Тәрбие сағаты «Тәуелсіздік»
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Тәрбие сағаты «Тәуелсіздік»
Автор: Лукпанова Кундыз Бериковна
Бағыты: Балабақша Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-02-12
Материал туралы қысқаша түсінік
жас тәрбиешілерге өте керек
«Тәуелсіздік тұғыры — биікте»Тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғыры — биікте»Тәрбие сағатының мақсаты:а)Балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру. Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру, патриоттық, отаншылдық сезімін ояту, елін, жерін, құреттеуге тәрбиелеу.Көрнекілігі: Тақырып, әнұран, суреттер т.б.Тәрбиеші сөзі: Қайырлы күн, балалар! Бүгін біз сіздермен «Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!Биыл үлкен мереке.Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды.Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз. 1991жылы 16желтоқсан — тарихтағы ұлы күн .Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік, бірлік, тұрақтылық, гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыптасады. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді. Азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді.Бірақ ,ешқашан да мойымады, күресе білді. Тәуелсіздік – қандай қасиетті ұғым. Тәй-тәй басқан шағынан бастап талай –талай қиындықтарға қарсы тұрған Тәуелсіздігіміздің бірте –бірте еңсесін тіктеп, тұғырын биіктеп, тамаша табыстарымен жігіт жасына жетіп отыр. Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан-теңіз, әліде берері тіпті мол. Тәуелсіздік бізгеоңай келмейді,Бұны ешкім аяп ешкім бермейді.Тәуелсіздік- Қайрат,Ләззат,Ерболдың,Тар-таскөшеде тас-талқан боп өлгені.Ақталды бодақтардың ақ талабы,Әділ іс әрқашанда ақталады.Елі үшін жанын қиған асыл жандар.Ел есінде мәңгілік сақталады.Тәуелсіздік биік болсын,тұғырың.Тарылмасын терең алған тынысыңБұданалған күндеріміз құрсын,Ұзақ болсын, ұзақ болсын ғұмырың.Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдым.Желтоқсанда егеменді ел болсың деп талпындым.Кеудемде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның.Айналайын, айналайын, қасиетті халқымның.Ән: «Желтоқсан желі»Тұрағым Қазақстан елді мекенім,Сүйгем жоқ,сүйе алмаймын жерді бөтен.Танытқан бар әлемге қазақ атын,Туымды асқақтата желбіретем.Ән: «Ақ көгершін»Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде сайын даланың төбесінен бой көтерген ару Астана біздің мақтанышымыз. Барлығымыз тәуелсіз заманның, егеменді елдің бақытты қожасы болдық. Тәуелсізбін, Тәубе саған жарық күндегім келеді. Халқымыздың Тәуелсіздік жолында шекпеген тауқыметі, көрмеген қасіреті қалмаған.Тәуелсіздігіміздің ең алғашқы қастерлі нышандарының бірі -Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументі. Ол 1986 жылғы сол кездегі Жаңа алаңында бой көтерді. Бұл жер -1986жылғы Желтоқсан көтерлісінің кіндігі болған алаң. Тәуелсіздік монументі Елбасының Н.Назарбаевтың бастамасымен белгілі мүсінші, Елтаңбамыздың авторы Шотаман ЫдырысұлыУалихан аталарыңның жобасымен жасалған.1986 жылы 16желтоқсанда Алматы қаласындағы алаңға жастар «Тәуелсіздік керек» деген тілегімен жиналды. Милиция жасақшылары ортаға шығып жастарды ұрып соға бастады. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Желтоқсан оқиғасы ешқашан көмескіленбейді. Себебі,тарих таналар орны ерекше .Әрбір дербес мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілерінің бірі -Ұлттық ақшасы. Сөйтіп, 1997жылы 17шілде де Қазақстанда «тіл туралы» заң қабылданды. Мемлекеттік тіл-қазақ тілі болып саналады. Қазақ тілі өте бай, терең мағыналы, көркем тіл.16 желтоқсан-Тәуелсіздік алған күн,Ерекше боп ел жадында қалған күн,Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,Желбіресін көк туы – нағыз көркі жерімнің.Хор: «Арайлап таңым»Қорытынды: Сондықтан басты құндылығымыз -Тәуелсіздігіміз! Сол үшін де бүгінгі жас ұрпақ Тәуелсіздігімізді ардақ тұтып, қадірлей білгені абзал. Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған. «Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты ашық тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз.
№ 21 ЖОББМ
«Тәуелсіздік тұғыры — биікте» Тәрбие сағаты
Орал 2016ж
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.