Ақселеу Сейдімбек | өмірбаяны
1959 жылы орта мектепті бітірген соң, комсомолдық жолдамамен Қызылтау кеңшарында мал шаруашылығында еңбек етті. 1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1968–1975 жж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, меншікті тілші, 1975–1976 жж. «Орталық Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы, 1976–1983 жж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде бөлім меңгерушісі, 1983–1987 жж. «Зерде» журналының бас редакторы.
1987–1997 жж. Қазақ КСР ҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында лаборант, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды.
1997–1998 жж. Ы.Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының директоры, 1998–1999 жж. ҚР Президенттік Мәдени орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 2000 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры. Филология ғылымының докторы, профессор.
Отызға тарта көркем, ғылыми-көпшілік және монографиялық кітаптардың авторы. Гомердің «Илиада», «Одиссея» дастандарын қара сөзбен аударған. И.Можейконың «7 және 37 керемет» (1998) кітабын тәржімалаған. Шығармалары оннан астам шетел тілдеріне аударылған.