ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП, ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

0

С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КОЛЛЕДЖІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНКЦИЯСЫ
ПӘНІ: МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
МАМАНДЫҒЫ: 0201000 ҚҰҚЫҚТАНУ

Орындаған: Р.А.Райымбек
Ғылыми жетекшісі: Ә.Қ.Компаева

Қорғауға жіберілді (жіберілмейді)
Экономикалық, әлеуметтік және құқықтық
пәндік бірлестігінің жетекшісі
_________________________ Г.С.Исатаева
қолы
________________________2018ж.

Ақтөбе 2018 жыл
С.Бәйішев атындығы Ақтөбе университетінің медициналық-әлеуметтік колледжі ЖШС-і

Мамандығы: 0201000 Құқықтану
Топ білім алушысы ___________________________________ ______________
(білім алушының аты-жөні)
Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша
___________________________________ _______________________________
(курстық жұмыстың тақырыбы)
___________________________________ _______________________________
тақырыбына жазған курстық жұмысына
Пікір
___________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _______________________________________

Бағасы___________________________________ _________________________
Курстық жұмыстың тапсырылған күні_______________________________ __
Пікір жазушы: Компаева Ә.Қ.____ _______________________________
(аты-жөні)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І ТАРАУ. ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП, ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Құқықтық тәртіп ұғымы, оның негізгі түрлері мен себептері 4-6
1.2 Құқық бұзушылықтың құрамы 6-12
ІІ ТАРАУ. ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫЛЫҚТЫҢ МӘНІ
2.1 Заңды жауапкершіліктің түсінігі, белгілері және қағидалары 13-23
2.2 Заңды жауапкершіліктің түрлері 23-24
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 26
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың тақырыбы: Заң алдындағы жауаптылық және құқықтық санкциясы. Құқықтық тәртіп субъектілердің дұрыс тәртібі, нормативтік актінің талабына сәйкес жұмыс жасау, іс-әрекетте қажеттілікке жол бермеу.
Курстық жұмыстың міндеті: құқықтық тәртіптің құрылымы — қоғамның санасымен байланысты тұрғыда іс-әрекет жасап, қатынас арқылы өздерінің мүдде-мақсатын іске асыру. Құқықтық тәртіптің ерекшелігі — бұл қарым-қатынас құқықтық норма арқылы өмірге келіп, мемлекеттің бақылауында болады. Егер қарым-қатынаста қателіктер кетсе, оны мемлекеттік оргондар түзетуге тиіс.
Сонымен құқықтық тәртіп дегеніміз — қоғамдағы қатынастардың жүйе-салаларының нормативтік актілер арқылы дұрыс, жақсы, уақытында реттеліп, орындалуы. Сонымен құқықтық тәртіп дегеніміз — қоғамдағы қатынастардың жүйе-салаларының нормативтік актілер арқылы дұрыс, жақсы, уақытында реттеліп, орындалуы.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Құқық бұзушылық ең алдымен неге қауіп төндіреді? Заңның қорғауына алынған өзге тұлғалардың мүддесіне. Дегенмен адамның барлық мүддесі заңмен қорғала бермейді, сондықтанда оған нұқсан келтіру әр уақытта да құқыққа қайшы болып саналмайды, тиісінше құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды. Мәселен, бәсекелестік, біреудің жеке экономикалық мүддесіне залал келтіруі мүмкін, бірақ бұл құқық бұзушылыққа жатпайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: қоғамдық қатынастағы құқықтық тәртіптің жүзеге асырылуын, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларымен танысу.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 2 негізгі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден, қосымшалардан тұрады.I ТАРАУ. ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП, ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Құқықтық тәртіп ұғымы, оның негізгі түрлері мен себептері

