Қазақша диктант: Қазақ тілі | Дәулет Тұрлыханов — Әлем жеңіскері | қазақ тілі Дәулет Тұрлыханов — Әлем жеңіскері диктант по казахскому языку казак тили, қазақ тілі диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктант жазу, диктанты по казахскому языку, диктанты на казахском языке, диктант казак тили сабагында казакша, диктант казак тилинен, Дәулет Тұрлыханов

0

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Дәулет Тұрлыханов  -  Әлем жеңіскері казакша Қазақша диктант: Қазақ тілі | Дәулет Тұрлыханов  -  Әлем жеңіскері на казахском языке

Классикалық күрестің шебері. Дәулет Тұрлыхановтың есімі дүние жүзіне жақсы таныс. Ол — әлем және құрлық жеңіскері, Сеул олимпиадасының күміс жүлдегері және қатарынан 5 рет бұрынғы ҚСРО біріншілігінің жеңіскері болды.

1991 жылғы мамырдың 13-14-інде астанадағы Спорт Сарайында Дәулеттей атақты палуанның құрметіне Қазақ теледидарының спорт редакциясындағы журналистер той өткізді. Бұл салтанатқа ел намысын қорғап жүрген әлем және Еуропа жарыстарының бірнеше дүркін жеңімпаздары: А.Игнатенко, Г.Атмакин, К.Маджетов келіп, командалас әріптестерінің қуанышын бірге бөлісті.

Мерекеге туған аулынан ата-анасы, аға-інілері, қарындастары келді. Бір үйдегі он баланың сегізі — ұл.

Бәрі әкелері Болат Тұрлыхановтың (бұрынғы ҚСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы) арқасында классикалық күреспен айналысады. (101 сөз)

(«Алматы ақшамы» газетінен)