Қазақстан «Азия балалары» ойындарында тағы екі алтын жеңіп алды

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Шорт-тректен ерлер командасы Оңтүстік Корея мен Сібір командасындағы қарсыластарынан мықты болып шықты

АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Оңтүстік Сахалинде «Азия балалары» халықаралық спорттық ойындары жалғасып жатыр. Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына тағы үш медаль түсті.

Шорт-тректен Қазақстан ерлер командасы Оңтүстік Корея мен Сібір командасын басып озып, эстафетадан алтын медаль иеленді. Қыздарымыздың еншісінде күміс бар. 

Шаңғымен тұғырдан секіруден бақ сынаған Вероника Шишкина алтын медаль алса, биатлоншы Вадим Куралес екінші рет тұғыр биігінен көрініп, «қола» еншіледі, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі. 

Арина Шешукова екінші күміс жүлдесін жеңіп алды. 

Еске сала кетейік, «Азия балалары» турниріне 16 жастан кіші спортшылар қатысады.

 



sputniknews.kz