Ішкі істер министрі құдыққа түсіп кеткен бес жасар баланы құтқарған мектеп оқушысын марапаттады

0

Министр 10-сынып оқушысына «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төс белгісін тағып, смартфон сыйлады.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғұмбаев өз өміріне қауіпті болғанына қарамастан тереңдігі екі метрден асатын құдықтан бес жастағы баланы құтқарып алған 10-сынып оқушысы Надир Омарғазиевпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бес жасар бала Астана қаласында анасымен көшеде келе жатқанда құдыққа түсіп кеткен. Осы кезде досымен бірге колледжден келе жатқан Надир жылап тұрған екі әйелді көріп, олардан не болғанын біледі. Содан соң жасөспірім бірден шешім қабылдап, құдыққа түсуге ұмтылған. Айта кеткен жөн, оның өзі де құдыққа құлап кетуі де мүмкін еді.

Ерлан Тұрғұмбаев Төтенше жағдайлар комитетінің жеке құрамы қатысқан жиында мектеп оқушысына көрсеткен қырағылығы, батырлығы және қайсарлығы үшін алғысын білдірді. Оның жедел де батыл іс-қимылының арқасында бала ажалдан аман қалды.

«Осындай балалардың ерлік әрекеттері мен өзгеге деген жанашырлық сезімі құрметтеуге тұрарлық. Біреудің өміріне араша тұру үшін кез келген адам тәуекелге бара алмайды», — деп атап өтті министр.

Бұдан соң ведомство басшысы мектеп оқушысына «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төс белгісін тағып, смартфон сыйлады.

Сонымен қатар Е. Тұрғұмбаев Надир Омарғазиевке тәрбие берген ата-анасына, ұстаздары мен тәлімгерлеріне алғыс білдірді. Ол батыл бала тәрбиелеп өсіргені үшін ата-анасын алғыс хатпен марапаттап, Қазақстанда осындай ер жүрек балалар көп болса, еліміздің болашағына аға буынның алаңдамауына болатынын тілге тиек етті.

Сөз соңында Ішкі істер министрі Надирдің болашақта құтқару мамандығын таңдайтынына сенімді екендігін білдірді. Өйткені қайсарлық пен көмекке дайын болу өрт сөндіруші мен құтқарушының ең басты қасиеттерінің бірі. Сонымен қатар министр батыр баланы ІІМ-нің жоғары оқу орындарына оқуға шақырды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz