Аманхан Әлімұлы | өмірбаяны
Аманхан Әлімұлы 1952 жылы 20 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының қазіргі Отырар ауданы, Қожатоғай ауылында туған. 1969 жылы аталған ауылдағы Аманкелді атындағы орта мектепті бітірген. 1980 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика, 1993 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық М.Горький атындағы әдебиет институтының жоғары курсын бітірген. Бірнеше жыр жинақтарының авторы. Оның ішінде «Кездесу» (1983), «Жанымның жапырағы» (1989), «Ай нұры алақанымда» (1996) секілді өлең кітаптары да бар.
Республиклық басылымдарда қызмет істеген. Қазір «Заң газетінің» жауапты хатшысы. М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты.