Тұрғын үйлерді салуға және сатып алуға берілетін несиелер

0

 

ЖОСПАР

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 3-5

1-тарау.Тұтыну несиесі және оның әлеуметтік-экономикалық
маңызы … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … . 6-19

  1. Тұтыну несиесі туралы түсінік және оның мәні … … … … … ..6-9
    2. Тұтыну несиесінің түрлері … … … … … … … … … … … … 10-19

2-тарау.Коммерциялық банктерде тұтыну несиелерін беру
тәртібі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .20-58

2.1.Жеке тұлғалардың несиелік қабілеті және оны бағалау
әдісі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …20-38
2.2.Тұтыну несиесін уақытында қайтаруды қамтамасыз ету
формалары … … … … … … … … … … … … … … … … … … …3 9-46
2.3.Тұтыну несиесін беру тәртібі … … … … … … … … … … ..47-58
3-тарау. Жеке тұлғаларды несиелеуді жетілдіру жолдары … … … ..59-75

3.1.Жеке тұлғаларды несиелеудің шет елдік тәжірбиесі … … … 59-64
3.2.Қазақстанда жеке тұлғаларды несиелеуді жетілдіру

жолдары … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 65-75

Қорытынды … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..76-78

Пайдаланылған ғылыми әдебиеттер … … … … … … … … … … … 79-80

КІРІСПЕ

Қазіргі кездегі банктер банктік операцияларды ең жаңа технологияларды
пайдалана отырып, жоғары деңгейде қызметтердің кең спекторын көрсетеді.
Мемлекеттік органдардың, жеке тұлғалардың, тағы да басқа кәсіпкерлікпен
айналысатын ұйымдардың, кәсіпорындардың тұтыну және инвестициялық
мақсаттарына несие беру — банктердің негізгі экономикалық функциясы болып
табылады. Банктердің несиелік функцияларын дұрыс орындауы клиенттердің
қаржылық, экономикалық жағдайларына әсерін тигізеді, себебі, банктік
несиелер жаңа кәсіпорындардың құрылуын, жаңа жұмыс орындардың пайда болуын
және олардың экономикалық өмірін қамтамасыз етеді.
Нарықты экономика дамыған сайын несие түрлері де көбеюде. Соның ішінде
тұтыну несиесіне келетін болсақ, оның негізгі мақсаты — халыққа тұтыну
тауарларын сатуды ынталандыру, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту. Тұтыну
несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты; біріншіден, тауар айналымы өскен
сайын, несие көлемі де көбейеді, себебі тауарға деген сұраныс несиеге деген
сұранысты тудырады. Екіншіден, тұтыну несиесі төлем қабілеттілігі бар
халықтың сұранысын тудырады. Бұл байланыс әсіресе қазір, нарық тұтыну
тауарлармен қаныққан сайын нығая түспек.
Несиенің бұл түрі қымбат және ұзақ мерзімге тұтынатын тауарларды,
мысалы: автокөліктерді, жиһаздарды сатып алуға қолданылады. Тауар бағасы
жоғары болған сайын, несиенің бұл түріне де сұраныс көбейеді. Дамыған
елдерде несиенің жартысынан көбі автокөлік сатып алуға беріледі. Қалған
тауарларды көбінесе қолма-қол ақша арқылы сатып алады.
Тұтыну несиесі тауар формасында және ақшалай берілуі мүмкін. соңғы
кезде, Қазақстанда ақшалай берілетін тұтыну несиесі өріс алуда. Олар
көбінесе машина және ұзақ мерзімге қолданылатын тауарлар алуға, үйлер
салуға,сатып алуға және тағы басқа да мақсаттарға беріледі.
Жалпы тұтыну несиесінің көлемі халықтың тұрмыс жағдайын көрсетеді және
кәсіпкерлердің тауарларын өткізуге үлкен ықпал жасайды. Міне осы жоғарыда
айтылған мәселелер диплом жұмысының тақырыбының өзектігін дәлелдейді.
Дамыған елдерде тұтыну несиесі үлкен роль атқарады. Ол тауарларға деген
сұранысты, оларды өндіруді көбейтуге және сатуға ынталандырады. Тұтыну
несиесін көбінесе табысы орташа жұмысшылар мен қызметкерлер пайдаланады.
Жеке тұлғаларға ұзақ мерзімге қолданатын тауарларды несие арқылы сатып
алған қымбатырақ болғанымен, төленетін соманы біртіндеп өтеуге мүмкіндік
алады.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы тұтыну несиесі де, оның бір түрі болып
табылатын ипотекалық несие де дамудың жаңа сатысында. Бұл менің зерттеу
пәнім ретінде қарастырылады.
Диплом жұмысындағы зерттеулердің объектісі — Казкоммерцбанк АҚ-ң жеке
тұлғаларға ұзақ мерзімге тұтынатын тауарларды сатып алу мақсатында
берілетін тұтыну несиесімен байланысты экономикалық несиелік қатынастарды
ұйымдастыру тәжірбиесіне талдау жүргізу. Ал диплом жұмысының зерттеу
мәселелері тұтыну несиесін беру, қайтару және банктер тарапынан бақылауды
ұйымдастыру.
Тұтыну несиесінің экономикалық мәнін, жеке тұлғалардың тұтыну
несиелерін қандай мақсаттарға алатынын анықтау және тұтыну несиесінің
берілу тәртібімен танысу — жұмыстың мақсаты болып табылады. Осы мақсатты
орындау үшін мынадай міндеттемелер алға тартылады:
➢ Статистикалық мәліметтерді қарастыру;
➢ Оларға талдау жасау;
➢ Тұтыну несиелерінің түрлеріне зерттеулер жүргізу;
➢ Жеке тұлғалардың несиелік қабілетін бағалау әдістеріне сипаттама
беру;
➢ Несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ету формаларын талдау;
➢ Шет елдік тәжірбиелерді қарастыру.
Диплом жұмысын жазудың теориялық және методологиялық негізі ретінде
батыс елдерінің, Ресей Федерациясының, Қазақстан Республикасының
ғалымдарының ғылыми еңбектері қарастырылды, атап айтқанда Джозеф Ф. Синки,
Питер С. Роуз, Колесников В.И., Лаврушин И.О., Панова Г.С. Сонымен бірге,
тұтыну несиесін пайдаланудың құқықтық негізі болып табылатын Қазақстан
Республикасының заңдары мен заң актілеріне сүйендім.
Ал, диплом жұмысында зерттеулерді жүргізу әдісі ретінде диалектикалық,
салыстырмалық, индукциялық және дедукциялық әдістерін қолдандым.
Диплом жұмысының практикалық базасы ретінде Казкоммерцбанк АҚ-ң қаржы
есебінен алынған мәліметтер қарастырылады.

1-тарау. Тұтыну несиесі және оның әлеуметтік-экономикалық маңызы

  1. Тұтыну несиесі туралы түсінік және оның мәні

Тұтыну несиесі — бұл, жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу,
тұрмыстық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына және қамтамасыз етілу,
мерзімділік, төлемділік, қайтарымдылық талаптарына сәйкес берілетін
коммерциялық немесе банктік формадағы несиелер.
Коммерциялық банктер төмендегідей қажеттіліктерді қанағаттандыру
мақсаттарына тұтыну несиесін береді:
• Ұзақ мерзім қолданатын тауарларды сатып алу мақсатына. Мысалы: пәтер,
автомобиль, жиһаз, телевизор, тоңазытқыш және басқа да техникалар
сатып алу үшін берілетін тұтыну несиелері. Несиелеу процесінде банктер
тауарларды сатушыларға тауардың құнының 70-75%-ын төлейді. Ал несиеге
берілген тауар-кепіл ролін атқарады. Берілетін несие сомосы қарыз
алушымен несие келісім шартында көрсетілген график бойынша өтелуі
тиіс.
• Кейін сатылатын немесе лизингке берілетін құралдарды, тауарларды жалға
алу мақсаттарына берілетін тұтыну несиесі;
• Тұрғын үйлерді салуға және сатып алуға берілетін несиелер;
• Несиелік карточка бойынша сатып алынған тауарлардың төлем мерзімін
ұзартуға берілген несиелер, егер бұл жағдай несиелік карточканы
пайдалану келісім шартында қарастырылса;
• Қозғалмайтын мүлік, автокөлік және ұзақ мерзім қолданылатын тауарларды
сатып алу және кәсіпкерлік қызметке байланыссыз, яғни оқу үшін,
емделгені үшін төлем жүргізу мақсатына берілген несиелер.
Экономикалық мазмұны жағынан тұтыну несиесі банктік несиенің бір түрі,
оның объектілері жеке тұлғалардың тұтыну талғамымен тікелей байланысты,
яғни халықтың тұрмыс жағдайының деңгейімен анықталады.
Тұтыну несиесінің негізгі мақсаты — халыққа тұтыну товарларын сатуды
ынталандыру. Бұл несие түрі бөлшек саудамен тығыз байланысты: біріншіден,
тауар айналымы өскен сайын, несие көлемі де көбейеді, себебі тауарға деген
сұраныс несиеге деген сұранысты тудырады. Екіншіден, төлем қабілеттігі бар
халықтың сұранысын тудырады. Бұл тәуелділік әсіресе қазір айқын көрінеді
(нарықтың тауарлармен қаныққан уақытында).
Несиенің бұл түрі қымбат және ұзақ мерзімге пайдаланылатын тауар
өнімдерін сатып алу мақсатына беріледі. Мысалы: автокөліктерді, үй-
жай,тұрмыс жиһаздарын сатып алуға. Тұтыну тауары қымбаттырақ болған сайын,
несиенің бұл түрі жиірек қолданылады. Дегенмен несиенің мұндай түріне
сұраныс ең алдымен номиналдық жалақының деңгейімен анықталары сөзсіз.
Дамыған елдердегі несиенің жартысынан көбі автокөлік сатып алу мақсатына
беріледі, қалған тауарларды көбінесе қолма-қол ақша арқылы сатып алынады.
Тұтыну несиесі көптеген елдер экономикасында үлкен роль
атқаратындықтан, мемлекеттік органдар тарапынан реттеліп отырады.
Бұл реттеулерді екіге бөлуге болады: несиені беру деңгейіндегі және
товарларды тұтыну деңгейіндегі реттеулер. Несиені беру деңгейіндегі
реттеулер, мемлекет тұтынушыларды несиелеуді не қолдап, не тежеп отыруды
көздейді. Яғни, банктердің, қаржы мекемелерінің қызметтеріне несиелік
шектеулер қолданылады.
Экономиканың құлдырауы, сұраныстың азаюы кезіндегі мемлекеттің саясаты
— елдегі іскерлік белсенділікті ынталандыру. Ол үшін тұтыну несиесіне деген
жеңілдіктер, мысалы: қолма-қол ақшамен сатып алынған тауарлардың бағасын
төмендету, несиенің құнын азайтып, мерзімін ұзарту шаралары қолданылады.
Ал, экономикада ақша инфляциясының күшеюі кезінде алдағы айтылған
саясатқа қарама-қарсы саясат жүргізіледі, яғни мелекет несие мерзімдерін
азайтып, проценттік ставкаларды жоғарлатады.
Дамыған елдерде тұтыну несиесі үлкен роль атқарады, тауарларға деген
сұранысты, олардың өндірісін көбейтуді және сатуды ынталандырады. Тұтыну
несиесін көбінесе табысы орташа жұмысшылар мен қызметкерлер алады. Жеке
тұлғаларға ұзақ мерзім қолданатын тауарларды несие арқылы сатып алған
қымбатырақ болғанымен, төленетін соманы біртіндеп өтеуге мүмкіндік алады.
Әр елдегі тұтыну несиесінің даму дәрежесін салыстыратын болсақ, оның
даму деңгейі әр елде әртүрлі сатыда екенін көре аламыз.
Соңғы зерттеулерге сәйкес, көбінесе тұтыну несиесі банктермен берілетін
несиелердің ішіндегі ең табысты түрі болып табылады, мысалы, әлемдегі ең
бір танымал — Ситикорп оф Нью-Йорк өзінің мыңдаған бөлімшелері бойынша,
үнемі өсіп отырған ресурстарын тұтынушыларға қызмет етуге (әсіресе, несие
карточкаларының маркетингісіне, тұрғын үйлерді кепілге ала отырып берілетін
несиелерге, тұтынушыларға электрондық қызмет көрсетулерге) бағыттап
отырады, бірақ, тұтынушыларға бағытталған банктік қызметтер қымбат және
тәуекелі жоғары болады, себебі жеке тұлғалар мен жанұялардың қаржылық
жағдайы әртүрлі мүмкін болатын ауруларға, жұмыс орындарын жоғалтуға
байланысты күрт өзгеруі ықтимал. Сондықтан, тұтыну несиесін басқаруды
жүзеге асыру мүмкін жағдайларды есепке ала отырып жүргізілуі тиіс.
Сонымен, халыққа берілетін несиелер тұтыну несиесі деп аталады. Бұл
несиенің тұтыну сипаты несиені беру мақсатымен (несиелеу объектісі)
анықталады.
Ресейде тұтыну несиесіне халыққа берілетін кез-келген несиелерді, соның
ішінде ұзақ мерзім қолданылатын тауарларды алуға берілген несиелер,
ипотекалық несиелер, кейінге қалдырылмайтын мақсаттарға берілген несиелерді
жатқызады.
Ал батыстағы банктік тәжірбиеде тұтыну несиелерінің мағынасы Ресейден
ерекшелінеді, яғни жеке қарыз алушыларға тұтыну тауарларын алу үшін және
сәйкес қызметтерге ақы төлеу үшін берілген несиелер.
Тұтыну несиесінің негізгі ерекшеліктеріне келетін болсақ, мүлік құнының
70-75% мөлшерінде беріледі; алынған несие белгілі бір уақыт өткеннен кейін
және бірдей бөліктермен өтеледі; ал егер, несие уақытында өтелмесе, банк өз
талабын несиеге алынған мүлік арқылы қанағаттандыруға құқы бар.
Тұтыну қажеттіліктеріне арналған несиені алу үшін несие алушы банкке
несиелік арыз ұсынуы қажет және онда несиенің түрін, несиенің соммасын,
несиенің қамтамасыз етілуін, несиенің мерзімін көрсетеді. Ал, банк өз
тарапынан несие алушының несиелік қабілеттілігін зерттейді, яғни табыс
деңгейі мен олардың көздерін қарастырады. Ол үшін банк қарыз алушының
жалақысы туралы анықтаманы және басқа да табыс көздері туралы мәліметтерді
талап етеді. Егер, банк осы мәліметтерді зерттей отырып, несие алушының
несиені өтей алатынына күмәнданса, онда қарыз алушыдан кепіл немесе
кепілдемені талап етеді.

