Алексей Брагин | өмірбаяны
Алексей Брагин 1911 жылы 14 шілдеде Ресейдің СанкПетербург қаласы түбіндегі Репино селосында туған.
1931 жылы Солтүстік Кавказ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. «Комсомольская правда», «Южный Казахстан», «Казахстанская правда» газеттерінің редакцияларында, «Простор» журналында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеді. Жамбылдың өлеңдерін, С.Сейфуллиннің пьесаларын, С.Мұқановтың «Менің мектептерім», «Аққан жұлдыз», «Мөлдір махаббат» романдарын орыс тіліне аударған.
1949 жылы әңгімелер мен очерктерінің алғашқы жинағы жарық көрді. Содан бері бірнеше кітабы шықты.
«Құрмет Белгісі» орденімен, «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталған.
Шығармалары: Черты героев. Рассказы и очерки. А., ҚМКӘБ. 1949; Близкое и далекое. А., ҚМКӘБ, 1958; Казахстанские самоцветы. А., ҚМКӘБ, 1959; Сокровища медного купола. Повесть о юности Сатпаеве. М., «Политиздат», 1962; У истоки реки. А., ҚМКӘБ, 1964; Предгорья. А., «Жазушы», 1967; Десять тысяч рассветов. А., «Жазушы», 1978; Дороги и встречи. А., «Жазушы», 1974; Озера тысяча родников. А., «Жазушы», 1978; Прадеды и правнуки. А., «Жазушы», 1980; Дневник века моего. Избранное. А., «Жазушы», 1981; Третье рождение. Повесть. А., «Жазушы», 1984.