мемлекет және құқық теориясының түсінігі. Мемлекеттің міндеттері мен функцияларының түсінігі, мазмұны деп аталады. Мемлекет пен құқық теориясы — нақты заң ғылымдарына және құқық салаларына қатысты маңызды жалпы теоретикалық және әдістемелік функцияларды орындайтын ең базалық заң ғылымдарының бірі. Ол өзі ғана емес, сонымен қатар басқа заң ғылымдары аттап өте алмайтын түсініктер мен категорияларға сүйенеді. Бұған қоса, мемлекет және құқық теориясында өнделетін қорытындылар мен ережелер нақты заң ғылымдар үшін өз пәнін ғылыми игеруде бағыт қызметін атқарады.
Курстық жұмыстың міндеті: мемлекет түсінігі жоғары кәсіби білімі бар заңгерді дайындаудың жалпы жүйесіндегі мәнге ие. Біріншіден, бұл ғылым құқықтану және мемлекеттанудың бастапқы түсініктерімен, ережелерімен категорияларымен таныстырады, екіншіден, мемлекет және құқық теориясы әдістемелік ғылым болып табылады, онда заң ғылымдарындағы арнайы сұрақтарды шешу үшін фундаменталды болып табылатын, маңызды теориялық ережелер өнделеді; үшіншіден, ол құқықтануда салалық ғылымдар сұрақтарын зерттейтін интегративті ғылым ролінде шығады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Әдіс және әдіснама (методология) деген түсініктерді ажырату керек. Әдіснама екі мағынада қолданылады;а)әдістер туралы ілім; ә)әдістер жиынтығы, осы әдістер арқылы ғылым өз пәнін зерттейді.
Мемлекет және құқық теориясының әдістері мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеуде ғылыми жолмен, қамтамасыз ететін теориялық принциптердің, логикалық әдістері мен арнайы тәсілдердің жиынтығы болып табылады.Мемлекет және құқық теориясының өдістері бірнеше түрлерге жіктеледі.
Жалпығылымдық әдістер:
а)диалектикалық әдіс (диалектика — даму);
б)абстрактілік ойлаудан нақты (конкретті) ойлауға өрлеу әдісі. Мысалы: мемлекет нысаны (формасы) деген ұғымды алып мемлекеттің әр түрлерін талдай бастасақ, онда «мемлекет нысаны (формасы) ұғымы өзінің құрамдас бөліктерінің «басқару тұрпаты» деген ұғыммен толықтана бастайды. Сонда мұндағы алғашқы ұғым «мемлекет нысаны (формасы)» талдау барысында кейін жаңа нақты белгімен, яғни ерекшелікпен толықтырылғанын байқаймыз.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері тақырыбымен танысу. Мемлекет және құқық теориясы пәнінің маңыздылығын, оның белгілерін, мемлекет пен құқық теориясының шығу тарихымен танысу.
Қайнар көздері: 2013 жылғы, Алматы баспасының, Д.А.Булгакованың
Мемлекет және құқық теориясы оқулығын пайдаландым.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден, қосымшалардан тұрады.
I ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТ МАЗМҰНЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Мемлекет түсінігі мен мәні
Мемлекет — қоғамдық дамудың өнімі. Мемлекет тарихи дамушы құбылыс. Қоғам дамыған сайын, мемлекетте, оның мақсаты, міндетті, құрылымы мен қызметті өзгереді. Осыған сәйкес, мемлекет ұғымы қоғамдық өмірдегі орны және мақсаты туралы көзқарастар да өзгереді. Мемлекет ұғымы туралы мәселе мемлекет сияқты күрделі болып табылады. Әртүрлі тарихи кезеңде ойшылдар мемлекет ұғымына анықтама беруге тырысты. Анықтама берген кезде, олар сол кезеңде болған және қандай да бір нақты мемлекеттің ерекшелігін білдіретін объективтік фактілерді қолданды. Мысалы, Аристотель мемлекетке келесідей анықтама көптеген рулар мен адамдардың бірігуі.
