Сөзжасам, сөзжасамнан өткенді қайталау

0

Сабақтың тақырыбы: Сөзжасамнан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың сөзжасам тарауынан алған білімдерін пысықтап, теориялық білімдерін практика жүзінде қолдану, ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.
Дамытушылық: оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытып, ой шақыра білуге, жеке жұптасып, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру, шығармашылық қабілетін, ойлау қабілетін, қиялдарын дамыту, ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру;
Тәрбиелік: оқушыларды ізденімпаздыққа, өз ойын айта білуге, сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, топпен жұмыс жасап, бірін — бірі тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
Коррекциялық: үнемі түзету жұмыстарын жүргізу
Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс бекіту сабағы,
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: жетондар, үлестермелі қағаздар, топқа бөлінетін белгілер, плакат, кестелер, слайд.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, хореграфия, халқытық педагогика

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
— Амандасу
— Оқу құралдарын, қабылдағыштарын тексеру
— Радмир, сен қалай естисің?
-…
2. Тіл жаттығулары:
— Радмир Қайыржаннан сұра:- «Қазір қандай сабақ болады?»
— Қайыржан Ерасылдан сұра: — «Біз сабақта не істейміз?»
— Радмир Тұрардан сұра:- «Қазір жылдың қай мезгілі?»
— Қайыржан Радмирден сұра:- «Үйге қандай тапсырма берілді?»
3. Үй жұмысын тексеру
Үйге тапсырма: Сөзжасамнан өткенді қайталап оқып келу
2. Қызығушылықты ояту сатысы.
Оқушыларды екі топқа бөліп алу
І топ: «Ханшатыр», ІІ — топ: «Бәйтерек»
Ой шақыру стратегиясы.
І топ:
1. Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер дегеніміз не?
2. Екі сөздің бірігуі арқылы жасалған туынды сөздерге мысал келтір?
3. Тіркесу жолмен жасалған туынды сөздер дегеніміз не?

ІІ топ:
1. Қосарлану арқылы жасалған туынды сөздер дегеніміз не?
2. Жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздерге мысал келтір
3. Екі сөзді біріктіру арқылы жасалған туынды сөздер дегеніміз не?

«Алтын қақпа» ойыны
“Ойын кезеңдері”
1 кезең – Ағаш қақпа “Сауал — бізден, жауап — сізден”
2 кезең – Темір қақпа “Сөз ойла, тез ойла”
3кезең – Күміс қақпа “Семантикалық картаны толтыр”
4 кезең – Алтын қақпа «Сөзжасам»
5 кезең – Білім кілті “Блиц — турнир” (топ басшылар сайысы)

I кезең: “Ағаш қақпа”
1. Астанаға биыл неше жыл толады? (20 жыл толады)
2. Еліміз тәуелсіздігін қашан алды? (1991 ж)
3. Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады және оларды қашан қабылдадық? (ту, елтаңба, әнұран 1992 жылы қабылдадық).
4. Астананың символы не? (Астананың символы — Бәйтерек)

1. Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл? (қазақ тілі)
2. Қазақстанның даму стратегиясы жазылған бағдарлама? (Қазақстан — 2030)
3. Ту мен елтаңбаның авторы кімдер? (Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібеков, Ш. Ниязбеков)
4. Астанада былтыр қандай үлкен шара өткізілді? (ЭКСПО өткізілді)

IІ кезең: “Темір қақпа”
І топ
Бірігу арқылы жасалған Астанамызға байланысты сөздер ойлап айтыңдар
ІІ топ
Қазақстан қалалары мен жер — су аттары бірігу арқылы жасалған сөздер ойлап айтыңдар

ІІІ кезең – Күміс қақпа
“Семантикалық картаны толтыр” І топ
Сөзжасамнан өткенді қайталау жүктеу