Қазақстандық боксшы Тищенконы жекпе-жекке шақырды

0

Ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Балоев ресейлік Евгений Тищенконы жекпе-жекке шақырды.

Алидің сөзінше, ол Василий Левиттің Рио Олимпиадасында кеткен есесін қайтарғысы келеді.

— Евгений Тищенкомен жұдырықтасқым келеді. Қарсыласы қайтадан шықпай қалса, оны ауыстыруға дайынмын. Василий Левиттің Олимпиададағы жеңілісі үшін есеп айырысқым келеді», — дейді Балоев. 

Еске салайық, 2016 жылғы Рио Олимпиадасында 91 келіге дейін салмақта өнер көрсеткен ресейлік Евгений Тищенко финалда қазақстандық боксшы Василий Левитті төршілер шешімен жеңген болатын. Алайда ресейліктің жеңісіне көңілі толмаған жанкүйрлер залда ысқырып, өздерінің наразылық білдірген еді. 



Дереккөз: prosports.kz/kz