Ежелгі гректер мемлекетке келесідей анықтама берген, мемлекет-бұл азаматтардың барлық ақылы мен өнегейлік мүдделерінің шоғырлануы деп айтады. Цицерон да келесідей анықтама береді, мемлекет-бұл адам өмірінің жоғары дамуы емес, ортақ құқықтық бастаулар мен ортақ пайдаға біріккен адамдардың одағы. Орыс заңгерлерінің мемлекетке анықтама беруіне де назар аударуға болады. Мысалы, Н.М. Каркунов мемлекетті келесідей түсінді, мемлекет-бұл ерікті адамдарды мәжбүрлеп, билеуге бағытталған дербес қоғамдық одақ Е.Н Трубецкой болса, мемлекетті тек белгілі бір аумақ көлемінде дербес билейтін адамдардың одағы ретінде түсіндірді.
Г.Ф.Шершеневич пен Ф.Ф.Кокошкин мемлекеттің анықтамасын келесідей талқылайды, мемлекет-бұл бір билік астында және бір аумақ көлемінде адамдардың бірігуі. В.М.Хвостов, мемлекетті белгілі бір аумақта тұратын және жоғары билікке мәжбүрлеп немесе дербес бағынатын ерікті адамдардың одағы деп жазды. [1; 45-46бб.]
Л.Гумпловичте мемлекетке анықтама берген, оның түсінігінше мемлекет-бұл белгілі бір қоғамдық тәртіпті сақтау үшін,, табиғи түрде пайда болған билеуші ұйым. Сонымен, ойшылдардың көбі мемлекетті әлеуметтік тұрғыда түсіндірді. Мемлекет туралы ілімде мемлекет ұғымына әлеуметтік тұрғыда ғана емес, сонымен қатар, заңи тұрғыда анықтама беруге тырысқан авторлар да бар. Мысалы, Г.Еленик мемлекетті қоғамдық құрылым және ерекше құқықтық құбылыс деп санады. Мемлекетті, ол бостандық пен құқыққа ие заңи субъектінің қасиеттері бар индивидтердің мақсатты түрде бірігуі деп анықтады.
Маркстік-лениндік ғылым мемлекеттің анықтамасын оның таптық табиғаты тұрғысынан түсіндірді. В.И.Лениннің айтуы бойынша, мемлекет-бұл бір таптың екінші тапты езгіде ұстау машинкасы, бағынышты таптарды бір таптың қол астында бағынышта ұстау машинасы.
XIX-ғасырдың ортасында заңи әдебиеттердің көбінде мемлекетке көзқарас таптық тұрғыдан түсіндірілді барлық қалған факторлар жоққа шығарылды.
М.С.Строгович пен С.А.Голунскийдің мемлекеттің мәні- ол арнайы мәжбүрлеу апппараттың көмегімен барлық қоғамға өз еркін күштеп беретін үстемдік тап, яғни мемлекет үстем таптың диктатурасы деп жазды.С.С.Алексеевтің редакциясымен шыққан Мемлекет және құқық теориясы атты еңбегінде мемлекетті келесідей түсіндірді, мемлекет-бұл арнайы күштеу аппараты бар және барлық елді тұрғындары үшін міндетті күші бар билікті жүргізетін экономикалық үстем таптың саяси билігінің ерекше ұйымы. [2;87-88бб.]
А.В.Малько мен Н.И.Матузовтың мемлекетке берген анықтамасы келесідей, мемлекет-бұл белгілі бір аумақ көлемінде нақты таптық, жалпы адамзаттық, діни, ұлттық және басқа да мүдделерді жүзеге асыратын саяси биліктің ұйымы.
В.Н.Храпонюк болса мемлекетті келесідей түсіндіреді, мемлекет-бұл белгілі бір аумақ көлемінде өз билігін тарататын және бұл үшін арнайы аппаратты бар барлығына міндеті нормативтік актілерді шығаратын, мемлекеттік егемендікке ие қоғамның саяси ұйымы.
Мемлекет-қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болған және нақты қоғамдағы саяси жүйедегі биліктің орталық институты болып табылатын саяси құрылым. Мемлекеттің пайда болуы туралы мәселе даулы болып табылды. Себебі, этнография және тарих ғылымдары оның пайда болуы туралы күннен-күнге жаңа мәліметтер беруде. Мемлекеттің пайда болу себептері туралы бірқатар теориялар бар, олардың негізгілері мыналар болып табылды:
-теологиялық (діни) теория;
-шарттық теория;
-күштеу теория;
-органикалық теория;
-психологиялық теория;
-материалистік теория.
