Түркістан абат баққа айналмақ
Былтырғы жылы Түркістанда отырғызылған 500 мың түп қызғалдақ көктем шыға бүр жарып, қала көшелерін сан алуан түске бөлемек.
Қазіргі сәтте қала бойынша газ құбырлары тартылып, көшелер кеңейтіліп жатқандықтан, бірқатар аумақты көріктендіру мен көгалдандыру сатылы түрде жүзеге асырылады. Ал науқандық жұмыстардан тыс, бос жатқан алаңдар мен жол жиектеріне көп жылдық мəдени өсімдіктер мен тал-дарақтар егу келесі аптада басталуы тиіс.
Сонымен қатар, қызыл кітапқа енген жəне аптап ыстық пен шөлге шыдамды сəмбі тал, қайың, жыңғыл, тораңғы, тобылғы ағаштарын көбейтуге күш салынады.
Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және жасыл-желек отырғызу мен күтім саласы мамандарымен өткен кеңесте айтып, ландшафтық дизайн жұмыстары барысында шығыстық үлгіге сүйенуді міндеттеді.