Құқық бұзушылық — құқыққа сай емес тәртіптің негізгі түрі болып табылады (оның басқа түрі — объективтік құқыққа қарсытәртіп және соған құқықтық тәртіптің түрлерінің бірі, себебі, соған қатысты құқыққа сай емес тәртіп (құқыққа сайлықпен қатар) оның түрі ретінді көрінеді.
Құқық бұзушылыққа мынандай белгілер тән:
1)Құқық бұзушылық — бұл әр уақытта әрекет және тек әрекет, яғни әрекет, әрекетсіздік не вербальдық (сөз жүзіндегі ) тәртіп. Құқық бұзушылыққа ой, сендіру, берік ниеттен, егер олар сырттан көрінбесе. Адам заң үшін өзінің тәртібінсіз өмір сүрмейді, оған өз кезінде Гегель де көңіл аударған.
2)Құқық бұзушылық — бұл әрекет, ол қоғам үшін қауіпті, оған зиян келтіреді. Мұнда көңіл аударатын нәрсе, құқық бұзу мүмкін емес, нақтылы қоғамдық қатынастарға тиіспей. Құқық бұзушылық (бұл атауға қарсы әріпті талқылау) заң нормаларының өзіне зиян келтірмейді. Ондай жағдай зиянды, не болмаса нақтылы құқыққа қауіп ті және заңмен қорғалатын жекелеген қоғамдық қатынастардың ықыласына әсер етеді.
Құқықты бұзғанда белгілі адамдар, олардың ұйымдары, ал құқық нормалары әрекетін жалғастыра береді және міндетті деп есептеледі.
3)Құқық бұзушылық — бұл құқыққа қарсы әрекет, яғни ондай әрекетті жасауға құқықпен әртүрлі нысанда тыйым салынған (тікелкей тыйым салу, позитивті әрекет жасауға, әрекеттің жазалануын белгілеуге арналған заңды міндеттерді тапсыру). Құқыққа қарсылық дегеніміз — құқықтығы әрекеттің қоғамдық зияндылығын көрсету.
4)Құқық бұзушылық-бұл әртүрлі уақыттағы кінәлі әрекеттер: кінәсіз құқық бұзушылық жоқ. Кінә — бұл құқық бұзушылықтың өзінің әрекетіне ерекше психикалық қатынасы және оның нәтижесіне де қатысты. [1; 72-73бб.]
Сонымен, құқық бұзушылық-қоғамға қауіпті құқыққа қарсы кінәлі әрекет. Құқық бұзушылық-қоғамға қауіптілік деңгейіне сай қылмыс (қылмыстық құқық бұзушылық) және теріс қылық. Теріс қылық, өз жағынан әкімшілік, азаматтық (азаматтық құқық бұзушылық) және тәртіптік болып бөлінеді. Сонымен қатар, процессуалдық құқықтық қатынастар тобын (процессуальдық құқық нормаларын бұзуда) бөлуге болады.
Әкімшілік құқық бұзушылықты екіге бөлуге болады:
а)Әкімшілік құқықтың шығатын позитивті заңды міндеттерді орындамау;
ә)Кодекспен белгіленген әкімшілік құқық бұзушылықтағы әкімшілік құқықтың тыйым салынғандарын бұзу.
Олардың айырмашылығы сонда, біріншісі таза әкімшілік құқық бұзушылық, ал екіншісі өзінің табиғатына қарай қылмыстық құқық бұзушылыққа ұқсас және олардан айырмашылығы тек қоғамдық қауіпсіздігінің аздығында. [2; 23-24бб.]
Құқықтық тәртіптің мазмұны — субъектілердің дұрыс тәртібі, нормативтік актінің талабына сәйкес жұмыс жасау, іс-әрекетте қажеттілікке жол бермеу. Құқықтық тәртіптің құрылымы — қоғамның санасымен байланысты тұрғыда іс-әрекет жасап, қатынас арқылы өздерінің мүддеге-мақсатын іске асыру. Құқықтық тәртіптің ерекшелігі — бұл қарым-қатынас құқықтық норма арқылы өмірге келіп, мемлекеттің бақылауында болады. Егер қарым-қатынаста қателіктер кетсе, оны мемлекеттік оргондар түзетуге тиіс. [3; 43-44бб.]
Әскери құқықтық тәртіптің өзіне тән ерекшелігі болады: өздерінің жеке арнаулы заңдары, ережелері болады. Барлық қарым-қатынас сол заңдармен реттеліп, басқарылады. Жалпы саясатта ешқандай айырмашылық жоқ. Тек реттеуде, басқаруда өзгешеліктер болады.
Сонымен, құқықтық тәртіп дегеніміз — қоғамдағы қатынастардың жүйе-салаларының нормативтік актілер арқылы дұрыс, жақсы, уақытында реттеліп, орындалуы.
Қоғамдағы заңдылық, бостандық, құқықтық тәртіп, демократия бір-бірімен тығыз байланыста дамиды, бір-біріне зор әсер, ықпал жасайды.
Заңдылық пен құқықтық тәртіпті жақсы дамыту әдіс-тәсілдері:
-құқықты бұлжытпау шраларының жүйесінің сапасын жақсарту;
-кінәға сәйкес заңды жауапкершіліктің түрін анықтау, әділетті жаза қолдану;
-еріксіз жауапкершілікті қолдануды дұрыс пайдалану;
-заңдылыққа, құқықтық тәртіпке мемлекеттік бақылауды әділетті жүргізу.
Сонымен құқықтық тәртіп — заңдылықтық дәйекті, нақтылы, толық орындалуы. Заңдылық — құқықтық тәртіптің мазмұны мен мақсаты, мұраты мен қағидалары. Заңдылық пен құқықтық тәртіп тығыз байланысты. Құқықтық тәртіп — заңдылықтың мазмұны мен мүдде-мақсаты. Осы екі ұғым бірлесіп орындалып жатады. [4; 56-57бб.]
1.2 Құқық бұзушылықтың құрамы