1.2. Тұтыну несиесінің түрлері

Тұтыну несиелерінің бірнеше түрлері бар және дамыған елдерде олардың
саны артуда. Тұтыну несиесінің жіктелінуінің мынадай нышандары бар: қарыз
алушының типі, өтеу мерзімі, өтеу әдісі, несиені пайдаланудың мақсатты
бағытталуы, несиелеу объектілері, көлеміне байланысты және тағы басқа.
Дамыған батыс елдерінде несиелеу объектілеріне қарай тұтыну несиесі —
кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге, бағалы қағаздарды кепілге ала
отырып берілетін, үйлерді салуға және сатып алуға, жекелеген тұрғын үйлерді
жөндеуге және олардың газ, су және тағы басқа жүйелерге қосылуына берілетін
несиелер деп бөлінеді. Сонымен қатар, ауылды жерлерде тұратын азаматтарға
жеке қосалқы шаруашылығындағы жұмытарды жүргізу үшін,шағын механизация
құралдарын алуға және мал мен үй құстарын ұстау үшін, аула құрылыстарын
салуға несиелер беріледі. Сонымен қатар, бау-бақша өсірушілік
кооперативтеріне және серіктестіктеріне кіретін мүшелердің әртүрлі
мақсаттарына ұзақ мерзімді несиелер, яғни автокөліктер және басқа да ұзақ
мерзім қолданылатын тауарлар сатып алуға, шаруашылықта қажет үй жануарларын
сатып алуға және тағы басқа қажеттіліктерге беріледі.
Тұтыну несиелері төмендегідей түрлері бар:
Несиелік мәміленің субъектілеріне байланысты (кредитор мен қарыз алушы
сипаты бойынша):
• Банктік тұтыну несиелері;
• Сауда ұйымдарымен халыққа берілетін қарыздар;
• Банктік емес типтегі несие мекемелерімен берілетін тұтыну несиелері
(ломбардтар, жалға беру пунктері, несиелік кооперативтер, құрылыс
қоғамдары, зейнетақы қорлары және тағы басқалар);
• Жеке тұлғалармен берілетін, жеке тұтыну несиелері;
• Қарыз алушы жұмыс істейтін кәсіпорындардан, ұйымдардан тікелей
алынған тұтыну несиелері.
Несиелеудің мерзіміне қарай тұтыну несиелері былай жіктеледі: қысқа
мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді, талап еткенге дейінгі несиелер.
Отандық банктер тәжірбиесінде банктік несиелердің пайдалану мерзіміне
қарай бөлінуі:
• Қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
• Орта мерзімді (1 жылдан 3 жылға дейін);
• Ұзақ мерзімді (3 жылдан жоғары).
Талап еткенге дейінгі несиелерді онкольдік деп те атайды. Мұндай
несиелерді қарыз алушы банк талап еткенде бірден өтеуі тиіс, ал банк талап
етпеген жағдайда өзіне қолайлы уақыттта өтей алады.
Қазақстан Республикасында тұтыну несиесінің ауқымды даму тенденциялары
туралы 1-кестеде келтірілген мәліметтер нақты деректер бере алады. Кестеде
көрсетілгендей 2001 жылы берілген несиелердің барлық сомасы 20 822 млн.
теңге құрады, соның ішінде, халыққа берілген тұтыну несиелерінің 56%-ті
ұзақ мерзімге және 44%-ті қысқа мерзімге берілген. Ал 2003 жылы бұл
көрсеткіштер сәйкесінше 100 635 млн. тенге,82,4% және 17,6% болды.

Кесте №1
Қазақстан банктері берген тұтыну несиелерінің қөлемі
Мерзім бойынша2001 жыл 2002 жыл 2003 жыл
несиелер
түрлері
Млн. тенге Млн. тенге Млн. тенге
I. Барлығы 20 822 42 249 100 635
(KZT)
Соның ішінде:
Қысқа 9 209 14 058 17 731
мерзімді
Ұзақ мерзімді 11 613 28 191 82 904

