Қазақша диктант: Қазақ тілі | Жайықта

0

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Жайықта казакша Қазақша диктант: Қазақ тілі | Жайықта на казахском языке

Көктемде Жайық өңірінде аққулар қос-қостан ұшып келеді. Талқайраңдағы көк шалғынға киіз үй тіккенбіз. Сыртта тұрып, сыбызғының үніндей сұлқылдаған аққулар даусын тыңдадым. Тобымен орман ішінде қонды.

Таңертең ерте оянып, тысқа шықты. Шығыс жақ — қызыл шақпақ. Сүрлеумен өзенге қарай жүгірдім. Кешкісін қармақ аяғына кіріп кетіпті.

Жалма-жан көйлегімді шешіп тастап, аққудың қасына жүзіп жеттім. Аққу су сабалап сыңсыды. Ауызын ашып, айбат шекті. Аяғынан ұстадым да, қармақтан босаттым. Рақмет айтқандай, бір сұңқ етті де, арғы беттегі жасыл құрақ ішінде қиқу салып, мұны тосып жүрген тобына барып қосылды. Өзен жағасын әнге бөлеп, аққулар аспанға көтерілді. (97 сөз)