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйіп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған.
Сонымен, құқықтық тәртіп дегеніміз — қоғамдағы қатынастардың жүйе-салаларының нормативтік актілер арқылы дұрыс, жақсы, уақытында реттеліп, орындалуы. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек заң бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет — бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады. [5; 66-67бб.]
Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесір келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезімне зиян келтіреді.
Құқық бұзушылықтың мәні — оны басқа жүріс-тұрыс ережелерін бөліп көрсететін, басты өзіне ғана тән ерекшеліктерінен тұрады. Ең алдымен барлық құқық бұзушылықтың мәні қоғамдық құрылыстың, қоғамдық қатынастар жүйесіне келтіретін қауіптілігі, зияндылығы. Яғни, тек бір ғана әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен зияндылығы емес, оның таралуы қоғамдық қатынастарға айтарлықтай залал кенлтіретін адам әрекетінің белгілі бір түрі ескеріледі. Ал жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамдық өмірдің бекітілген тәртібін, олар қоғамда кең таралған жағдайда ғана қоғамдық тәртіптің қауіпіне айналады. Тиісінше, жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп бағалануы мүмкін. Ол және өзі келтіретіндіктен емес, өзі тектес әрекет-әрекетсіздіктің көптеп орын алуына байланысты. Олар өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзады, сондықтан да құқық бұзушылықпен күресудің мемлекеттік ұйымдасқан қызметін қажет етеді. [6; 43-44бб.]
Құқық бұзушылықты сипаттайтын белгі-нышандар:
1.Құқық бұзушылық құқықты, оның қағидаларын, құқық жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Яғни бұл адамдардың іс-әрекеті, қылығы немесе әрекетсіздігі. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Демек, құқық бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Мінез-құлқы, іс-әрекеті арқылы көрінбеген адамның ой-тұлғасы, сезімдері құқық бұзушылық болып табылмайды. Мәселен, адам өзінің ойын, сенімін күнделікке, таспаға жазып, суретке түсіруі мүмкін. Адамның ой желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болмасын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатсуынсыз жасалмайды. Олар қашан да ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Бұл дегеніміз, ақыл-есі дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады деген сөз. Яғни құқық бұзушылық саналы түрде жасалатын ерікті іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылыды.
2.Құқық бұзушылық құқық нормалары қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп, қоғамның және адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық норманы бұзады. Құқық нормаларының талаптарын орындамау нәтижесінде құқықтық тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның құқықтарына, өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді. Зиянның көлемі, мөлшері түрлі болуы мүмкін. [7; 23-24бб.]
Кінә — құқық бұзушының өзінің құқыққа қайшы әрекетіне қатысты психикалық қарым — қатынасы. Кінәнің екі түрі белгілі:
