Қазақша Анекдот: Шал мен Кемпір

0

Қазақша Анекдот: Шал мен Кемпір казакша Қазақша Анекдот: Шал мен Кемпір на казахском языке

Қазақша Анекдот: Шал мен Кемпір

Бірде шал мен кемпір жас күндерін еске түсіріп, саябақта қыдырып жүрсе керек. Айнала толы – жас қыздар мен жігіттер.

— Әй кемпір, осылардай кезімізде қайтушы едік, — деп кемпірін құшағына қысып алып, сүйе кетеді. Осы сәтте олардың қасына келген тәртіп сақшысы:

— Қоғамдық орында тәртіп сақтамағандарыңыз үшін айыппұл төлейсіздер. Ата, сізден – 500 теңге, сізден апа – 1500 теңге.

Бұған ашуланған шал:

— Бәрін бастаған — мен, сондықтан да айыппұлдың ең көбін мен төлеуім керек қой.

— Кешіріңіз, ақсақал, мен сізді бірінші рет көріп тұрмын, сол үшін де аз төлейсіз. Ал бұл кемпір осымен үшінші рет көзге түсіп отыр…