Мұндай теориялардың, көзқарастардың әр алуандығы, келесі мән-жайлар негізделген:
-мемлекет пайда болуына бір қатар факторлар, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық, әскери-саяси, табиғи-климаттық, өнегейлік-діни, тарихи-ұлттық, мәдени-рухани, экологиялық-психологиялық және басқа да факторлар әсер етті;
-бұл үрдіске түсінік беретін ойшылдар әртүрлі тарихи кезеңдерден тұрды, әрине, мемлекеттің пайда болуын түсіндіруде әртүрлі адамзаттың білім қорын, ғылыми жетістіктерді пайдаланды;
-ғылымдар мемлекет пайда болу үрдісін түсіндіре отырып,мемлекеттің пайда болуын түсіндіру үшін өз аймақтарын ғана алады;
-мемлекеттің пайда болуын түсіндірген авторлардың көзқарастарына өздерінің философиялық және иделогиялық тұжырымдары әсер ететінін жоққа шығаруға болмайды. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және әртүрлі тарихи жағдайда қалыптасқан, мемлекеттік биліктің өздеріне тән ерекше белгілері бар. Мемлекеттің қалыптасуы ұзақ үрдіс және әртүрлі халықта әртүрлі жолмен жүрді. [3; 54-55бб.]
Қорыта келгенде, біріншіден, мемлекет әрқашан болған жоқ. Екіншіден, мемлекет — әлеуметтік институт, қоғамдық дамудың өнімі ретіне пайда болды. Үшіншіден, кешенді факторлар жүйесінің әсерінен пайда болды.
Төртіншіден, ерекше әлеуметтік басқару, ерекше мінез-құлық ережелеріне қажеттілік туындағанда қоғамның белгілі бір кезеңінде пайда болды. [4; 67-68бб.]
1.2 Мемлекеттің атқаратын қызметі
Заң ғылымдарының қоғам өміріндегі мақсаты оның атқаратын қызметінен көрінеді.
Мемлекет заң ғылымдарына негіз болады, зерттеу жолын көрсетеді.
Мемлекеттің қызметтері әртүрлі.
1.Онтологиялық қызметі. Мемлекет және құқық теориясы бұл қызметін атқаруда осы ғылым пәнінің теориялық негіздерін зерттейді. Мемлекет және құқықтың не екендігін, оның қалай пайда болғанын түсіндіріп береді. Сонымен бірге қазіргі замандағы мемлекеттің қырлары мен сырларын ашып, ол туралы түсініктеме жасайды.
2.Гносеологиялық қызметі, басқаша айтқанда түп-түқияндық қызметі. Бұл қызметті жүзеге асыру барысында, мемлекет және құқық теориясы аталып отырған пәнді танып білу үшін зерттеп, байыптауды жүзеге асырудың теориялық тәсілдерін даярлайды, ал мұның өзі түбінде құқықтық танымның дамуына жол ашады.
Заң ғылымының түп-тұқиянын білу нәтижесінде құқық, оның жүзеге асырылуы және барлық құқықтық құбылыстар танылады. Құқықгық болмысты талдау барысында құқықтық ұғымдар, түсініктер, құрылымдар қалыптасады да, олар құқықтық құбылыстарды одан ары танып-білудің құралдарына айналады. Құқықты тану үшін ерекше теориялық амал-тәсіл (концепция) қолданылады. Құқықтық бір мәселені зерттеп тану үшін бірнеше, өзара пікір таластыратын теориялық тәсілдер қолданылуы мүмкін. Осындай шығармашылық пікір таластыру нәтижесінде шындықты ашуға, ақиқатты айқындауға мүмкіндік туады. Мысалы, құқықтың қандай әлеуметтік құбылыс екеніне анықтама беру үшін оғаннормативтік, философиялық және қоғамтану тұрғысынан қарау қажет.
3.Методологиялық қызметі. Мемлекет және құқық теориясы іргелі ғылым болғандықтан, оның зерттейтін заты, яғни пәні де бар. Олай болса бұл ғылымның сол пәнді зерттеуге, соның барысында зерделеуге қажетті тәсілдері мен амалдарының жолдары да бар. Осылар арқылы заң ғылымдарындағы ұғымдар, санаттар, құбылыстар зерттелініп, талданып, ғылымда өздеріне тиісті орындарын алып жатады.