1.Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған қасақаналық. Егер адам өз іс — әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын — ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, әрекет тікелей ниетпен жасалған қасақаналық деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін алдын-ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де оған саналыы түрде жол берсе не бұған немқұрайлы қараса, әрекет жанама түрде жасалған деп саналады.
2.Абайсыздық. Ол менмендікпен және немқұрайлықпен жасалады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негізсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе бұл менменшілдік деп танылады. Мәселен, жүргізуші көлігінің техникалық ақаулықтарын біле отырып жолға шығады, жеңілтектікпен жол апатын болдырмаймын деп ойлайды, ал нәтижесінде жол апатына кезігеді. [8; http:malimetter.kzҚұқық бұзушылықтың құрамы.]
Құқық бұзушылық өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзатындықтан, оған мемлекет атынан шара қолданылып, жауаптылық тағайындалады. Құқықтық жауаптылық үшін белгісімен сипатталады:
-мемлекеттік мәжбүрлеу,
-құқық бұзушыны жауапқа тарту,
-құқық бұзушының өзіне жағымсыз жағдай тудыру.
Мәжбүрлеу шарасын мемлекет белгілейді. Құқық нармаларының қағидаларын бір ауыздан қорғау қажет болған жағдайда олардың сақталуы мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етіледі. Егер құқықтық норманың қағидалары бұзылатын болса, мемлекет тиісті шаралар қолдануға құқылы.
Заң бұзушыны мемлекет жауапқа тартады. Мемлекет оргондары заңсыз әрекетті айқындап, әшкерелеу үшін тиісті шаралар қолданады — тергеу жүргізеді, адамның кінәсі бары-жоғын анықтайтын дәлелдер, құжаттар жинайды. Жиналған деректердің барлығын жан-жақты тексеріп соның нәтижесінде шешім қабылдайды. [9; 98-99бб.]
Әрекет — әрекетсіздіктің қоғамда зияндылығы және құқыққа қайшылығын анықтау оны құқыққа сай әрекеттен бөліп қарауға негіз болады. Алайда, бұл ерекшеліктер құқық бұзушылықты түсінуге мүмкіндік бергенмен де, оның мазмұнды белгілерін нақтылау қажетілігі туындайды. Осы мақсатта заң ғылымында құқыққа қайшы әрекет-әрекетсіздікті құқық бұзушылық ретінде саралауға негіз болатын элементтердің жиынтығы, яғни құқық бұзушылықтың заңды құрамы болады: объективтік жағы, объект, субъективтік жағы, субъект.
Сонымен, құқық бұзушылық — әрекет қабілеттілігі иеленуші субъектінің заңды жауапкершілікке тартылатын қоғамға зиянды немесе қауіпті құқыққа қайшы және кінәлі әрекет-әрекетсіздігі.
Құқық бұзушылықтың түрлері: Барлық құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне байланысты екі топқа бөлінеді:
1)Қылмыс,
2)Теріс қылық.
Объектінің құндылығы, құқыққа қайшы әрекеттің мазмұны, жағдайы, уақыты, әдісі, келтірілген зиянның көлемі мен сипаты, кінәнің нысаны құқыққа қайшы әрекеттің күшейе түскендігі, оның себебі, құқық бұзушының жеке мінездемесі арқылы анықталатын қоғамға зияндылықтың сипаты мен деңгейі негіз болады.
Әрекет-әрекетсіздікті құқыққа қайшы деп тануға ықпал етуші субъекті фактор негіз болады. [10; 65-66бб.]
Қылмыс қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты әрекет-әрекетсіздік. Ол қоғамның қалыпты өмір немесе мемлекеттік құрылыс, шаруашылық жүйе, меншік және азаматтардың саяси, еңбектік, мүліктік және басқа да құқықтары. Қылмыстың заңды сипаты — оларға қылмыстық заңмен тыйым салу мен жазалау шараларын қолдану болып табылыды. Қылмысты заңда көрсетілген, қылмыстың барлық нысандық белгілерін иеленуші құқық бұзушылық өзінің жеңіл мәнділігіне байланысты қоғамға қауіпті болсамаса, қылмыс болып саналмайды.
