Театр-2018: Әшімов шәкірттері жаңа қойылым ұсынды (ФОТО)

0

9 қазан күні М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Асанәлі Әшімовтың театр болуға ұмтылған шәкірттерінің сахналаған алғашқы қойылымы көрерменге жол тартты.

А.Әшімов шәкірттерінің  алғашқы қойылымы – М.Әуезовтың «Қарагөз» трагедиясы. Бай баласы Наршаның мейірімділігі, ата заңды бұлжытпай орындайтын бәйбішенің  қаталдығы, Сырымның Жәннатым деп бағалаған  Қарагөзінің өз қушағына жантәсілім етуі бәрі-бәрі Қазақ даласында болған  тарихи шындықтарды есімізге түсірді.

Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы «Театр өнері» факультеті Асанәлі Әшімов шеберханасында 2014-2018 жылдары білім алып, осы жылы ғана оқуды тәмамдаған жас түлектер тұтас бір ұжым ретінде  алдағы уақытта үздік қойылымдар қойып, заман талабына сай жүйемен жұмыс істеуді жоспарлап отырғандарын айтты . Түлектердің бірінші ұстаздары – Асанәлі Әшімов болса, екіншісі– режиссер Талғат Кубеков.

Сонымен қатар 10 қазанда  – «Арыстандар патшалығы» («Король Лев», аударған С.Өтешев) музыкалық драмасы (И.Миччи);

11 қазанда – «Соңғы қоңырау» поэтикалық драмасы (Е.Ташкенбай) Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының кіші залында өтеді.

Айбала Нұрлан,

«KzNews»