Тұтыну несиесін беру тәсіліне байланысты мақсатты және мақсатсыз
(овердрафт, кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге) деп бөлінеді.
Қарыздардың қамтамасыз етілуіне байланысты қамтамасыз етілген
(сақтандырылған немесе кепілмен қамтамасыз етілген) және қамтамасыз
етілмеген (бланктік) болып бөлінеді. Банк берген несиенің қамтамасыз
етілуін талап етеді, соның негізгі себебі, егер несие алушы несиені
уақытылы, толығымен қайтармаған, қайтара алмаған жағдайдағы шығындалу
тәукелімен байланысты. Несиелік шарттың негізіне несиенің мақсаты жатуы
тиіс. Тәжірбиеде несиені банк несиелейтін объектілермен қамтамасыз етеді:
тауар-материалды және басқа да құндылықтар.
Банктік несиені:
1. меншікті кепілге алу арқылы;
2. кепілдеме, кепілдік (гарантия, поручительство) арқылы;
3. үшінші тұлғаға клиенттің дебиторлық шоттары мен талаптарын,
келісім шарттарын банк пайдасына қарай беру(переуступка) арқылы;
4. клиенттің несие бойынша жауапкершілігін сақтандыру келісім шарты
арқылы;
5. бағалы қағаздармен, тауарлы және жолдық құжаттармен қамтамасыз
етуге;
6. вексельдермен қамтамасыз етуге;
7. өмірді сақтандыру полюстерімен қамтамасыз етуге болады.
Өтеу әдісіне байланысты:
1. бөліп қайтарылатын;
2. мерзім соңында толық қайтарылатын болып бөлінеді;
Мерзім соңында толық қайтарылатын несиенің ерекшелігі, негізгі қарыз
және ол бойынша пайыз бірге, бір уақытта төленеді. Оған мысал ретінде ескі
және жаңа үй құнының айырмасы сомасына жеке тұлғаларға жаңа үй сатып алу
үшін берілетін несие.
Бөліп қайтарылатын несиелерге: қарызды тұрақты кезеңдер бойнша өтеу (әр
ай сайын, әр тоқсан сайын және тағы басқа); қарызды тұрақсыз периодтар
бойынша өтеу (қарызды өтеу барысындағы бөліктер белгілі бір факторларға
байланысты өзгеріп отырады (азаяды немесе көбейеді)). Бөліп қайтарылатын
несиелер мәміленің жүзеге асу мерзімінде бөліктеп қарыздың соммасын есептен
шығару принципі бойынша беріледі. Несиені бұл жолмен қайтару клиент үшін
мерзім соңында бірден қайтаруға қарағанда жеңіл болады. Банк үшін де бұл
жол тиімдірек, себебі несиенің айналымын тездету арқылы және несиелік
ресурстарды босату арқылы банктің өтімділігін жоғарлатады.
Пайыздарды төлеу әдістеріне байланысты несиелер:
1. Пайыздар несиені беру уақытында төленетін несиелер;
2. Пайыздары несиені өтеу уақытында төленетін несиелер;
3. Несиені пайдалану мерзімі бойынша пайыздар бірдей бөліктер арқылы
(әр тоқсан сайын, жарты жылда бір рет немесе арнайы келісілген
график бойынша) төленетін несиелер;
Қаражаттардың айналымы сипатына байланысты несиелер:
1. Біржолғы несиелер;
2. Жаңартылған (револьверлі, роллеверлі) болып бөлінеді. Револьверді
несиелер тобына негізінен несиелік карталар, немесе овердрафт формасындағы
активтік-пассивтік шоттар бойынша берілетін несиелер жатады. Әлемдік
тәжірбиеде жеке тұлғалардың талап еткенге дейінгі шоттары бойынша несиелік
желілер аз тараған, бірақ олар несиелік карталар бойынша берілген несиелер
сияқты қолданылады. Клиенттер шотындағы қалдықтан көп қаражаттарға чек
жазып бере алады (чектік несие), бірақ банкке овердрафт қолданғаны үшін
пайыздар төлеуі тиіс.
Оған мысал ретінде АҚШ-тың тәжірбиесін келтіруге болады. АҚШ банк
жүйесінде тұтыну несиесін үш топқа:
1. Бөліп қайтарылатын несиелер;
2. Револьверлі несиелер;
3. Бөліп қайтарылмайтын несиелер деп бөледі.
Бөліп қайтарылатын несиелер шартты пайыздарды және қарызды белгілі бір
мерзім сайын төлеу. Әдетте, бұл несие қарыз алушы тауарларды сатып алу үшін
немесе басқа шығындарын жабу үшін және әр ай сайын бірдей бөліктер арқылы
өтеу шартымен беріледі. Несие карточкалары және овердрафт бойынша берілген
несиелерді де шартты түрде осы топқа жатқызуға болады, себебі бұлар бойынша
да белгілі бір мерзім сайын өтеледі. Бірақ, олардың өз ерекшеліктері бар.
АҚШ-та бөліп қайтарылатын несиелерді өтеу мерзімі 2-5 жыл аралығында
болады. Ал несиеге берілетін сомалар мөлшері үлкен диапозонда ауытқиды.
Мұндай несиелер аз соммаларға берілсе де, несиелеу объектілеріне
автокөліктер, яхталар, ұшақтар және басқа да 100 мың доллардан көп тұратын
заттарды сатып алуға берілуі мүмкін.
Револьверді несиелерге қарағанда, бөліп қайтарылатын несиелердің
қамтамасыз етілу деңгейі жоғары болады.
Бөліп қайтарылатын несиелер банктік несиенің тікелей және жанама
формасында берілуі мүмкін. Тікелей несиелеу кезінде банк пен қарыз алушы
арасында несиелік шарт жасалады. Ал, жанама несиелеу делдал арқылы
жүргізіледі, көбінесе делдал ролін бөлшек саудамен айналысатын кәсіпорындар
атқарады. Бұл жағдайда несиелік шарт қарыз алушы және заңды тұлға арасында
жасалады да, осы заңды тұлға банктен несие алады. Жанама несиелеудің кең
тарағанына мысал келтірсек, АҚШ-та автокөлік сатып алуға берілетін
несиелердің 60%-ы жанама формада беріледі.
Біздің елімізде сауда ұйымдары арқылы халықты несиелеу дамуда. Сатып
алушылар қымбат тауарларды (автокөліктерді, тоңазытқыштарды, кір жуғыш
машиналарды, компьютерлерді және тағы басқа ұзақ мерзім қолданатын
тауарларды), көбінесе, бөліп қайтарылатын несие арқылы алуда.
Ипотекалық несие — бұл қозғалмайтын мүліктерді кепілге ала отырып, ұзақ
мерзімге берілетін несиенің түрі болып табылады. Қамтамасыз етілген
несиелер, банктік несиелермен салыстырғанда банктер үшін қауіпсіз, яғни
несиенің қайтарылмай қалған жағдайында банк кепілге алған мүліктерін сата
отырып, өз қаражаттарын қайтарып алады.
Классикалық түсінікте, ипотека — бұл тек несие беру ғана емес, сондай-
ақ салынған мүлік тауарлы актілермен қамтамасыз етілген облигациялар
шығарумен байланысты қосымша несиелік ресурстар тарту тәсілін білдіреді.
Ипотекалық несиелеу процессі екі түрде жүзеге асырылуы мүмкін:
1) тұрғын үй құрылысын несиелеу;
2) халықтың тұрғын үй сатып алуына ұзақ мерзімді несие беру.
АҚШ-та 20 ғасыр басында жылжымайтын мүлік нарығын дамыту арқылы елді
қаржылық дағдарыстан шығаруға болатынын түсініп, экономиканың бұл сферасына
ірі қаржы ресурстарын тарту мақсатында, құрылымдық өзгерістер жүзеге
асырылған болатын. Ең алғашқы тұрғын үй иелерінің корпорациясы құрылып, 20
мың доллардан аспайтын тұрғын үйлермен ипотекалық несиелерді сатып алу үшін
18 жылдық кезеңге екі млрд. доллар салынған, осының есебінен банктер
меншікті тұрғын үй сатып алуды қажет ететіндерге несие мерзімін созуға
мүмкіндік алды. Содан кейін ипотекалық несиелерді сақтандыратын Федералды
тұрғын үй әкімшілігі құрылды, сонымен — ипотекалық несиенің Федералды
ұлттық ассоциациясы — Фэнни Мей (Federal National Mortage Association)
құрылды.
Ал, ФРГ-де тұрғын үйлерді салуды кешенді қаржыландыру үшін банктердегі
халықтардың жинақтарын қамтамасыз ететін ипотекалық жүйе 100 жылдан астам
жұмыс істеуде.
Ресей Федерациясында ипотекалық жүйені дамыту үшін заңды негіз және
механизмдер жасалуда.
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуі ипотеканың дамуына
әсерін тигізіп, біздің елімізге лайықты модельдің қалыптастыру процессі
басталды.
Қазіргі уақытта, орташа қазақстандық отбасының жылдық шығындарының
нақты экономикалық мөлшері табыстарының мөлшерінен аз болып отыр. Ал, бұл
ақша қаражаттарын қорландыруға мүмкіндік береді. Көбінесе, бұл қаражаттар
банктердегі салымдар ретінде немесе жылжымайтын мүлік сатып алу арқылы
сақталады.
Ипотека — дамыған елдердегі қаржылық операциялардың кең тараған түрі.
Бұл операцияларда халықтың көп бөлігі қатысады, тұрғын үй салуды ипотекалық
несиелеу банктің өтімді активтерінің бірі болып табылады.
Сызба-1
Дамыған елдердегі ипотекалық несиелердің жіктелуі