Теріс қылық дегеніміз — қылмыспен салыстырмағанда қоғамға қауіптілігі біршама төмен және қоғамдағы құқықтық тәртіптің жекелеген жақтарына нұқсан келтіруші құқық бұзушылық.
Теріс қылық қағамда зиян келтіргендіктен әлуметті қауіпті болып табылады. Теріс қылық қоғам өмірінің қай саласында жасалуы, келтірілген зиянның тиісті құқықтық санкциясының ерекшеліктеріне байланысты әкімшілік тәртіптік азаматтық құқық бұзушылықтарға жіктілінеді.
Құқық бұзушылықтың себептері төңірегінде ежелден осы күнге дейін сан түрлі пікірлер айтылуда. Айтылған ойларды тұжырымдасақ адамдардың құқықтық нормаларды бұзылуына, ең алдымен әлеуметтік және биологиялық жағдалар әсер ететінін байқаймыз.
Әлеуметтік жағдайлар — отбасы, мектеп, қызмет істейтін ұжым, жалпы қоғамның өмірінің әсері. Бірақ бұлар әр адамға әртүрлі ықпал етеді. Тұрмысы ауыр, қиын жағдайда тәрбиеленіп, өмір сүретіндер де, сонымен біреуге уайымсыз, қиындықта өскендер де заңды бұзуы мүмкін. Бұл жағдайды бабаларымыз ежелден-ақ байқаған. Жаманнан жақсы туар, адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туар, бір ауыз сөзге алғысыз — деген мақал айғағы болса керек. [11; 33-34бб.]
Құқық бұзушылық әрқашан жекелік сипатта болады. Жеке тұлғаның қабылдаған және оның қажеттілік мақсаты арқылы анықталатын құқыққа қайшы шешім — құқық бұзушылықтың тікелей себебі болып табылады. Бірақ құқық бұзушылық себебін белгілі бір әлеумттік құбылыс ретінде қарастыру жеткіліксіз.
К.Маркс былай деген болатын: қоғам тек адамдардан ғана тұрмайды, олардың арасындағы байланысы мен қарым-қатынасын бейнелейді. Сондықтан, құқық бұзушылықтың себебін жекелеген құқыққа қайшы әрекеттер арқылы түсіну мүмкін емес.
Ғылыми зерттеу нәтижесі құқық бұзушылықтың себебі жеке адамның қажеттіліктері мен оны қанағаттандырудың әлеуметтік мүмкіндігінің арасындағы қайшылыққа деп түсіндіреді. Яғни бұл өз кезегінде қоғамдық жағдайдың сипатына тәуелді болады. Бұл дегеніміз қоғамдық қатынастар жүйесінде өндіріс, саясат, мәдениет, шаруашылық, тұтыну салаларында белгілі бір орынға ие болу. Ал қалыпты өмір сүру жағдайында бұлар бір-бірімен сәйкес келіп отыруы тиіс. Қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі белгілі бір орынды иелену адамның кәсіпқойлық дәрежесін, білімін және мәдени мәртебелігін айқындайды. [12; 88-89бб.]
Жеке адамның әлуметтік мәртебелерінің бір-біріне сәйкес келмеуі оны қоғамдық тәртіпті бұзуға итермелейді. Яғни саяси экономикалық үстемдікке әлеуметтік саладағы жағдайдың сәйкес келмеуі, жеке адамдардың білім мәртебесіне экономика, мәдениет саласында тиісті орынды қамтамасыз етпеген жағдайда, олар заңсыз әрекетке барады. Кейбір саяси қызметкер өзінің жағдайын мемлекеттегі рөлімен теңестіру үшін, билікті теріс мақсатта пайдаланады. Ең арысы жалданбалы жұмысшы да, сатқан жұмыс күшінің ақысы оның қоғамдық қажеттілігін өтемесе қолайсыз мүмкіндіктерді пайдалануға бет бұрады.
Жоғарыды айтылып өткен құқық бұзушылық тың негізгі себептерін тұжырымдай келе байқайтынымыз заңды мінез-құлық, құқықтық сана, құқықтық мәдениеттің бұл тұрғыда алатын орны ерекше.
Заңды мінез-құлық құқық нормаларының нұсқауларына сәйкес келетін жеке тұлғаның мінез-құлқы. Ол арқылы заң орындалады, жүзеге асырылады. Егер адамның мінез-құлықтары құқық нормаларының талаптарына сәйкес келсе, онда құқықтық тәртіп нығаяды. [13; 77-78бб.]

