Қазақша өлең: 22 Наурыз — Наурыз мейрамы (Наурыз жыры) / стихи про наурыз на казахском языке короткие / наурыз мейрамы туралы олендер жырлар

0

Қазақша өлең: 22 Наурыз - Наурыз мейрамы (Наурыз жыры) казакша Қазақша өлең: 22 Наурыз - Наурыз мейрамы (Наурыз жыры) на казахском языке

Қазағым, наурызың құтты болсын,
Көтерген шаңырағың биік болсын.
Тілектері ұлтымның қабыл болып,
Жақсылығын бір Алла иіп тұрсын.
Наурыз тойы- ақ батаның бастауы,
Береке мен бірліктің жалғасуы.
Жеті түрлі қасиетті дәмменен,
Байтақ елдің бір толады астауы.
Наурыз келіп көктем сазы білінер,
Ойнап- күлген жас балалар жүгірер.
Жаңа жылы қазақ деген ұлы елдің,
Наурыз ай шаттықпенен нұр берер.
Гүлі шығып дала жайнап құлпырған,
Далам қандай тамаша еді ән тұңған.
Бусап жатыр далам бүгін терлене,
Баурайынан қары кетіп құрсанған.
Алтын күні шуақ шашып аспаннан,
Жаңа жылым жыр думанмен басталған.
Ақ дастархан жайып қазақ төріне,
Ақ ниетпен үлкендерден бата алған.
Жаңа жылым келіп жетті аңсаған,
Басқа ұлттармен татулыққа жар салған.
Дәстүрімен мақтанамын елімнің,
«Мен қазақ!»- деп дүниеге жар салам.
Қазағымның жаңа жылы келгенде,
Елім менің қуанышта жүргенде.
Мендегі өлең тау суындай тасйды,
Қазағымның шаттық жүзін көргенде.
Наурыз келді ал тойлаңдар, жараңдар,
Келген мына мерекеге қараңдар.
Шашу шашып ақ жаулықты әжелер,
Тойда бүгін ойнап- күліп тараңдар!

Жыл басы наурыз болып көктем келді.
Жарқыратып, түрлендіріп аспан жерді.
Шуақтап күн көзіне, ақ молайып,
Күн нұры жадыратып қуат берді.

Қолға алдым домбыраны кәрі жолдас,
Бұл тойда өнерге үлес қоспай болмас.
Бәріңе наурыз тойы құтты болсын!
Тыңдаушы үлкен-кіші, бар замандас.

«Нау» деген сөз – жаңалықты білдім енді,
«Руз» деген күн дегенді білдіреді.
Халқынан үнді, европа таралыпты,
Құралған Наурыз екі сөзден белгілі еді.

Тарих даналығы бізден бұрын,
Осындай той арқылы ашқан сырын.
1926 жылдан бері,
Өтпегені рас қой Наурыздың.

Ал енді заманымыз түзелгенде,
Шаттанып көңіл өсіп, түрге енгенде.
Бұл тойда мәртебелеп тойлайық та,
Өлкеміз жасарып бір гүлденгенде.

Мектептен білім алған жастарымыз,
Жастармен орындалар жоспарымыз.
Ғарышты игеріп аспанға, айға,
Бірге ұшқан әр елдерден достарымыз.

Тігілген киіз үйлер қатар-қатар,
Ішінде әсем жиһаз таңырқатар.
Және бар наурыз көже, түрлі тағам,
Үйге енген той дәстүрі – дәмнен татар.

Егеменді ел болды Қазақстан,
Шет елдер байқастайды бізді сырттан.
Нұрсұлтан Президентім бастап отыр,
Қазақтан талай ойшыл дана шыққан.

Елімде ер-әйелдер мықты болсын,
Еңбекте табысына көңіл толсын.
Жалғасып наурыз тойы тойдан тойға,
Ырысты, берекелі бұл жыл болсын!

                       Нығметолла  КӘРІБАЙҰЛЫ.