Әйел жоғалып кеткен сіңлісінің мәйітін 18 жыл тоңазытқышта сақтап келген
Қазір 45 жастағы әйел қамауға алынған, тергеу жүргізіліп жатыр
Хорватияның солтүстігіндегі Паловец ауылында 18 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды, деп хабарлады жергілікті Index.hr порталы.
Ясмина Доминич 2000 жылы 23 жасында жоғалып кеткен. Бастапқыда туыстары оны Францияға жұмыс істеуге кетті деп жүреді. Тек 2005 жылы ғана полицияға арыз беріпті. Сол кезде тәртіп сақшылары үйдің маңайын тінтіп, бірақ ішін тексермеген болатын, деп мәлімет берді полиция өкілі Ненад Рисек.
Осы уақыт бойы пакетке оралған мәйіт үйдегі тоңазытқышта сақталып келіпті. Қазір бұл үйде Ясминаның әпкесі қызы және күйеу баласымен бірге тұрады. Жоғалған қыздың әкесі де сонда тұрып, екі жыл бұрын қайтыс болған екен. Анасы Германияда жұмыс істейтін көрінеді.
20 жыл бұрын қаза тапқан балаға қатысты сұмдықтың беті ашылды
Жергілікті басылымның хабарлауынша, үйде жарық сөніп қалған соң, тоңазытқыштан жағымсыз иіс шығып, Ясминаның әпкесінің күйеу баласы мәйітті тауып алады. Бұған дейін үйде тағы бір тоңазытқыштың барын білмеген екен, деп жазады Total Сroatia News.
Ясмина Доминичті өлтірді деген күдікке оның туған әпкесі ілінді. Оқиғаның мән-жайын түгел анықтау үшін, мемлекеттік айыптау мәйітті сойып, ДНҚ сараптамасын жүргізуге шешім қабылдады. Расталмаған деректер бойынша, 45 жастағы әйел қамауға алынған, қазір тергеу абақтысында отыр.
sputniknews.kz