Ашық сабақ Ғарыш туралы ғылым 1 сынып

0

САБАҚ: Жаратылыстану Мектеп Күні: Мұғалімнің аты-жөні: СЫНЫП: 1 сынып Қатысқандар: Қатыспағандар: Оқу мақсаттары 1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау; Бағалау критерийлері:

  • Астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттауды біледі
  • Қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды зерттеудің қажеттілігін түсіну.
  • Жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.
  • Ойлау деңгейлері:БілуТүсінуҚолдану Тілдік мақсат

    Оқушылар:ғарышты зерттеуде астрономияның рөлін талқылайдыЖер пішінінің өзіне тән ерекшеліктерін атайдыуақытты адамға берілген маңызды ресурс ретінде бағалау қажеттілігін талқылайды

    Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:Жер-земля-land, ғарыш-планета-space Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Жерғаламшарыныңпішініқандай?
  • Глобустабіздіңелдіқалай табуғаболады?
  • Уақыт деген не?
  • «Уақыт алтыннан да қымбат» мағынасы нені білдіреді?
  • Адамның өмірінде уақыттың алатын орны қандай?Не себепті ….. деп ойлайсың?Оқушылар:ғарыш ұғымымен танысады. Астрономияның аспан денелерін және оларда жүретін барлық үдерістерді зерттейтін ғылым екенін түсінеді;шоқжұлдыздар терминімен танысады және оның мағынасын түсінетін болады. Ол үшін түрлі аңыздарды оқиды, өз беттерінше шоқжұлдыздар туралы жоба дайындайды. ишара: Алдыңғы оқу: Алдыңғы сабақ Қозғалыс дегеніміз не?Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?Біз қалай қозғаламыз? Жоспар Жоспарланғануақытесебі Жоспарланғанжаттығутүрлері (төмендегіжазбалардыөзіңізжоспарлағанжаттығутүрлеріменауыстырыңыз) Ресурстар (Көрнекілік) Дереккөздер Басы Шаттық шеңбері– Балалар, мен сендерді – қыздар мен ұлдарды көргеніме өте қуаныштымын. Сендерді шын көңілмен шаттық шеңберіне шақырамын. Барлығымыз, қыздар мен ұлдар араласып тұрайық та, бір-бірімізбен амандасайық:— Кәне, балалар, қазір қай сабақ болады?Қазір жаратылыс тану сабағы.Бүгінгі сабақ ашық сабақ, қонақтар келіп отыр.— Кәне қонақтармен амандасайық.Қуан шаттан алақай!Қуанатын келді күн!Қайырлы күн!Күліп шықты күн бүгін.Сәлеметсіздер ме!Бәріміз күндей жарқырайықБәріміз дос болайық!Бәріміз тату болайық!— Қатар — қатар тізіліпҚолымызды түсіріпТүп — түзу боп отырайық. Ортасы Тыңдалым. Астрономия — жер бетіндегі ең ежелгі ғылым. Ол ғаламды, аспан денелерін, олардың қозғалыс­ тарын, пайда болуы мен дамуын зерттейді.

    Ерте заманда адамдар жұлдызды аспанды бақылаған,­ олар күн мен түннің және жыл мезгіл­ дерінің, Ай фазаларының ауысуын байқаған. Ежелгі мысырлықтар аспанда жарық жұлдыз Сириус пайда болғаннан кейін төртінші-бесінші күні Ніл өзенінің арнасынан асатынын білген. Ежелгі диқандар Күн көкжиектен неғұрлым биік көтерілсе, соғұрлым жылы болатынын, яғни жақын арада көктем келетінін анықтаған. Бақылау нәтижесінде алғашқы күн­ тізбелер­ жасалған. Күн және Ай күнтізбелері әр халықта әртүрлі болған. Олар әлі күнге дейін қазіргіғалымдарды зерттеулеріндегі дәлдігімен таңғалды­­ рып келеді.

    Ғалам — уақытпен және кеңістікпен шектелмеген алуан түрлі әлем. Ол — адамның санасынан тыс тіршілік ететін әлем. Ғалам өте көп аспан денелерінен тұрады, олардың көпшілігінің мөлшері Жерден бірнеше миллион есе үлкен.

    Шоқжұлдыздар — шоғырланып түрлі мүсіндерді­ түзетін жұлдыз­дардың­ тобы. Олардың көпшілігінің атаулары грек аңыздарынан шыққан. Птолемейдің “Альмагестінде” аспан мен шоқжұлдыздар жан-жақты сипатталған. Бұл классикалық сипаттама. Жылдар­ өте келе кейбірі ұмытылып, жаңадан пайда болды, бос орындар толтырылды. 1930 жылы қазіргі шоқжұлдыздардың тізімі жасалып, шекарасы бекітілді.