Дамыған елдерде ипотекалық несиелеудің схемалары әртүрлі болады, бірақ
негізінен америка және неміс елдерінің схемалары қолданылады.
Ипотекалық несиелеудің американдық схемасы банктік несие негізінде
құрылып, белгілі бір құрылысқа байланыссыз болады. Мысал келтіретін болсақ,
клиент банкке тұрғылықты үй сатып алу мақсатында несие алу өтінішімен
келеді. Өз алдына, банк несие алушының несиелік тарихын зерттейді, және
негізінен бұрыңғы несиелер бойынша өз мойнына алған міндеттемелердің
орындалуын қарастырады. Егер, несие алушы банктің қойған талаптарына сәйкес
келетін болса, онда клиент тұрғын үй алу мақсатына, өзі қайтара алатын
несие сомасын алады. Несие сомасын анықтау барысында клиенттің жасы,
білімі, жұмысы, ағымдағы табысы және оның өзгеру мүмкіндігі үлкен роль
атқарады.
Несие алушының келесі қадамы несие сомасы шегіне сәйкес келетін тұрғын
үй іздеу. Тұрғын үйді өзі немесе делдал фирмалар іздеу
мүмкін.Телекоммуникацияның дамуына байланысты, қазіргі кезде, дамыған
елдердің кез-келген бөлігіндегі тұрғын үй нарығын зерттеп білу көп қиындық
туғызбайды. Сондықтан болар, АҚШ-та миграция деңгейі өте жоғары дәрежеде
болып отыр. Ипотеканың американдық схемасы бойынша қозғалмайтын мүлікті
сатып алуға берілген несие сомасы толық өтелмесе де, оны сатуға мүмкіндік
беріледі. бұл жағдайда қозғалмайтын мүлікке заклад актісі сатылады.
Ал, ипотеканың неміс схемасы американдықпен салыстырғанда икемсіз
болып саналады. Бұл схема банктік капиталды тартуға емес, ал ипотека
қатысушыларының ақша-қаражаттарын коллективті салу қоғамдарынан құрылған.
Классикалық неміс схемасы бойынша пәтерді сатып алу үшін бірнеше жыл
қатарынан қоғамдық салымдарды уақытында төлеп отыру қажет. Бұл пәтер сатып
алушының дәлеттелігіне және мақсаттылығына деген емтихан ретінде
қарастырылады. Болашақта сатып алынатын пәтер бағасының жартысын жинағаннан
соң ғана, қоғам мүшесі таңдаған пәтеріне көшуге құқық беріледі де, ол
қалған соманы, әдетте он жыл ішінде өтеуі қажет. Пәтердің құнын өтегеннен
кейін қоғам мүшесі пәтердің иесі болады.Пәтерді таңдау бірқатар ережелермен
шектеледі, біріншіден, тек осы салған пәтерлерден таңдауға болады. Іс
жүзінде, бұл қоғам өз қатысушыларының ақша-қаражаттарын қолдана отырып,
тұрғын үйдің заказ берушісі болып табылады. Бұл жағдай құрылыс
компанияларына өте тиімді, себебі олар қоғамның халықтан жинаған ақшаларын
пайдаланып, құрылыс көлемін көбейтеді. Қазіргі кезде көптеген Қазақстандық
коммерциялық банктер ипотекалық несиелеудің әдістерін енгізуде.

2-тарау. Коммерциялық банктерде тұтыну несиелерін беру тәртібі

2.1. Жеке тұлғалардың несиелік қабілеті және оны бағалау әдісі

Екінші деңгейдегі коммерциялық банктер клиентінің несиелік қабілеті —
деп қарыз алушының қарыз міндеттемелері бойынша (негізгі қарыз және
пайыздар) толық және уақытылы есеп айырысу қабілетін айтады.
Жеке тұлғалардың несиелік қабілетін бағалау талап етілетін сомамен
қарыз алушының жекелеген табысының қатынасы, жеке меншігі мен қаржылық
жағдайын жалпы бағалауға, отбасы мүшелерінің санына, клиенттің несиелік
тарихын зерттеумен байланысты.
Коммерциялық банк несие алушының өткен жылдардағы қаржылық жағдайына
және банкпен берілген несиенің несиелік мерзімі кезіндегі
перспективаларына, болашақтағы қаржылық жағдайына талдау жасайды. Банк
нарықты зерттей отырып, несие алушының қаржылық жағдайын және елдің жалпы
экономикалық жағдайын ескеруі қажет.
Бұл жерде банкпен жүргізілетін: төлем қабілеттілікті бағалауға, несие
қабілеттілікке және қаржылық тұрақтылыққа сараптама жасау жұмысы үлкен роль
атқарады.
Несие қабілеттілікке сараптама жүргізу әрбір банкте кеңінен қолдануда,
бірақ бұл жүргізілетін сараптамалар тек корпоративтік клиенттерге
бағытталған.
Өкінішке орай, екінші деңгейдегі банктер жеке тұлғалармен қарым-
қатынаста, яғни жеке несие алушыларға дәл осындай сараптама жүргізуге қажет
көңіл бөлмеуде. Ең көп дегенде, бұл сараптамалар несие берудің алғашқы
кезеңінде жүргізіліп, кері мәнге ие болған жағдайда несие бермеу шешімін
қабылдаумен аяқталады.
Жеке несие алушының несие қабілеттіне сараптама жүргізу мақсаты — жеке
тұлғаны несиелеу кезіндегі мүмкін тәуекелді анықтау. Банк барлық
тәуекелдерді еске алып, өзін сақтандыруға тырысқанымен барлық тәуекелдерді
нөлге теңеу мүмкін емес.
Сондықтан банк несие бере отырып, тәуекелге әкелетін барлық факторларды
терең зерттеу қажеттілігімен кездеседі. Әрбір жеке жағдайда банк тәуекел
деңгейін, және белгілі тәуекелдерге байланысты ұсына алатын соманы анықтауы
қажет.
Жеке тұлғаның несиелік қарызды қайтаруын қарастырғанда, тек оның өткен
жылдардағы және болашақтағы қаржылық жағдайын тексеріп қана қоймайды.
Менеджер несие алушының барлық мүмкіндіктерді қарастыруы қажет. Себебі
материалды жағдайы жақсы клиенттер кей жағдаиларда несие шарттарын
бұлжытпай орындауға дайындылығын көрсете отырып, кейін бұл шарттарды бұзуы
мүмкін. Сондықтан, несие алушының репутациясын да, жеке басының
ерекшеліктерін де қарастыру қажеттілігі туады. Ал ол болса, көлемі үлкен
қаражаттарды, мәліметі көп құжаттарды қажет етеді.
Қазақстан банктері Батыс елдер тәжірбиесінде кеңінен қолданылатын
несиелік Скоринг жүйесін көп қолданбайды. Бұл жүйе жеке тұлғаның
репутациясын анықтау процесін жеңілдетеді. Және де несиелік Скоринг
жүйесі әрбір банктің саясатына, қолданатын заңдылықтарына, несие алушылар
сипатына байланысты жасалуы қажет.
Несиелік Скоринг әдісін 1940 жылы американдық Д.Дюран экономисті
ұсынған болатын.
Оның көзқарасы бойынша, төмендегі факторлар тобы тұтыну несиесін беру
кезінде барлық дерлік тәуекелдердің деңгейін анықтау мүмкіндігін береді:
1. Жасы: 20 жастан асқан әрбір жылға — 0,1 балл беріледі;
2. Жынысы: әйелдерге -0,40 балл, ерлерге — 0 балл;
3. Тұрығылықты жерде өмір сүру мерзімі: берілген жерде тұрған әрбір
жыл үшін 0,042 балл;
4. Мамандығы: тәуекелі төмен мамандық үшін -0,55балл, тәуекелі
жоғары мамандық үшін -0 балл, және басқа мамандықтар үшін — 0,16
балл;
5. Салаға байланысты: егер мемлекеттік мекеме, банк және брокерлік
фирмаларға болса — 0,21 балл;
6. Жұмыс бастылығына байланысты (занятось): берілген кәсіпорындарда
жұмыс істеген әр жыл үшін -0,059 балл (максимум 0,59 балл
беріледі);
7.-9. Қаржылық көрсеткіштер: банктік шоты болса — 0,45 балл,
жылжымайтын мүлкі болса — 0,35 балл, өмірін сақтандыру полюсі бар несие
алушыларға -0,19 балл беріледі.
Осы коэффициенттерді қолдана отырып, Д.Дюран жақсы және жаман
клиенттер араларындағы шекараны анықтауға тырысқан. Несие алушы қабілетті
деп саналу үшін жинаған баллдардың сомасы- 1,25 баллдан жоғары болуы қажет.
Ал, 1,25 баллдан төмен жинағандар несиеқабілетті, бірақ банк үшін тиімсіз
деп есептеледі.
Германия, Франция, АҚШ елдердегі коммерциялық банктердің қолданатын
Скоринг жүйелерін салыстырайық, айта кететін жәйт, бір елдегі коммерциялық
банктер жеке несие алушының несиеқабілеттілігін анықтау барысында әртүрлі
әдістерді қолдануы мүмкін. Себебі, әрбір банк несиеқабілеттілікті анықтау
жүйесін дайындау барысында мәмілелердің ерекше шарттарына, банк
приоритетімен, мамандануына, банктің нарықтағы орнына, бәсеке деңгейіне
және тағы басқа жағдайларға сүйенеді.

