Полицей жігіт алып қашқан семейлік ару күйеуінен мезі болғанын айтты

0

Тұрмыс құрғанына үш жыл болған семейлік Айжан полицей күйеуінен әбден шаршағанын айтады. Бүгінде бір бала тәрбиелеп отырған ол өзін қатты қызғаншақпын дейді. Келіншек жұбайы жұмыста болғанда да хабарласып, мазалай береді екен. Алайда оның да өз себептері бар көрінеді деп жазады «Алаш айнасы».

Ойда-жоқта полицейдің жары атанған Айжан жас кезінде тәртіп сақшыларын мүлде ұнатпағанын алға тартты.

«Қыз кезімде полицей жігіттерді көрсем жыным ұстайтын, қызқұмар болғаннан соң ба білмеймін.

Кейін тұрмысқа шығар болсам, полиция қызметкеріне тұрмысқа шықпаймын деп ойлайтынмын. Бірақ артымнан жүгіріп жүрген, мүлдем ұнамайтын полицей жігіт алып қашты.

Асты-үстіме түсіп, айтқанымның бәрін істейтін. Кейіннен жанымнан артық жақсы көріп кеттім», -деді ол.

Дегенмен уақыт өте семейлік сұлудың өз жарынан көңілі қала бастаған.

«Бірақ ол өте көп өтірік сөйлейді. Қазір тіпті қай сөзінің шын, қай сөзінің өтірік екенін білмеймін. Бір нəрсе айтса, өтірігі ашылып жатса да мойындамайтын.

Жылы сөз айту, баласына көңіл бөлу деген мүлдем жоқ. Ойлайтыны — тек ұйқы, тамақ болды.

Əбден күдіктеніп біттім. «Сен маған сенбейсің» дейді. Қалай сенемін, оның өтіріктері ашылып жатса. Олар күн-түн демей жұмыс істейді, үйде көп болмайды.

Ұялы телефонында қыздардың нөмірін жігіттің есімімен де жазып қоятынын Whatsapp арқылы білдім», -дейді мұңын шаққан келіншек.

Қазіргі уақытта бала күтімімен үйде отырған әйел күйеуін де мезі етіп жібердім деп ойлады екен.

«Өзім декреттемін, үйде отырған соң ба, жүйкем қатты тозды. Мен оны суытып алған сияқтымын. Балағаттап, аузына келгенін айтады. Өтірігіне көп алданғаннан соң ба, көп тексеремін. Жай да айттым, ұрысып та айттым, бірақ қояр емес. Қызғаншақтығым өз алдына», — деді шарасыз ару.

Күйеуін жақсы көргенімен, оның әрекеттерінен шаршаған әйел жұрттан ақыл-кеңес сұрады.