II ТАРАУ. ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫЛЫҚТЫҢ МӘНІ
2.1 Заңды жауапкершіліктің түсінігі, белгілері және қағидалары

Заңды жауапкершілік-жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірденбір жолы болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады.
Заңды жауапкершіліктің заңды негізі-құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.
Заңды жауапкершілік күрделі әлеуметтік құбылыс. Мұнда кем дегенде екі жақ қатысады: мемлекет және құқық бұзушы. Олардың арасында құқық қорғаушы қатынас қалыптасады және екі жақта заң шеңберінде, қолданылып отырған жауапкершіліктің құқықтық нормаларының нақты санкциясының негізінде жүзеге асады. [14; 43-44бб.]
Заңды жауапкершілік құқықтық жүйенің құрам бөлігі бола отырып, оған қатысты маңызды міндет атқарады. Кең мағынада жауапкершіліктің түсінігі-тұлғаның қоғам мен мемлекетке қатысты өз міндетін мойындап, он орындауы болып табылады. Тар мағынады мемлекеттің жасалған құқық бұзушылыққа қарсы жауабы болып саналады.
Заңды жауапкершілік тарихи құбылыс. Мәселен, қылмыстық құқықтың атышулы жазаларының түрлері мен олардың дамуы, тарихтың күрделі кезеңдерінің ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Қылмыстың көпшілік белгісі танылмай тұрған кезде және ол жеке адаммен оның мүддесіне қауіп төндіру деп саналған уақытша жаза өзінің сытқы нысаны бойынша, құқық бұзушы келтірген зиянның орнын толтыру және өзіне жәбірленуші шеккен зиянды келтіруден тұрады.
Заңды жауапкершіліктін қай түрі болмасын ол ең алдымен құқық бұзушылыққа санкция ретінде, яғни құқықтық нормаларының талаптарын орындау үшін мемлекеттік күштеу ретінде көрінеді. Мемлекеттік күштеу мен заңды жауапкершілік кашанда екеуі байланысты болады. Заңды жауапкершіліктің бұл белгісі әр құқық саласында түрліше сипатталады. Айталық, азаматтық, шаруашылық, еңбектік заңдар міндеттемені ерікті түрде орындау мүмкіндігін қарастырады. [15; 55-56бб.]
Шарттық міндетін бұзған азамат немесе кәсіп орын өз еркімен заңда көрсетілген айыппұлды төлеп, шығынды қалпына келтіре алады. Ерікті орындау жүзеге асырылмаған кезде ғана, жауапкершілік сот арқылы белгіленеді. Қылмыстық және әкімшілік құқықта мемлекеттік күштеу анағұрлым анық көрінеді және мемлекеттің арнайы органдарының әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
Заңды жауапкершілік тек қана құқықтық нормалар бұзылған кезде пайда болып қоймай, оларды қатаң сақтау арқылы да орындалады. Басқаша айтқанда құқық бұзушының заңды жауапкершілікті орындауы құқықтық нормалар бойынша бекітілген белгілі бір процесуалдық іс-жүргізу тәртібін бұзған кезде ғана мүмкін болмақ.
Заңдылық қағидасы. Бұл қағида бойынша жауапкершілік құқықтық нормамен тыйым салынған әрекет және де тиісті норманың санкция шегінде пайда болады. Сонымен қатар барлық процесуалдық ережелер сақталынып отырып бекітілген құқық бұзушылық туралы факті нәтижесінде ғана пайда болған жауапкершілік заңда пайда болып табылады.
Заңды жауапкершіліктің өз уақытында орындалуы. Кері жағдайда ол өзінің мәнін жойып, құқық бұзушылық жасалған уақыттағы әлеуметтік жағдайға байланысты сәйкестілігін жояды.
Жалпы құқық теориясы тұрғысынан құқықтық реттеу механизімінде құқық бұзушылық жаңа қатынасты тудыртып өзгертіп, тоқтататын заңды себептің рөлін атқарады. Бұл жағдайда құқық бұзушымен мемлекет арасында әрекет … жалғасы