Қазақша Мақал — Мәтел: Күншілдік, қызғаныш

0

Қазақша Мақал - Мәтел: Күншілдік, қызғаныш казакша Қазақша Мақал - Мәтел: Күншілдік, қызғаныш на казахском языке

Күндестердің күлі де — күндес.

Махмұд Қашқари


Қырсыққанда қымыран іриді.


Қайын жұртың — міншіл, нағашы жұртың — сыншыл, өз жұртың күншіл.


Ағайын жоқ болсаң — бере алмайды,
бар болсаң — көре алмайды.


Күншілдің күні қараң.


Көкдолыдан дәупері қашыпты.


Екі қарға таласса, бір құзғынға жем болар.


Біреудің біреу бағын көп көреді,
Біреуді біреу алдап жеп келеді.
Би-шешендер


Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса — түртіп оны көре
алмас, басқа қиын іс түссе — ел қыдырып таба алмас.

Шернияз Жарылғасұлы


Ағайынға ала көз
бола қалсаң —
Аузыңдағы несібеңді
біреу жемек.
Төле би Әлібекұлы


Бақыты
зордың — бақталасы да мол.
Жанақ Сағындықұлы


Күншіл адам — мұңшыл.
Жүсіп Баласағұни



Опасызға бір түйір нан тістетпе,
Күншілге де сеніп ісің істетпе.


Қызғанның қызыл итке жем болар.


Топ көрмеген — қорғаншақ, топта озбаған — қызғаншақ.