Заң ғылымының дүние тануы құқықтық құбылыстарды зерттеуге, пайда болу жолдарын анықгауға байланысты. Шынайы дүние танушылық — ғылыми ізденістің нәтижеге жетуінің шарты. Осы уақытқа дейін заң ғылымдары марксизм-ленинизмнің дүние тану тәсілін қолданып, басқа тәсілдерден бас тартқандықтан, құқықтың шын мәнін зерттеп білуге мүмкіндік болмады. Марксизм-ленинизм құқыққа тек қана таптық түрғыдан қарағандықтан, оның әлеуметтік мән-мағынасын толығынан, жан-жақты түсіңдіре алмады.
4.Идеалогиялық қызметі. Идеология ұғымына халықтың, қоғамның, оның белгілі бір әлеуметтік топтарының көзқарастары мен ұстанатын принциптерінің жүйесі жатады. Қайсы бір реттерде халықтың немесе ұлттың көпшілік бөлігіне арналған бірыңғай (жұмылдырушы) идеология орын алып жатады.
Қоғамда идеологиялық бағыт-бағдардың болмауы немесе оның жойылып кетуі елде аласапыранмен, толқулардың басталуына, сөйтіп мемлекет аумағында заң бұзушылықтардың өсуіне, қылмыстардың өршуіне апаратыны өз еліміздің басынан кешіп отырғандығын мысал ретінде айтуға болады. Сондықтан да мемлекет жөне құқық теориясы қоғамда белгілі бір құқықтық жөне саяси мөдениетті қалыптастыруға бағытталған ақыл-кеңестер топтамасын ұсынып отырады.
Әрине мұндай ақыл-кеңестер мемлекеттің өзі жүргізіп отырған саясатына үйлес болуы, оған қайшы келмеуі тиіс. Мұндай құқықтық мақсаттар мен саясатты жүзеге асыруда мемлекет әрқилы құралдар мен әдістерді қолдануы мүмкін. Мысал үшін Идеологиялык бағдарлама ретінде қабылданған ҚР Президентінің «Қазақстан-2030» деген үндеуін атауға болады. Мұнан басқа құжаттан ҚР Президентінің жыл сайынғы жолдауын да жатқызуға болады.
5.Болжамдык, (прогностикалық) қызметі. Жоғарыда айтылғандай, мемлекет және құқық теориясының пәні — мемлекет пен құқықтың пайда болуы, қызмет бағыттарын атқаруы мен дамудың жалпы заңдылықтары және осылардың қоғамдық болмыс пен саяси жүйеде алатын орыны екендігі мәлім.
Мемлекет пен құқық теориясының пәніне жататыңдардың заңдылықтарын зерделей отырып бұл теория өзінің үғым-түсініктерінің әрі қарайғы даму барысын, мемлекеттік-құқықтық аяның өзгерістерге ұшырауын болжалдайды. Ал мұның езі өз кезегінде түзетуге келмейтін қателіктердің алдын алып, оларды болдырмауға мүмкіндіктер береді.
Ерекше атап айтатын жәйт, мемлекет және құқық теориясының барлық қызметтері бір-бірімен тығыз шиырлана өрілген болып келеді де олар бірін-бірі өзара толықтырып жатады. Сондықтан да бұлар мемлекет және құқық теориясы тағайынының толыққанды түсінігін тек жиынтық түрінде ғана бере алады.
Заң ғылымының қызметі құқықтың, құқықтық құбылыстардың дамуы, өзгеруі туралы болжау жасауға мүмкіндік береді. Ғылыми құқықтық болжалдың маңызы — қоғамдық қатынастарды дағдарыссыз, жұлқыныссыз, ырғақты реттеудің жол-жобаларын айқындауға мүмкіндік береді. Әрине, өтпелі кезенде қоғамдық қатынастарды ырғакты реттеу оңай емес, себебі кенеттен пайда болатын өзгерістерді алдын ала болжау өте қиын.
Сондықтан қабылданатын зандарда олқылықтар, кемшіліктер көп кездеседі. Осы жағдайды Қазакстанның құқықтық жүйесінің қалыптасу барысынан да байқаймыз. Неғұрлым қоғамдық қатынастарда тұрақтылық басым болса, соғүрлым олардың даму жолын алдын ала болжау да оңайырақ болып, құқық арқылы реттеудің жолы жеңілденеді.
