«Понаехали»: Дана Нұржігіт бір-бірін кеудеден итеретін қазақтарға шүйлікті
Отандық белгілі журналист Дана Нұржігіт көз алдында сөзге келіп қалған қазақ әйелдері туралы айтты. Ол кейбір отандастарымыз сырттан келген қазақтарды кеудеден итеретінін айтып, ренішін білдірді деп жазады NUR.KZ.
Танымал тележүргізуші бұл туралы өз Instagram парақшасында айтқан.
https://www.instagram.com/p/Bt2z6dTgYZH/?utm_source=ig_embed
«Профилактикалық, денсаулыққа керекті тексерістерден өттік. Кезекте тұрып, осы сәтке дейін көз алдымнан сол көрініс кетпей тұр.
Екі қазақ келіншек, біреуі қалада тәрбиленген қарағандылық қазақ, екіншісі сырттан көшіп келген болу керек, таза қазақи тәрбиедегі келіншек.
Екеуі бір-бірімен кезек үшін жұлысып қалды. «Понаехали» деген сөзді естіген кезде сырттан келген қазақ қыздың көзінен жас шығып кетті.
Құдай-ау, қайран қазағым-ау. Осындайды қашан қоямыз? Қашан қоямыз кеудеден итергенді? Бір-бірімізді адам санамауды?
Өмірден алар бар еншіміз сол кезек пе еді, Құдай -ау?», -деп күйінді Дана.
Журналистің бұл жазбасын оқыған жұрт оны қостап, өз пікірлерін білдірген.