А. Неміс банктерінің Скоринг-формуляры

  1. Клиенттің қаржылық мүмкіншіліктері:
    • Басқа банктерден жағымсыз ақпараттардың түспеуі-20 балл;
    • Қарызды қайтару мүмкіншілігіне байланысты: егер, 60%-ға дейін-0 балл,
    80%-ға дейін — 10 балл, 100%-ға дейін- 20 балл;
    • Қамтамасыз етуге байланысты: қарыздың 25%-ын жабатын болса — 1 балл, 50%-
    ға дейін- 4 балл, 75%-ға дейін — 7 балл, 100%-ға дейін — 20 балл;
    • Банктердегі салымдар сияқты меншіктері бар болған жағдайда — 10 балл
    беріледі;
    • Өткен уақытта алған несиелеріне байланысты: несиені қолданбаған жағдайда
    — 5 балл, несие келісім шартын бұзса, қайтару мерзімінен кешіктірген
    болса -0 балл, несиені уақытылы қайтарса- 15 балл.
    2. Біліктілікке (квалификация) байланысты: егер, несие алушының біліктілігі
    болмаса -7 балл, қызметкер -9 балл, зейнеткер -13 балл.
    Материалдық қамтамасыз ету жағынан банктің қарастыратын әлеуметтік
    топтарына келетін болсақ: маман ретінде Германдық банктер — материалдық
    өндіріс саласындағы қызметкерді, көмекші персонал ретінде — қызмет көрсету
    саласындағы қызметкерлерді қарастырады. Қоғамды осындай схема бойынша бөлу
    Германияның көптеген банктерімен қолдануда. Ал, АҚШ банктері болса, қоғамды
    тереңірек, яғни несие алушының кәсібіне байланысты бөлуді қолдануда. Ал,
    зейнеткерлерге жоғары балл берілу себебі, Батыс елдердегі әлеуметтік
    қамтамасыз ету жүйесінің жоғары дәрежесімен түсіндіріледі. Әдетте,
    зейнеткерлердің қаражаттары жеткілікті болғандықтан, оларды қамтамасыз
    етілген несие алушылар қатарына қосады.
    3. Соңғы жұмыс берушідегі еңбек ету мерзіміне байланысты: 1 жылға
    дейін -0 балл, 2 жылға дейін -3 балл, 3 жылға дейін -5 балл, 5 жылға
    дейін -8 балл, 5 жылдан жоғары -12 балл, зейнеткерлер -0 балл.
    4. Қызмет ету саласына байланысты: мемлекеттік қызметкер болса — 10 балл,
    басқа сала қызметкері болған жағдайда -6 балл, зейнеткерлерге -0 балл
    беріледі.
    Қызмет ету саласы бойынша бағалау біліктілік бойынша бағалауға
    қарағанда еңбекпен қамтамсыз етілу жағынан ерекшеленеді. Бұл жағынан
    Германиядағы мемлекеттік қызметкерлердің рейтингісі жоғары, себебі, олардың
    әлеуметтік қорғалуы, яғни жұмыс орнынан босатылған жағдайда төлемқабілетіне
    байланысты тәуекелдер төмен болады.
    5. Жасына байланысты: 20 жасқа дейін — 0 балл, 25 жасқа дейін -2 балл, 30
    жас — 4 балл, 35 жас — 8 балл, 50 жас — 9 балл, 60 жас -11 балл, 60
    жастан жоғары — 16 балл.
    6. Жанұя жағдайына байланысты: басы бос болса -8 балл, үйленген болса -14
    балл, ажырасқан болса -8 балл, түл ер болса (вдовец) -8 балл.
    7. Тұрғылықты жеріне байланысты: өз баспанасы болса -10 балл, не пәтерді,
    не үйді жалдап тұратын болса -5 балл, өз баспанасы мүлдем болмаса -0
    балл беріледі.
    8. Асырауындағы адамдар санына байланысты: егер, ондайлар жоқ болса -10
    балл, біреу болса -7 балл, екеу болса -5 балл, үшеу болса -2 балл,
    үшеуден жоғары болса -0 балл.
    Банктің шешімі былай анықталады: егер, несие алушы 80 балл жинайтын
    болса, несие беру туралы шешім несиелік қызметкердің өзі қабылдай алады.
    Ал, егер несие алушы 61-80 балл жинаса, несие беру туралы шешімді қабылдау
    үшін жоғары лауазымды тұлғаның келісімі қажет. Ал, егер несие алушы 61
    баллдан төмен жинайтын болса, несие бермеу туралы шешім қабылданады.
    Б. Францияда қолданылатын Скоринг жүйесі
    Францияда жеке тұлғалардың несиелік қабілетін бағалау- скоринг жүйесі —
    үш бөлімнен тұрады: несие туралы; клиент туралы, клиенттің қаржылық жағдайы
    туралы мәліметтер.
    Бірінші бөлімге несие беруші қызметкер туралы мәліметтер, клиенттің
    досьесінің нөмері, агенттіктің атауы, несиенің түрі мен соммасы, оны өтеу
    мерзімділігі, сақтандыру төлемдерінсіз проценттік ставкалары, қарызды беру
    күні, оны қайтару үшін клиенттің таңдаған күні мен айы, сақтандырудың
    қажеттілігі жайлы туатын сұрақтарға жауаптар, сақтандыру төлемімен немесе
    сақтандыру төлемінсіз ай сайынғы қарызды өтеудің абсолютті өлшемі, банкке
    төленетін сақтандыру төлемдері мен пайыздардың жалпы сомасы туралы
    мәліметтер енгізіледі.
    Екінші бөлімге клиенттің мамандығы, оның белгілі бір әлеуметтік топқа
    жатуы, клиентке жұмыс беруші туралы, таза жылдық табысы, жылдық шығындар,
    еңбек стажы туралы мәліметтер жазылады.
    Үшінші бөлім табыс пен шығыстардың қатынасынан, жинақ және ағымдағы
    шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтерден тұрады.
    Осы аталған мәліметтерді енгізу негізінде банк қызметкері несие беруге
    болатыны туралы қорытынды алады. Ал, керісінше жауап болған жағдайда, қарыз
    беру мүмкіншілігі қосымша қарастыру үшін, банк агенттігі клиентті өз
    дирекциясына жібереді.
    Креди Агриколь банкісінің несие алушысы рейтингісі.
    Бұл банкте жеке тұлғаларға төмендегідей мазмұнды анкетаны толтыру
    ұсынылады:
    • Несиенің мақсаты: несие ақшалай түрде берілсе 0 баллдан басталып,
    автокөлік алғанда 100 баллға дейін беріледі;
    • Несие алушының мәмілені қаржыландыруға қатысуы: қолма-қол ақша
    түрінде 10%-дан төмен — 0 балл, 10%-дан 45%-ға дейін — 30 балл, 45%-
    дан жоғары төленген жағдайда -50 балл беріледі;
    • Жанұя жағдайы: ажырасқандарға 0 баллдан бастап, жанұясы мен үш
    баласы барларға -60 балға дейін беріледі;
    • Жасы: 25 жасқа дейінгілерге 0 баллдан бастап, 60 жастан асқандарға
    100 баллға дейін береді;
    • Мамандығы: студенттерге 0 баллдан бастап, мемлекеттік қызметкерлерге
    100 баллға дейін береді;
    • Жұмыс бастылық: стажы бір жылға дейінгілерге 0 баллдан бастап, стажы
    төрт жылдан асқандарға 100 баллға дейін берілуі мүмкін;
    • Таза жылдық табысы: 60 мың франкке дейін -0 балл және 160 мың
    франктен жоғары табыстыларға 100 баллға дейін береді;
    • Жылжымайтын мүлікті иеленуіне байланысты: пәтерді жалдайтын болса 0
    балл, ал өз меншігіндегі үйі болса 80 балл;
    • Несиенің мерзімі бойынша: бір жылға дейін мерзімдегі несиелер- 140
    балл, екі жылдан жоғары мерзімдегі несиелер — 0 балл;
    • банктік шоттағы қалдық сомасы бойынша: егер, қалдық бес мың франктен
    төмен болса- 0 балл, елу мың франктен жоғары қалдық үшін — 150 балл
    беріледі.
    Егер, несие алушы 510 баллдан жоғары жинайтын болса, несие беру шешімі
    қабылданады. 380-510 балл жинаған несие алушылардың несие келісім шарттары
    қайта қаралады (сомасы, несие мерзімі, гарантиясы өзгертілуі мүмкін). Егер,
    несие алушы рейтингісі 380 баллдан төмен болса, банк несие беруден бас
    тартады.

