Қазақша эссе: Жақсылық пен жамандық

0

Қазақша эссе: Жақсылық пен жамандық казакша Қазақша эссе: Жақсылық пен жамандық на казахском языке

Қазіргі инновациялық-ақпараттық заманда халқымыз үлкен жетістіктерге жетіп, көптеген белестерді бағындырып қарқынды дамуда. Бірақ бұл заманның адамдарының эгоистік көзқарасы жоғарылып, адами қасиеттердің азайып, көптеген қорқынышты қылмыстарға барып, жақсылық пен жамандықты ажырата алмайтындай жағдайға жетіп жатыр. Қазіргі таңда отбасылық проблемалар, ажырасулар, балалардың жетім қалуы жиі кездестіні, адамдардың бұған жайбарақат қарайтыны ұлттың бұзылуының бастауы деп санаймын. Осы үлкен мәселерді қалай шешеміз деген сұрақ әрбір адам өз өзіне қоя білу керек сияқты. Егер біз болашақ ұрпақты жақсылық жасауға, көмек қажет ететін адамдарға қол ұшын беру керектігін, жаман қасиеттерден аулақ болу қажеттілігін үйретсек қоғамымыздың ғұмыры ұзақ болатынына сенем. Ең басты жас ұрпаққа үйрететін дүние жақсылық пен жамандықтың аражігін ажырата білу. Ерте заман-ақ қазақ халқы жақсылық пен жамандықты ажырата білген, оған дәлел көптеген мақал-мәтелдер, туындылар,ертегілер, нақыл сөздер және өлең жолдары. Менің ойымша адамдарды ұлтқа немесе ұстанатын дініне қарай бөлудің қажеті жоқ, себебі адамдарды тек тек топқа бөлуге болады деп санаймын жақсы адам немесе жаман адам. Менің анамның ең жақсы көретін және маған жиі айтып отыратын мақалы бар: жақсыдан-шарапат, жаманнан-кесапат. Осы төрт сөзден тұратын мақалдың ішінде қаншама мән мағына жатыр.Осы мақалға мысал ретінде өзімнің туысқан ағамды айтқым келеді. Отбасымызда үйге байланысты үлкен мәселе болған еді. Ағамның жақсылығының арқасында мәселеміз шешілді. Біздің қоғамда жақсы адамдар көп деп санаймын. Оны мен әлеуметтік желілердегі видеолардан, фотолардан, теледидардан көрсетілетін жаңалықтардан көріп, қуанам. Бір бірімізге жақсылық жасап, білім алып, келешек ұрпаққа адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірсек бұл қоғам өлмейді. Жақсылыққа ұмтылу , бір-бірімізге ізгі істер көрсету- әділітті қоғам құрудың басты шарты. Осы мақаланы Вильям Шекспирдің сөзімен аяқтайын “ Адамның бойындағы жақсылыққа баға беру үшін, осы қасиеттің кішкене бөлігі өзінде болуы тиіс”. Жақсылық жасаудан шаршамайық!

Автор: Нұрғажықызы Дәрия


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!