6.Дағдылы ұйымдастырушылық қызметі. Қандай бір дамыған мемлекет болса да, ол ертелі-кеш шешімі қиын, әрі онысы тез арада табыла қоймайтын келелі мәселелерге тап болатыны тарихтан мәлім. Міне осындай жағдайларда дағдылы істер мен төжірибелерге жене теориялық жадығаттарға (материалдарға) сүйене отырып мемлекет және құқық теориясы ғылымы кездесіп отырған келелі мәселенің шешімін іздестіреді. Осындай ізденістер барысында аталған қиын мәселелерді шешудің жолдары анықталады. Осы анықталған жолдар — ақыл-кеңестер ретінде ұсынылып тығырықтан шығудың жолын айқындайды.
Мысалы, Қазакстан Республикасы сот реформасын 1995-жылдары бастаған кезде соттар тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен халық заседательдері институтынан бас тартқан болатын. Ал казір сот жүйесінде туындаған қиындықтарға байланысты ҚР Конституциясының 75-і бабына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар арқылы соттардың өздерінің іс қарауларында сот әділдігін жүзеге асыруына мүмкіндік жасау үшін ант берген сот мүшелері (присяжные заседатели) институтын енгізді.
Әлем елдерінің соттар жүйесінде жинақталған іс-тәжірибелер мен өз мемлекетіміздің де сот жүйесінің іс-тәжірибелерін елеп-екшеудің нәтижесінде, елімізде соттар жүйесіне қойылып отырған талаптарға сай келетін, біздердегі жағдайларға ыңғайластырылған шешім қабылдауға мүмкіндік пайда болды.
Заң ғылымының нәтижесін іс жүзінде қолдану — құқық жасау және оны жүзеге асыру қызметін жетілдіру мәселесін шешу болып табылады. Бұл тәжірибелік ұсыныстар жасауға байланысты болып келеді.
Заң ғылымы теориялық мәселелерді зерттей отырып, құқықтық болмыстық заңдылықтарын анықтайды, соның нәтижесінде сапалы заңдар жасау ісі, мемлекет органдарының кызметін жетілдіру шаралары белгіленеді, ол жөнінде ұсыныстар жасалады. Әрине, мұндай ұсыныстар пайдалы, ұтымды әсер ету үшін ғылыми тұрғыдан шүбәсіз болуы керек. Сонымен қатар мемлекет органдары, лауазым иелері ондай ұсыныстарды пайдалануға әрекет жасаулары қажет.
7.Тәрбиелеу қызметі- өзіне тән әдістермен заңды құрмет тұтатын, заңға бағынатын азаматтарды қалыптастыру. Заң ғылымдары — құқықгың игілікті құбылыс екенін, әр азаматтың заңды мүддесін қорғайтын құрал екенін, оның өміріне қажетті жағдайлар жасайтын амал екенін дәлелдейді. Заңсыз іс-әрекеттердің қандай дағдарысқа апаратынын, адамды тығырыққа тірейтінін айқындайды. Сөйтіп, заңды сақтау, оны бұзбау әрбір азаматқа қажет екенін дәлелдеп, адамдардың құқықтық, санасын қалыптастыруға ықпал етеді. [5; 34-37бб.]
1.3 Мемлекеттік-құқықтық зерттеудің диалектикалық әдістері
Ғылымның пәні дегеніміз — оның зерттейтін мәселелері. Ғылымның әдістері дегеніміз — пәнін танып аныктау үшін сол ғылымның зерттеу барысында қолданатын тәсілдері, жолдары мен амалдары. Әдіс және әдіснама (методология) деген түсініктерді ажыраату керек. Әдіснама екі мағынада қолданылады;а) әдістер туралы ілім; б) әдістер жиынтығы Осы әдістер арқылы ғылым өз пәнін зерттейді.
Мемлекет және құқық теориясының әдістері мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеуде ғылыми жолмен, қамтамасыз ететін теориялық принциптердің, логикалық әдістері мен арнайы тәсілдердің жиынтығы болып табылады.Мемлекет және құқық теориясының өдістері бірнеше түрлерге жіктеледі.
