Министр Әбілқасымова сыннан «қорытынды шығаратынын» айтты
[ad_1]
Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова жақында Астанада бір отбасындағы бес баланы мерт қылған өрттен кейін алғаш рет журналистерге пікірін білдірді. 12 ақпанда Қазақстан үкіметінің отырысы кезінде БАҚ өкілдері қойған сұраққа жауабында Әбілқасымова өзі басқаратын министрлік Астанадағы қайғылы оқиғадан соң айтылған сыннан «қорытынды шығаратынын» мәлімдеді.
Әбілқасымова «көптеген күрделі мәселелер» жүктелгендік министрлік сынға да ұшырайтынын айтады.
«Жұмысымыздың сипатына байланысты үнемі қандай да бір сын естіп жатамыз. Ең бастысы, біз ол сыннан қорытындысы шығарамыз, жағдайды жақсартуға тырысамыз» деді министр қызметтен кетуін талап еткендердің сөзіне байланысты айтқан пікірінде. Ол өзі басқаратын министрліктің «мемлекеттік саясатты жүзеге асыру тиімділігін арттыру бойынша шаралар» қабылдағалы жатқанын хабарлады.
Өткен аптада еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қызметкерлері Мәдина Әбілқасымованың сырқаттанып жатқанын айтқан болатын.
4 ақпанға қараған түні Астананың Көктал-1 шағын ауданындағы уақытша баспанадағы өрттен бір отбасының кәмелеттік жасқа толмаған бес қызы мерт болған. Биліктің хабарлауынша, көп балалы ретінде тіркеуде тұрған отбасы отырған тар бөлмеде өрт шыққан кезде балалардың ата-анасы түнгі жұмыста болған.
Қайғылы оқиғадан кейін Қазақстан қоғамында көп балалы отбасылардың әлеуметтік проблемаларын көтере бастады. Астана, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда және тағы бірнеше қалада көп балалы аналар билікке баспана мәселесін шешу, балаға төленетін жәрдемақыны көбейту, көп балалы отбасыларға жеңілдіктер қарастырумен бірге еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованы қызметтен алу туралы талап қойды. Жергілікті билік орындары көп балалы аналардың арыз-өтініштерін қабылдап, үкімет жанынан «ел азаматтарының табысын арттыру және тұрмыс сапасын жақсарту, көп балалы отбасыларға қолдау шараларын күшейту» жөніндегі жұмыс тобы құрылды.
Көп балалы аналардың билікке талабы:
[ad_2]
Азаттық