    жұлдызды аспанның картасы;ең танымал шоқжұлдыздардың суреттері. Интернет-ресурстар:астрономия тарихы туралы бейнефильм, мысалы, https://www.youtube.com/watch?v=X-0Lzezbwmc;астрономияның нені зерттейтіні туралы таным­ дық мультфильм, мысалы, https://www.youtube. com/watch?v=GI0OEuDqrE8&index=1&list=PLlnxylws3Ecdcw9Tw13eBOnLzwN3nRMLX. Бағалау критерийлері

  • Астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттауды біледі
  • Дескриптор:

  • Жер және ғарыш туралы мәлімет ала алды.
  • Жер және ғарыш тақырыбына байланысты мысалдар келтіріп, өз ойларын айта білді
  • Түйінді сөздерді үш тілде айта алады.
  • Тыңдалым. ТапсырмаларКіріспе тапсырма. Ғарышқа саяхат. Оқушы­ лардан ғарышты қалай елестететіндерін сұраңыз. Суретке назар аудартыңыз.Анықтаңыз:— Сендердің елестеткендерің шындықпен сәйкес келді ме?— Ғарышта не бар? (Ғарыш — бұл шексіз кеңістік, онда сан алуан ғарыш денелері бар.)Ерте заманда адамдар аспанда көрінетін жұл­дыздарды аспан күмбезіне қағылып тұрған шегелер деп есептеген.Ежелгі астрономия. Оқушыларды шағын топ­ тарға бөліңіз. Олардың назарын суретке аударыңыз. “Ежелгі адамдар астрономиямен не үшін айналысты, олар нені байқаулары мүмкін еді?” дегенге болжам жасап көруді тапсырыңыз. Талқылаудан кейін бар­ лығын тыңдаңыз, барлық жауап нұсқаларын тақтаға жазып қойыңыз. Егер қиындық туындаса, оларға ерте заманда адамдардың немен айналысқанын, қандай құралдарды қолданғанын еске түсіруді сұраңыз. Оқушылар сол кездегі адамдардың негізгі іс-әрекеті диқаншылық, аңшылық және балық аулау болғанын түсінуге мүмкіндік алады. Көптеген халықтар, сонымен қатар қазақтар да көшпенді өмір сүрді. Сондықтан олар жұлдыздардың қозғалысын бағдарлап, жыл маусымдарының ауысуын болжаған. Себебі оларға қай уақытта егін егіп, қай уақытта жинап алу керектігін анықтау қажет болды. Сонымен қатар кейбір ел­ дерде өзендердің арнасынан шығу кезеңдерін білу маңызды рөл атқарды. Оны алғашқы күнтізбелер-­ ден байқауға болады.Сабақ барысында қазақтардың көшпенді өмірі бейнеленген суретке назар аудартыңыз. “Адамдар не үшін көшпенді өмір салтын ұстанды?” — деп сұраңыз. (Жайылымдық жерді ауыстыру үшін және жыл мезгілінің өзгеруімен байланысты көшпенділік салтын ұстанды.)Бақылау. Тапсырманы орындай отырып, оқушы­ ларға сұрақтар қойыңыз:— Аспанда не көрінеді? (Ай, Күн, жұлдыздар.)— Жұлдыздардың барлығы бірдей болып көріне ме? (Жарық жұлдыздар, сонымен қатар күңгірттері де бар.)Жұлдызды аспанның суретін көрсетіп, кейбір жұлдыздардың бір-біріне жақын орналасқанына ерекше назар аударуға болады. Осындай жұлдыздар тобы шоқжұлдыз деп аталатыны туралы айтып беріңіз. Қазіргі адамдар олардың барлығын ерте заманда көрінгендей көре алмайды. Жұлдыздардың бір бөлігі жоғалып, күңгірттеніп кетті. Оқушылардың қай шоқжұлдыздарды білетінін анықтаңыз.Зерттейік. Оқушыларды топтарға бөліңіз. Топ­ тарда қабілеті жағынан деңгейлері әртүрлі оқу­ шылар болғаны дұрыс. Топтық жұмыс жасау үшін түрлі түсті қағаз, картон, А4 форматты ақ парақ, желім, түрлі түсті қарындаштар, шоқжұлдыздар ту­ ралы аңыз кітаптар қажет болады.Таңдап алынған шоқжұлдыздар туралы аңыз­ дардан үзінді оқып беріңіз. Бұл шағын мәтіндер болуы керек. Тапсырмаларды күрделендіру­ мақса­ тында оқи алатын оқушыларға оны өз бетінше орын­ дауды ұсыныңыз.Оқушыларға тауып алған ақпараттарын тірек сөздердің көмегімен жазып алуды тапсырыңыз. Топ мүшелерінің міндеттерді бөліп алуын ұйымдасты­ рыңыз: олардың жартысы шоқжұлдыздардың­ сурет-терін­ салады, келесі бөлігі шоқжұлдыздарды­ бір­ неше сөзбен сипаттай алады, қалған оқушылар кітаптың мұқабасын әзірлей алады. Тапсырманы орындап болған соң, әр топ өз жұмыстарын сынып­ тың талқылауына ұсына алады.Зерттеу барысында сұраңыз:— Не себепті осы шоқжұлдыз таңдап алынды?— Ол несімен қызықты?— Шоқжұлдыздарды ажырату не үшін қажет бол­ ды? “Астрономия” сөзінің аудармасы жайлы айтып беріңіз. Оқушылардан: “Жұлдыздар қандай заңды­ лықтарға бағынады?” — деп сұраңыз. Әңгіме бары­ сында оқушылар жұлдыздардың белгілі тәртіппен орналасатыны, аспан денелерінің қозғалысы соған байланысты болатыны туралы айтып бере алады. Бағалау критерийлері:

  • Қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды зерттеудің қажеттілігін түсіну.
  • Дескриптор:

  • Жер және ғарыш тақырыбына байланысты байланысты тапсырмаларды оқып, түсіне алады.
  • Оқушылар осы тақырыпқа байланысты берілген тапсырмаларды орындай алады
  • Түйінді сөздерді үш тілде айта алады
  • Сергіту сәті: Оқушылар көздерін жұмып, әуенді тыңдау арқылы табиғатқа серуен жасайды. Тыныштық сәті«Орманға саяхат» Тапсырмалар. Жұмыс дәптермен жұмыс

    Шоқжұлдызды құрастыр. Оқушылар “ғалам­шар” сөзінің әріптерін тауып алып, жұлдыздарды ретімен жалғастыра алады. Тапсырманы­ орындау­ нәтижесінде оқушыларда Жетіқарақшы шоқжұлды­­ зының бейнесі (ожау) пайда болады.

    Бағалау критерийлері:

  • Жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.
  • Дескриптор:

  • Берілген дәптердегі тапсырмаларды оқып, орындай алады
  • Тапсырмаларды күнделікті өмірмен байланыстырып, айта алады
  • Түйінді сөздерді үш тілде айта алады
  • Соңы Бағалау

  • «Бағдаршам» әдісі
  • Мадақтау сөздер арқылы «Жарайсың, жақсы, әттеген-ай»
  • Кері байланыс«Тілек шамы» Әр оқушы бір-біріне «Тілек шамын» беру арқылы өз отбасына тілектерін айтады. Қосымшамəліметтероқулықтан тыс Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

  • Оқушылар ғарыштың не екенін түсінеді.
  • Ғарышқа саяхат. Оқушылардан өздерін ойшағарыштамыз­ деп елестетуді өтініңіз. “Айналадан не көріп тұрсыңдар?” — деп сұраңыз. Тапсырманы орындай отырып, оқушылар өздерінің ғарыш ту­ ралы қиялдарының суретін салып бере алады. Оқу­ шылардың тақырыпты қаншалықты жақсы меңгер­­ генін білу үшін: “Айналада ауа бар ма? Шарлар ұша ала ма?” — деп сұраңыз.

    Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

    Мадақтау арқылы бағалау

    Пəнаралық байланыс – Өзін-өзі тану, әдебиеттік оқу, жаратылыстану, орыс тілі, ағылшын тілі.Денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс.

    Дүниетану. Ерте замандағы адамдардың өмір салты. Көшпенділер.

    Құндылықтарменбайланыс(тəрбиеэлементі).

    РефлексияСабақтың мақсатымен оқу міндеттеріорындалды ма?Бүгін оқушыларне үйренді?Сабақ қалай өтті,қандай деңгейдеөтті?Жоспарланғансаралаужақсыіскеастыма?(тапсырмаларсəйкесболдыма?)Уақыттықалайпайдаландым?Жоспарымақандайөзгерістеренгіздімжəненеге? Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Солжақтаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз. Сабақтың мақсатымен оқу міндеттері орындалды.Бүгін оқушылар «Жер және ғарыш Ғарыш дегеніміз не?», туралы толық мағлұмат алды.Сабақ оқушыларға қызықты, жақсы деңгейде өтті.Жоспарланғансаралаужақсыіскеасты. Тапсырмалар сәйкес болды.Уақытты тиімді пайдаландым.

    Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?