Қазақша Мақал — Мәтел: Әділдік

0

Қазақша Мақал - Мәтел: Әділдік казакша Қазақша Мақал - Мәтел: Әділдік на казахском языке

Әділет қылышы кескен қол ауырмас.


Әділ сөздің зілі жоқ,
Көп көзінен өткен істің міні жоқ.


Әділін айтсаң — әдемі айтқаның.


Әділ іс ағын судың арнасыңдай.
Әділ сөз болат семсер алмасындай.

(Шораяқтың Омары).


Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.


Әділдіктен қашпа.


Әділет бізден, төрелік көптің хақы

(Төле би).


Әр елдің заңы баска, иттері қарақасқа.


Құяр судан бөлінсе — көл тұнады.
Шындықтан қол үзсе — көңіл тұнады.


Әділ істің арты игі.


Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,
Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.


Әділ айтқан жеңер.


Әділ айтсаң ағайынға жақпайсың,
Әзіл айтсаң маңайыңа жакпайсың.


Ақиқат бар жерде жеңіс бар

(Нақсыбек шешен).


Пікір таласы — шындық анасы.


Түйін-түйін сырынды түбіңде келіп шын ашар.


Шын — бір сөз, өтірік — мың сөз.


Шыңдық бар жерде өтірік байқап жүреді,
Шындық жоқ жерде шіреніп, шайқап жүреді.


Шындық жоқ жерде сұмдық көп.