В. Американдық банкте несие алушының несие қабілеттілігін анықтау

  1. Кәсіп түрі:
    • Бизнесмен, дәрігер, мұғалім — 7 балл;
    • Ғалым, фермер, мекеме жұмысшысы — 5 балл;
    • Медбике, білікті қызметкер, журналист — 5 балл;
    • Әскери қызметкер — 4 балл;
    • Шаштраз, сыпрынды жинаушы — 3 балл;
    • Жүк тиеуші, гараж қызметкері — 2 балл;
    • Суретші, музыкант — 1 балл;
    • Коммивояжер, таксист — 0 балл.
    2. Жұмыс істеу стажы:
    • Несие алу уақытындағы жұмыста екі жылдан астам жұмыс істесе — 2
    балл;
    • Осы уақыттан орнында жеті жылдан астам уақыт жұмыс істесе — 5 балл;
    • Өткен жұмыс орнында он жылдан аз уақыт жұмыс істесе -5 балл;
    3. Пәтер үй жағдайлары:
    • Өз үйі болса — 5 балл;
    • Пәтерді немесе тұрғын үйді жалға алатын болса — 3 балл;
    • Ата-анасымен бірге тұрса -3 балл;
    • Бір немесе бірнеше бөлмені, трейлерді жалға алатын болса -0 балл.
    4. Берілген жерде тұруына байланысты:
    • Бес жылдан артық уақыт тұрған болса — 3 балл;
    • Екі жылдан бес жылға дейін — 2 балл;
    • Екі жылға дейін -1 балл.
    5. Жанұя жағдайына байланысты:
    • Үйленген; түл ер болса -5 балл;
    • Жалғыз әйел — 5 балл;
    • Жалғыз ер адам болса — 3 балл;
    • Ажырасқан әйел — 2 балл;
    • Ажырасқан ер адам — 0 балл.
    6.Апталық ақысына байланысты:
    • 200 АҚШ долларынан жоғары болса — 5 балл;
    • 101 АҚШ долларынан 200 АҚШ долларына дейін — 4 балл;
    • 91 АҚШ долларынан 100 АҚШ долларына дейін — 3 балл;
    • 76 АҚШ долларынан 90 АҚШ долларына дейін — 2 балл;
    • 61 АҚШ долларынан 75 АҚШ долларына дейін — 1 балл;
    • 61 АҚШ долларынан төмен — 0 балл.
    7.Банктік шоттың болуына байланысты:
    • Ағымдағы және жинақтаушы шоттар — 6 балл;
    • Жинақтаушы шоттар — 3 балл;
    • Ағымдағы шотттар — 2 балл.
    7. Несиелік сипаттамасына байланысты:
    • Бензинге берілген екі несиелік карточкалары — 4 балл;
    • Дүкендердің екі несиелік карточкалары — 2 балл;
    • Бір қаржылық фирманың сипаттамасы — 2 балл;
    • Бір зергерлік дүкеннің сипаттамасы -2 балл;
    • Екі қаржылық фирманың сипаттамасы — 4 балл;
    • Екі зергерлік дүкеннің сипаттамасы — 4 балл.
    Осындай әдіспен несие алушының несиеқабілеттілігін анықтау барысында 30
    балл жиналатын болса, АҚШ банкирлері несие беру өте үлкен тәуекел деп
    есептейді. Ал, егер баллдар сомасы 13-тен аз болса, несие бермеу шешімі
    автоматты түрде қабылданады.
    АҚШ-та жеке тұлғалардың несиелік қабілетін бағалау дүкендерден несиеге
    алған тауарларымен байланысты клиенттің несиелік тарихын зерттеуге
    негізделеді. Қарыз беру өтінішіндегі бар мәліметтер де банкпен есепке
    алынады. Оларға: аты-жөні, мекен-жайы және әлеуметтік қамсыздандыру номері
    жатады. Осы аталған негізгі үш мәлімет бойынша несие карточкаларын шығарушы
    банктерден, ұйымдардан және үй иелерінен клиенттің төлемсіздік болған
    жағдайлар туралы мағлұмат жиналады. Банк төлемсіздік болған қарыз мөлшерін
    және қарыз санын, оны өтеу мерзімін және өтеу әдісін қарастырып, клиенттің
    несиелік тарихын қалыптастырады.
    Американдық банктермен жеке тұлғалардың несиелік қабілетін бағалауға
    тек клиенттің несиелік тарихын зерттеумен шектелмейді, сонымен қатар,
    мынадай көрсеткіштер де қарастырылады: қарыз бен табыстың қатынасы,
    табыстың тұрақтылығы және бір жұмыс орнында қызмет ету ұзақтығы, капитал
    мөлшері.
    Клиенттің несиелік қабілеттілігін талдаудың негізгі мақсаты оның өткен
    кездегі, қазіргі, болашақтағы қаржылық жағдайын нақты бағалау үшін қажетті
    мәліметтерді алу үшін керек. Өткен кездегі және қазіргі кездегі қызметін
    бағалау болашақты болжау үшін қажет. Бірақ, клиенттің неселік келісім шарт
    бойынша қарызды қайтаруға дайындығы және қабілеттілігі туралы банктің сенім
    дәрежесі әртүрлі факторларға байланысты болады.
    Несиелеу процесі келісілген мерзімде қарызды қайтармаумен байланысты
    көптеген және көпжақты факторларға тәуелді. Экономикалық циклдің ауытқулары
    клиенттің табысына, тұтынушылардың және іскерлік әлем көңіл-күйіне әсер
    етеді. Кейбір тәуекелдер түсіндіруге келе бермейтін субъективті
    жағдайлардан туындайды.
    Банк несие бере отырып, қарызды өтемеуге әкелетін факторларды зерттеуі
