Өлең: 1 Желтоқсан — Тұңғыш президент күні
Оның үшін азапты да сан шекті
Абылайлар арпалысы тек емес,
Қабанбайлар бүгін үшін қан төкті.
Мақсат жоқта өміріңде мән кәне,
Тәуелсіздік сондықтан да ән көне.
Махамбеттін мерт болуы сол үшін,
Соның үшін басын тікті хан Кене.
Талай жылдар тыңдап өстік жат үнді,
Жаттың үні улады анық ақылды.
Егемендік аңсағаны ушін де,
Алашымнын асылдары атылды.
Ызғырыңды күндер өтті ызғыған,
Сан кіжіндік бойда талай қызды қан.
Қайраттардың қиып қыршын өмірін,
Желтоқсанда әзер жеттік біз бұған…
Енді қайтсек қазақ болып қаламыз,
Болашаққа қай деңгейде барамыз?
Бодандықтан қайтсе арылар санамыз?
Соны ұқпасақ көк тиын бар бағамыз!
Ойланатын талай істер бар тағы,
Тілімізде, ділімізде жарты әлі,
Егемендік еншімізге тиген бұл
Мойнымызға ауыр міндет артады.
Өмір анық түбегейлі өзгерді,
Өзгергенін, міне, халқым көз көрді.
Тәуелсізбіз, не күтеміз өзге енді?!
Ойлан, қазақ, шын сыналар кез келді!…
Қайыпназар Шотбасов («Ата қазақ» поэмасынан үзінді.)