Жалпығылымдык әдістер:
а)диалектикалық әдіс (диалектика-даму);
б)абстрактілік ойлаудан нақты (конкретті) ойлауға өрлеу әдісі. Мысалы: мемлекет нысаны (формасы) деген ұғымды алып мемлекеттің әр түрлерін талдай бастасақ, онда «мемлекет нысаны (формасы) ұғымы өзінің құрамдас бөліктерінің «басқару тұрпаты» деген ұғыммен толықтана бастайды. Сонда мұндағы алғашқы ұғым «мемлекет нысаны (формасы)» талдау барысында кейін жаңа нақты белгімен, яғни ерекшелікпен толықтырылғанын байқаймыз.
Ал енді керісінше құқық бұзушылық ұғымының бірнеше, яғни қылмыстық, әкімшілік, азаматтық түрлерін зерттеу барысында нақтылықтан (конкреттіден) абстрактілікке қарай өрлесек, онда кұкық бұзушылық туралы жалпы ұғымды тұжырымдауға қол жеткіземіз;
в)тарихи әдіс. Бұл әдіс — мемлекет пен құқыкгың тарихилығына, оның өзгермелілігіне және әрқашан да дамуда болатын кұбылыс екендігіне негізделеді. Бұл әдісті қолдану барысында зерттлініп отырған мемлекет пен құұыктың өз қызмет бағыттарын атқарып отырғанда қандай тарихи ортада, қандай дәстүрлер мен қандай аумақтық ерекшеліктер мен халықтар болатындығының ескерілуі қажет екендігін байыптаймыз;
г)жүйелілік әдісі. Мемлекет және құқық — құрылымы күрделі болып келетін жүйелілікті білдіретін ұғым. Мысалы, мемлекет мемлекеттік органдар жүйесінен, ал құқық — құқық салаларынан тұратынын осы әдісті қолданып пайымдаймыз. [6; 77-78бб.]
Мемлекет жөне құқықты біртұтас жүйе ретінде қарастырып зерттегенде ғана оны толығынан танып білуге болады.Мемлекет және құқық теориясын зерттеп барып пайымдаудың арнайы және ғылыми дербес әдістері де бар:
а)формальды — логикалық әдіс. Бұл әдісті қолдану арқылы құқтың ішкі құрылымы, қайнар кездері, оны (құқықты) жүйелеудің әдістері зерттелінеді, сөйтіп пайымдалады. Мемлекет табиғатын зерттеу барысында бұл әдіс мемлекет нысанын (формасын), сондай-ақ оның құрылымын талдағанда колданылады;б)салыстырмалы мемлекеттану мен қщықтану әдісі.
Бұл әртүрлі еддердің мемлекеттік және құқықтық жүйелерін зерттеуде негізге алынатын әдіс;в) нақты — әлеуметтік әдіс — нақты әлеуметтік зерттеулерге негізделген әдіс. Бұл зерттеулерді жүргізгеңде коғамдағы заңдарға, мемлекеттің тікелей өзіне немесе оның құрамдас бөліктеріне коғам қандай пікірде, қандай қайшылықтарда екендігі анықталынады. Бұл әдіске тән амал-тәсілдерге: байқау жүргізу, анкеталау, интервью алу (сұраққа жауап алу), эксперимент жасау жатады. [7; 32-33бб.]
Жоғарыдағыларды тізбелегенде атап өтетін бір жәйт мемлекет және құқық теориясы әдістерінің сан қилы болып келетіндігі. Дегенмен осы әдістер өздерінің мемлекет және құқықы қоғамның күрделі құбылысы деп жан-жақты тануға мүмкіндік береді. Мемлекет және құқық теориясының әдістері:
1)Жалпы ғылымдык әдістер: формалды, логикалық, диалектикалық, жүйелік, тарихи, құрылымды, функционалдық, әлеуметнамалык, т.б.
2)Жалпы логикалык әдістер: талдау(анализ), синтез(жинақтау), талдап қорыту, салыстыру, абстракцнялау, ұқсастыру, модельдеу (үлгілеу, үлгі жа-сау).
3)Жекелеген ғылыми әдістер: салыстырмалы құқықтану, техникалық-заңдық талдау, айқындау (анықтау, дәлелдеу), нақты-әлеуметтік әдіс.
[8; http:malimetter.kzМемлекеттік-құқ ықтық зерттеудің диалектикалық әдіс-тері.]
II ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
2.1 Мемлекет функцияларының түсінігі мен … жалғасы