    қажет. Бұдан клиенттің несиелік шарт бойынша қарызды қайтаруға дайындығы
    және қабілеттілігіне деген банктің сенім дәрежесі тәуелді.
    Жалпы клиенттің қаржылық жағдайын талдаудың көптеген әдістері бар. АҚШ-
    тың банктік жүйесіндегі алты СИ ережесі қолданылады. Бұл ереже
    көрсеткіштеріне:
    1) Character — қарыз алушы сипаттамасы;
    2) Capacity-қабілеттілік;
    3) Cash — ақша қаражаттары;
    4) Collateral- қамтамасыз ету;
    5) Conditions- жағдай;
    6) Control- бақылау.
  2. Қарыз алушының сипаттамасы. Несиелік инспектордың несие алушының
    несиені мақсатты жұмсайтыны және қайтаратындығы туралы күмәні болмауы
    керек. Егер, инспектордың сұралып отырған несиенің жұмсалу мақсатын
    түсінбеу орын алса, бұл мәселе нақтыланып, қарастырылуы қажет. Бұл жағдайда
    да несиелік инспектор клиенттің алған несиесіне жауапты қарайтынын,
    қойылған сұрақтарға шынайы жауап беретін және несие бойынша міндеттемелерін
    қайтаруға бар күш-қуатын салуға дайын екенін анықтауы қажет. Клиенттің
    жауапкершілігін, шынайылығын, барлық міндеттемелерін жабу ниетін несиелік
    инспекторлар қарыз алушының сипаты деп атайды.
    Егер, несиелік инспектордың клиенттің барлық құжаттарын қарастырғаннан
    кейін, сұхбаттан кейін күмәні қалатын болса, несие алушыға несие берілмеуі
    қажет, себебі, кейін банк өтелуі күмәнді мәселелі несиемен кездесуі
    ықтимал.
    2.Қаржыларды қарызға алу қабілеті. Несиелік инспекторлар несие
    алушының несиелік арыз беруге және несиелік келісім шартқа қол қоюға құқы
    бар екеніне көз жеткізуі керек. Осыны қаржыларды қарызға алу қабілеті деп
    атайды. Мысалы, АҚШ-тың көптеген штаттарында, Ресейдің аймақтарында
    кәмелеттік жасқа толмағандар (18 және 21 жасқа толмағандар) несиелік
    шарттар бойынша жауап бере алмайды. Сондықтан, банк несие соммасын өндіріп
    алу кезінде қиындықтарға кездеседі.
    Несие инспекторы несие алуға келген басшылардың немесе компаниялардың
    өкілетті тұлғаларының компания атынан несиелік келісім шартқа қол қоюға
    және несие алу туралы келіссөз жүргізуге құрылтайшылар құжаттарымен,
    директорлар кеңесімен берілген құзыры бар екеніне көзі жетуі қажет.
    Несиелік инспектор несиелік келісім шартқа қол қоюға құзыры бар тұлғаларды
    анықтау үшін, фирманың құрылтайшылар шарттарымен және жарғымен танысуы
    керек.
    3. Ақша қаражаттары. Несиелік өтінішті қарастырғанда қарыз алушының
    несиені өтеу қабілеті анықталады. Жалпы қарыз алушы үшін несиені өтеудің үш
    көзі бар:
    а) қолма-қол ақша ағыны;
    б) активтерді сату және жою (ликвидация);
    в) қаржыларды тарту.
    Аталған қайнар көздердің кез-келгені несиені өтеуге қажетті қаржылардың
    қалдық соммаларын қамтамасыз ете алады. Бірақ, банктер үшін ең тиімдісі
    қолма-қол ақша ағыны болып табылады. Себебі, активтерді сату барысында
    қарыз алушының балансы бұзылып, ал қаржыларды тарту банктің кредитор
    позициясын нашарлатуы мүмкін. Қолма-қол ақша ағынының жетіспеушілігі
    фирманың қаржылық жағдайының және кредиторлармен қатынасының нашарлауының
    бірден-бір көрсеткіші. Бухгалтерлік есеп тұрғысынан қарасақ:
    Қолма-қол ақша ағыны = Таза пайда+Амортизация+Кредиторлық
    қарыздардың көбеюі —
    Дебиторлық қарыз
    дардың және тауарлы-
    материалдық
    қорлардың көбеюі.
    Бұл формуланың артықшылықтарының бірі оларды банктің несиелік
    инспекторы клиенттің менеджерлер біліктілігі мен дәрежесін, клиент қызмет
    ететін нарықтың жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
    4. Қамтамасыз ету. Несиелік инспектор несие алушының берілген несиені
    қамтамасыз ететін жеткілікті капиталы немесе сапалы активтері туралы
    мәліметтердің шынайы екенін анықтауы қажет. Ол мынадай сипаттамаларға:
    қарыз алушының активтерінің жағдайы мен құрамына, жұмыс істеу мерзіміне көп
    көңіл бөлуі керек. Егер, клиенттің активтері — ескірген құрал-жабдықтар мен
    технологиялар болса, несиені қамтамасыз етудегі құндылығы шамалы. Себебі,
    егер қарыз алушының міндеттемелері бойынша жауап беруге табысы жетпей
    қалса, бұндай активтерді қолма-қол қаржыларға айналдыру қиынға түседі.
    … жалғасы